«ҰРАН» нөмірі 8

Нарын қисымынан

Басқа қисымдарға қарағанда да, біздің Нарын қисымының кемдігі, шабандығы өте күшті: камитет сайлау туралы дау, жанжал осы күнге шейін арылған жоқ. Бұл, 7-9-11-нші волустардан көрініп тұр, пошта жорту ісі бүтіндей тоқталды, азық-түлік камитетін ашып ұқсата алмадық. Астық-шәй іздеп Ордаға шұбырған Нарын кісілері орамда сандалып, кіндік камитетінің еденін аяғымызбен тоздырдық.

Жәнібек – Осы күнде Жәнібек қаласында (бұрын станция еді, енді қала болды) 45 салдат жатыр.

Жәнібек – Осы күнде Жәнібек қаласында (бұрын станция еді, енді қала болды) 45 салдат жатыр. Солардың кейбіреулері қазақ ішіндегі волустарды бағып жүр. Кей біреулері жолдарды тосып, бидай, астық алып қайтқан қазақтарды шырылдатып ұстап, ақша алып босатып жатыр. Кей біреулері жүрегі ұшып қорқып қалған қазақ сорлылардың үйлеріне барып қорқытып, атын мініп, асын ашып жүр. Бармағыңды шайнағанмен не пайда, қолыңды тұcуда тұр.

Биылғы жылы қазақ халқының съез жасауы өте көбейіп кеткендіктен ардақты «Қазақ» газетасы мынаны жазады:

Биылғы жылы біздің қазақ өзгеден кейінде болса да съезге бір жарыды. Енді мұнан бұлай съезді қоя тұрып, іске кіріскеніміз де теріс болмас еді. Алдымызда сан съездер жатыр ғой. Земстуомызды сайлап алып, Земстуо собрание кеңес ашылатын болса, осы күнгі тоқсан тоғыз съезден сол пайдалырақ болар еді.

Асығыс иғлан:

Ішкі Ордаға Земстуо ісіне қанық инструкторлар керек. Айлық уәзифа 300 сом. Жүріп тұратын көлік халықтан. Қызмет 2-3 айға тартылады. Земстуо бөлімдеріне секретарь һәм іс басқарушылар керек және де бойлай тұратын бір аграном керек. Тілегенге адрес мынау:

Ханская ставка, Астрах. губ. Центральный К-тъ Земский Отделъ.

Құрылтайға сайлау туралы иғлан

Құрылтайға сайлау камиссия 21-нші сентябрден бастап іске кірісті. Камиссиясының басы: Б.Ниязов, ағзалары: М.Жұмалиев, Ч.Юсупов, Х.Меңдалиев, А.Мұхамедалиев, Астрахан акружной судясының шілені А.Я.Шубин. Саратау судебный палатасынан екі мировой судья. Камиссия басқармасы: Хан Ордасында Камисар үйінде ертеңгі сағат 10-нан 2-ге шейін, кешкі сағат 6-дан 9-ға шейін әр күн ашық.

Босқын қырғыздарға жәрдем

Қайырғали Қыдыралиев                                    3 сом;

Мифтах мырза Күйінов арқылы жиналған
Мырза Бисәліұғлы                                             1 сом;

Жұмаш Машақ                                                   1 сом;

Бисенғали Мақат                                               1 сом;

Мифтах Күйінов                                                 5 сом; 

Басқармадан:

«Екінші округ қазақтарына арналған бір уагон құм секерін Хұсейін Танашев пен Ғимран Дәулетияров көтере басқаларға сатып жіберіпті» деп жазушы Алаңбайға: аты-жөніңізді һәм адресіңізді анық білдірмегендігіңізден, хатыңыз түгел басылмайды. Біз ол туралы Ордадағы азық-түлік камитеттен һәм Астрахандағы Ішкі Ордалық өкілі Нұралыхановтан сұрасып, анығын білуді өтіндік.

Көзі көргенге: әзірге хатыңызды баса алмадық, айып етпеңіз.

Страницы