«ҰРАН» нөмірі 6

Нөмірі 6 сентябрь 1 жылан 1917 жұма ... №6

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. 

Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75...

Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше.

Нөмірі 10 тиын

Хабарласушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ»

Тамақ қамы

Хан ордасындағы кіндік азық-түлік комитетінің бастығы жақын арада Астрханға барып келді . Барлық жұмысы Ордалық үшін азық-түлік табу қамын қарастыру еді. Астрханнан Ордалыққа ауыстырғандай азық-тамақ табылмаулы. Хүкіметтің бидайға қойған бағасы бар. Ол 3 сом қырық тиын. Қолында егіні бар крестиян (орыс шаруалары – ауд.) халқы ол бағамен егінін сатуға ырза емес һәм сатпайды. Сондықтан Астрханның губернский азық-түлік комитеті табылған егінді алуға қаулы жасаған.

Земстуо сайлауын қалай өтуге

Ішкі орда қазақтарына облысной земство берілетін болды. Сондықтан земство турасында Астраханнан бөліндік, өз алдымызға облыс болдық деп «Ұран» №3-нші номерінде жазып едік. Ол туралы, ішкі іс министрінен 16-ншы июльде келген телеграмда: «Жуырда земстуо положениясын (Земство ережесі – ауд.) һәм сайлау инструкциясы жіберіледі» деген де сөз бар еді. Осыны күтіп, кіндік комитетіміз земстуо сайлау ісін бұл күнге шейін жарыққа шығара алмады. Біз де сайлау ісін қалай атқару жайымен халықты тегіс таныстыра алмадық.

Орысқа жер сату һәм қыр қаласы Жәнібек

Жұртқа белгілі 1880-нші жылғы қоян апатында қазақ халқы жұтап, малдан айырылды. Келер жылдарында аштан адам қырыла бастады. 1881-нші жылы хүкіметтен жарлық болды. Қазақ халқы орысқа жер сатып, тамақ асырасын деген. Сол жылдан кейін қазақтар жер сата бастады. Сатып алған жерге, орыстар хутырлар салды. Тегін алған ақшаның(?) дәмін алған қазақ өзінің меншікті пішендік үлесін сатумен қанағат етпеді. Жұртқа ортақ жайылыс жерлерден де егіндікке сатты. Орыстың малын ...туға сатты.

Өлең «Ұран» газеті туралы

Ұранды» көз талдырып қарап едік,

Әр сөзін мың ділдаға балап едік,

Жиылып неше дүркін қарсы алуға –

Ақыры, келмеген соң тарап едік.

Түбінде ер боларын жан сезді ме –

Төзе алмай, келер күнді санап едік.

Мінеки, келді сабаз, күтіп жүрген,

Басқармаға хат

«Ұранның» бесінші номерінде басылған «Бір айдан соң» деген мақаланы толықтыруды қажет көрдім (ол мақалада, кіндік комитеттің бүгін-ертең істейтін ісін, бір айдан соң істегендігі айтылған). Айтатыным мынау: кіндік комитетінің ісіне бөгет болып тұрған нәрселер көп. Ішінде айтылуға жарайтыны да, жарайтұғұны да бар. Соңғысын кекшілікке қалдырып, әзірге айтып кетуге тиістісі мынау:

Басқарма атынан:

Бесінші нөмір «Ұранда» басылған сөзде кіндік комитеттің кезегі бүгін келіп тұрған 10 ісін орындамай, бір айдан соң ғана барып кірісе бастағандығы айтылып еді. Енді Қайғыртушы мырза бұл хатымен басқарманың мақаласын арастағанын, мойнына алғандығын белгісіз еді. Онысы хатымда комитеттің кешігуінің себебін санағандығынан көрінеді. Енді саналған себептерді көзден кешірейік: бірінші себебі – қалмақ бөлімінің әңгімесі. Қалмақ әңгімесінде жеріміз кедейлердің жері көп байларынан шабындық жер сұрауларын ... деуге болмайды. Ол жөн.

Басқармадан

А.Баржақсинге: хаттарыңызды алдық, жазып тұрыңыз.

Басқармаға хат жазушылар ескерсе екен, пошта хақы қымбаттағандықтан, ашық хатқа екі тиындық маркі, жабық хатқа бұрынғы он тиындық орнына он бес тиындық марка жабыстырылуға керек.

Шығарушы: Ғабдолғазиз Муси

Бастырушы: Ордалық мұсылман бұйросы