«ҰРАН» нөмірі 9

Нөмірі 9 октябрь 7 жылан 1917 сейсенбі

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75...

Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше.

Нөмірі 10 тиын

Қазақ азаматтарына

Хан Ордасында «Ордалық окружной сайлау комиссиясы» 21-нші сентябрден бастап учредительный собранияға сайлау қызметіне кірісті. Комиссияның үстіне алынған қызметтері өте ауыр һәм шұғылдықпен атқарылатын қызметтер. Бұндай ауыр істерді жеңілдікпен атқарып жіберу үшін сунақты, білікті, ақиық өте жүйрік адамдар керек. Бұндай адамдарымыз өте аз. Бұндай шұғылдықта сөзіңді уақытында жеткізу, керекті қағаздарды кешіктірмей тиісті орындарға жіберу үшін ел ішінде телефон, телеграм, пошта тағы жоқ. Мысал: қазір Ордалықты сайлау участкаларына бекіту керек.

Мемлекет хәлі

Қазіргі сұрапыл дүния соғысы 3 жасын толтырып, енді 4-нші жасқа аяқ басты. Бұл соғыстың жалқын шарпуына ұшырамаған, онан зиян көрмеген адам жоқ шығар. Біздің сойылымызды ұстап, бізге көмекке шыққан уақ патшалықтардың 4-5-і немістің жұдырығының астында жүндей түтіліп, дүниядан жоғалды, мемлекеттері харап болды, халқы тозғындауға ұшырады. Бұлардан қала, соғыстан ең көп зиян шеккен патшалық бізің Русия болып тұр. Русияның соғысқа құрбан қылған адамының да, ақшасының да есебі, саны жоқ.

Земстуо жайы (басы өткен нөмірде)

Участкоуой (ауылный) сайлау комиссияларының қызметтері:

1) Өзінің ішінен бір членді окружный сайлау комиссиясына жібереді.

2) Сайлау күніне шейін ең кемі бөлмелі бір кең үй әзірлейді.

Қисым комитетінің мөрі басылған сайлау запискаларын әзірлейді. Запискалар салатын түпті әзірлейді.

Округ сайлау комиссияларының қызметі:

1) Өз округінен келген кандидат списоктерін сайлауға он күн қалғанға шейін қабыл етеді.

2) Кандидат списоктеріне берілген уақытына қарай нөмір (мысалы, бірінші берілгеніне бірінші нөмір, екінші берілгеніне екінші нөмір) қойылады.

3) Сайлаудан бір жеті бұрын жиналған кандидат списоктерін нөмірлеп, халықтың көзіне шалынатын жерлерге іліп қояды.

Кандидат списогі қалай болады?

Мысал үшін айталық: Бір сайлау округінан бес гласный сайланбақшы екен. Сол округтағы бір участок (ауылный участок) тың сайлаушылары ең жақсы деген адамдардан бес кісінің аты-жөнін жазып, гласныйлыққа көрсетеді. Сол қағазды окружной комиссияның председателіне тапсыра-ды. Міне, осы жазылған қағазға (кандидат списогы» деп айтылады.

Кандидат списогының аяғына ең кемі он сайлаушы қол қоюы керек.

Сайлаушылардың міндеті:

Еркек болсын, әйел болсын, 20 жасқа толғандардың бәріне де «сайлаушы» деп айтылады. Осы сайлаушылардың атқаратын міндеттері мыналар:

1) 20 жасқа толған әрбір адам өзінің аты-жөнін сайлаушылар списогіне кіргізулері, мұқаят жаздырулары керек.

Бүгінгі борышымыз

Бұрын ұйықтағанда түске енбейтін бостандық, теңдікті көзімізбен көретін заман болды. Бұрынғы уақытта айтуға тіл, ойлауға көңіл батылдық ете алмайтын учредителні собранияның ашылатын уақытына келіп жеттік. Ертең учредителні собрания ашылғалы тұр. Онда жиналған өкілдер халықты билеп сөз айтпақ. Ескі патшалық тәртібін, аяққа тұсау болып тұрған ескі заң-законды жоғалтып, мемлекеттің келешегі үшін айдан жарық жол әзірлесіп, Русияда тіршілік етуші бүтін милет, бүтін халық болып бірігіп мемлекет үшін қайта құрмақ, қайта тікпек. Бұл бостандық қолға оп-оңай тиді деп ойламаңыз!

Ішкі хабарлар Талупкадан

Ескі хүкіметтің жығылып, жаңа хүкіметтің орнасқанына 7 ай болды. Русиядағы әр түрлі халықтар қолдарына бостандық, теңдік тиісімен-ақ ең жақсы деген адамдардан басшылыққа сайлап, ел тізгінін солардың қолдарына тапсырды. Олар алдымыздағы астанаға әзірленіп, сыбағаларын, үлестерін алып қалуға даярланып, қам қылып жатыр. Жақсыларға біздер не жасадық, не жасамадық деп жатырмыз? Талупка бөлімдегі хал көз алдымызда: участковый камитет басындағы жақсылардың халық пайдасы үшін еткен қызметін, халық қамы үшін айтқан жақсы ауыз сөзін жә көзіміз көрген емес.

Бостандық күні (өлең)

Былтырғы өткен жыл

Қайғымен, уайыммен

Сарғайып жүзіміз.

Жылаумен, сықтаумен

Өтіп ед көзіміз.

Тыңдаусыз қалып ед,

Орынды-ақ сөзіміз.

 

Айналып, жақындап,

Міне, күз тағы да.

Келіп тұр, Алашым!

Әділдік, теңдікпен

Жүректің дауалап

Страницы