«ҰРАН» нөмірі 7

№ 7 сентябрь 12 жылан 1917 сейсенбі №7

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75...

Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше.

Нөмірі 10 тиын

Земстуо сайлауын қалай өтеуге? (басы өткен санда)

Сайлаушылар міндеті

1) Сайлаушылар сайлау күні комисия ашылысымен сайлау үйіне келіп, сайлау запискесін салады. Салғандар, яки запискасы қабылданғандар өзге сайлаушыларға тығыздық етпей, үйден шығып, орын босатып тұруы керек.

Орысқа жер сату һәм қыр қаласы Жәнібек (басы өткен нөмірде)

Шашық хуторлардың зарарына ғана қазақтар қанағат етеді: 1904 жылы Саратаудан Астрханға тартылған теміржолдың қазақ жерінен өткен жерлерінде Жәнібек деген станса салынды. Бұл стансаның түбіне орыстар үй сала бастады. Орнын қазақтардан 5-10 сомға сатып алып, мұның түбінің зарарлы екеніне көзі жеткен бірқатар адам қаралардың қала салдырмасқа еткен амалы, арызы, обшестуаның пригоуоры (қоғамның өкімі – ауд.) кешегі кесір хүкіметтің бөкпесінде қалды. Енді Жәнібек үш жүз (300) үй шамалы қала болып алды. Поселок атанды.

Мұнда кім айыпты?

Қазақтың ортақ жеріне, бағусыз көп малының ортасына алып барып егін салдырған кім? – Жер сатушы!

Қазақ ортасына егін салдырып, бұл күнде көп қазақты жерден, судан айырып, һәм айырайын деп отырған кім? – Жер сатушы!

Жәнібекті салдырып, горд жасатып, қазақтардың көп жеріне қол создырып қойған кім? – Жер сатушы!

Бірінші махрұм мұсылман солдаттарының күні (Бүтін Русия мұсұлман харбі шорасынан)

Өткен июль айының ішінде Қазанда үш съез болды: «жалпы Русия мұсұлмандарының съезі», «Бүтін Русия ислам ғұламасының съезі», «Бүтін мұсыслман әскерлерінің съезі» болды. 22-сі күні сол үш үлкен съездің бас қосқан жиылысы болып, мына қаулыларды шығарып еді:

1) ұлттық һәм мәдениет автономиясы

Қырда

Сайрандап сахраны жүрдім кезіп,

Қуаныш, жүруменен шаттық сезіп.

Сергіді жас жүрегім жалқын басқан,

Кешегі қара күннің кеткен езіп.

 

Қол-басым азат болып, көңіл тасқан,

Көрмеген мұндай дәурен бала жастан

25-інші июнь жарлығы тақырыпты

25-інші июнь жарлығы тақырыпты Ішкі Орда бірінші һәм екінші округтердің атқа мінген жақсылары жігіттерден жүздеп, мыңдап ақша алып еді набордан қалдырамыз деп, қалғаны қалып, қалмағаны сол кірумен кетіп еді. Бостандық болып жігіттер елдеріне келген соң, былтырғы ақшасын алған жақсылардың үстінен арыз беріп жүреді екен, жігіттердің сол арыздары бойынша болса керек. Екінші округтен тоғыз кісі қолға алынды. Екінші округ 6-ншы бөлімнен жеті кісі, үшінші бөлімнен екі кісі. 6-бөлімнен жеті кісінің бізге білінге... ... ...

Пошта телеграф арттырған ақылар

Пошта телеграф министрінің 21-нші июльде 1917-нші жылда шығарған жарлығы бойынша 15 августан бастап пошта телеграф ақылары өсті.

1) Бандероль ақылары:

А) баспа заттар болса һәм бір лоттан аспаса, қала ішінде екі тиын. Лоттан асса, әр төрт лотына екі тиын, бір қаладан екінші қалаға жіберетін болса, әр екі лотына екі тиын.

Басқармадан:

газетамыздың бас жазушысы Абдолазиз Мұса он күн срокпен аулына кеткенде екінші жазушысы Нығман Манаев қатты науқастанып қалды. Сондықтан «Ұран»-ның бұл номері уақыттан кешігіп һәм екі бет кем шықты. Оқушыларымыздан ғафу өтінеміз.

Шығарушысы: Ғабдулғазиз Муси

(Газеттің төменгі жағы жыртылған – ауд)