«ҰРАН» нөмірі 8

Нөмірі 8 сентябрь 26 жылан 1917 сейсенбі

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75...

Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше.

Нөмірі 10 тиын

Хабарласушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ»

Бостандық күні (өлең)

Былтырғы өткен жыл

Қайғымен, уайыммен

Сарғайып жүзіміз.

Жылаумен, сықтаумен

Өтіп ед көзіміз.

Тыңдаусыз қалып ед,

Орынды-ақ сөзіміз.

 

Айналып, жақындап,

Міне, күз тағы да.

Келіп тұр, Алашым!

Әділдік, теңдікпен

Жүректің дауалап

Зиялылар съезі

Бостандық қолымызға тиді, 21-нші апрелде ішкі Орда қазақтары жи­ налып, жалпы съез жасады. Съез толымды, көлемді болды. Халқымызға, елімізге, жұртымызға пайдалы жақсы қаулылар шығарды. Жиналған халық сол съезде-ақ өзімізден, қазағымыздан ішкі Ордалыққа камисар һәмде кіндік уа қисым комитеттерінің ағзаларын сайлап, тағайындады. Өз елінің жасаған қаулыларын миданға шығаруды, амалға қоюды сол сайлаған адамдарына, сол сайлаған комитеттеріне тапсырып, съез тарады. Бұған енді қазір бес ай толды.

Ішкі Ордалық зиялыларының съезі

Съез, 11-нші сентябрьде басталып 13-нші сентябрь кеш жабылды.

Съез председателі: Сәлімгерей Нұралиханов. Председатель орынбасары Мәжит Шомбалов, жазушы: Мауби Жұмалиев.

Съездің программасы (бағдарламасы – ауд.):

Земстуо жайы

Бұрыннан земстуолы губерналардағы вуолусной земстуо сайлаулары туралы хүкіметтің шығарған тәртібі «Ұранның» 6-7-нші номерлерінде басылды. Енді өзіміздің Ішкі Орда земстуо сайлаулары қалайша болмақ?

Русияда жумһуриет

Халықты бес саусағында қып, ауыздықтап отырған ескі хүкімет һәм Николайды жығып, халық өз тізгінін өз қолдарына алды. Өзгерістен соң Русия мемлекетінің қалайша басқарылатын белгілеуді халық өкілдерінің учрителный собранияның билігіне қалдырып, мемлекетті уақытша басқару үшін жаңа хүкімет сайланды. Бұған енді қазір 7-нші ай. Осы 7 ай ішінде Русиядағы әр түрлі ұлттардың, партиялардың съездері, ең аяғында 12-нші августа бүтін Русия халқының бас қосқан Мәскеу съезі болып озды.

Ішкі хабарлар

Кіндік камитеттің шақыруымен, Саратаудағы халық дар-алфанониның лектірлерінен А.У.Куликов Ішкі Ордалыққа лектір болып тағайындалды. Қазір кіндік камитет құзырында «Земстуо бөлімі» деген бір бөлім ашылып, іске кірісті. Осы бөлімнің ұйғаруы бойынша Саратау халық дар-алфанониның шәкірттерінен (орыстардан) жеті кісі жеті қисымға инструктырлыққа шақыртылып еді. Солардан қазір үш кісі келіп, екеуі екі округқа, біреуі Нарын қисымына жүріп кетті. Қазақтан өзі тілеп инструкторлаушы әзірге біреу: студент Ғ.Мусағалиев. Бұл Тарғын қысымына тағайындалды.

Құрылтайға сайлау камиссиясы

Учредительный собранияға сайлау ісін басқару үшін Ордада бір камиссия құрылды. Камиссияның басы: Б. Ниязов. Ағзалары: кіндік камитеттен 4 кісі: М.Жұмалиев, А.Мұхаммедалиев, Ж(Ш).Юсупов. Меңдәлиев. Астрахан окружной судяның шілені Чурин һәмде Саратау судейный палатасынан екі мировой судья. Камиссия 21-нші сентябрден бастап іске кірісті. Камиссия гласный сайлау туралы жасалған қазіргі сайлау учаскелерін учредительный собранияға да сайлау участкасы болуға жарайды деп қаулы жасады.

Ел азаматтарына ашық хат

Біз ең болмағанда бастауыш мектептерімізде мұғалім болып, қолдан келгенше елімізге қызмет етерміз деген ниетпен оқып жүрген шәкірттер едік. 21-нші апрелдегі жалпы Ішкі Ордалық съезінің қаулысы бойынша қысқа уақытты курстар ашылар деп, жаз бойы қарай-қарай көзіміз талды. Аяғында биыл курс ашылмайтынына көзіміз жетті. Енді Орынбордағы медресе Хусайнияға оқуға деп жүріп барамыз.

Құрылтайға сайлау камиссиясынан иғлан

Құрылтайға сайлау камиссиясы жұртқа жариялайды: Ішкі Ордалықта 23-нші сентябрден бастап құрылтайға сайлаушылар списігін түзуге кірісіледі. Камиссия басы: Ниязов.

22-нші сентябрь 1917 жыл.

Страницы