«ҰРАН» нөмірі 30

Нөмірі 30 март 28 (10) 1918 жылқы бисенбі

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады

1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом.

Адрес алмастыру хақы 50 тиын

Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ»

Тағы да өзгеріс

Ішкі Ордалықтағы партиялықтың ұшығы былтырғы апрелдегі кіндік камитет һәм Ордалық камисарын сайлауда-ақ басталып еді. Басталса да сайлау бір түрлі сыпайы ғана өтіп кетіп еді. Оның артынан Қалмақ қисымы 7-нші бөлімде жер дауы басталды. Бұл баяғы партиялықты күшейте түсті. Даудың басында Ғилман Қасымов тұрғанымен де артта бұғып жатып партиялықтың отына май құйушылар да жоқ емес еді.

Заман баласына жауап

«Ұран»-ның 25-нші номерінде заман баласы болып Тарғынның управасының ағзаларынан сұрайды екен: Шариф Құшпан баласы азық-түлік камитетінде тұрғанда халықты жылатқан кісі еді. Енді не себепті милицианер қойылды? Бұл милиция болып алған соң кеудесін көтеруде, бұған халық жылаулы, мұңайулы деп, Шарифты милиционер қойғанда управада ағзаның біреуі болғандығым үшін өз жауабымды газите жүзінде сұраушының көз алдына саламын.

Мамитан Ниязалин һәм жолдастарына ашық хат

Биыл Орынбордағы «медресе Хусаинияда» қырық шамалы қазақ баласы оқимыз. Осылардың көбі күнін көре алмайтын кедейдің балалары. Күз медресеге кіргенде жартытөлеу 150 сом ақшамызды беріп кірдік. Қалған 150 сомын қыс ортасында бермек едік. Сол айтылған уақыт жетумен, медресе басқармасы, «қалған ақшаны төлей алмаған шәкірт медреседен шығады» деп иғлан таратты. Белгілі ақша табар жері жоқ кедей балалары қысылды, састы. Сонан жиылып барып «Қазақ» басқармасындағы жәрдем ақшадан сұрадық.

Зарлының сөзі

Біз екі сөздің бірінде Европа бағытына түстік. Әйелдердің ерлерімен тең, бұрынғыдай малға, шалға сату болмайды деген сөздерді бостаншылықтан бері естіген сайын ау, біздің де құлдықтан, әсірлікте құтылатын күн бар екен ғой деп жүрегімізді басатын едік. Жаңадан тағы мынау хабарды естіген соң үмітсіздік туа бастады:

Биыл Тарғын қисымында 5-нші волысынан Сисен Жамалиддин баласы 14 жасындағы қызын 50 жасындағы бір шалға сегіз сиыр, тағы бір мың сом ақша алып тоқалдыққа берді.

Зарлының сөзі

Біз екі сөздің бірінде Европа бағытына түстік. Әйелдердің ерлерімен тең, бұрынғыдай малға, шалға сату болмайды деген сөздерді бостаншылықтан бері естіген сайын ау, біздің де құлдықтан, әсірлікте құтылатын күн бар екен ғой деп жүрегімізді басатын едік. Жаңадан тағы мынау хабарды естіген соң үмітсіздік туа бастады:

Биыл Тарғын қисымында 5-нші волысынан Сисен Жамалиддин баласы 14 жасындағы қызын 50 жасындағы бір шалға сегіз сиыр, тағы бір мың сом ақша алып тоқалдыққа берді.

Хатім қыран зор милли митинғ

Астраханда ескі стел бойынша жексенбі күні төртінші мартта Қырым Чілпи (?!) Жиһан Нығман эфендинің Севастопол түрмесінде шаһид етілуі турасында күндіз сағат 4-те Жамғиат Хаирбе жунратінде(?!) зор митинғ болды. Молдалар, мұғалімдер, ум... ...ларының қосылуымен қыран митинғ ... ...сталу дар бұрын хатім етілді. Бұдан соң чілпи Жиһан эфендидің халымен тамыссуф сөйлеген хатиблер:

1. Сарай газетасының махрирі Нажип Ғасыри.

Тарғын қисымы 4-нші бөлімде имам Сафиолла Ғабдолғазиз ұлы 23-нші февралда жұма күні жиналған халыққа

Тарғын қисымы 4-нші бөлімде имам Сафиолла Ғабдолғазиз ұлы 23-нші февралда жұма күні жиналған халыққа түсіндіріп айтқан соң мүхкеме шарғиа (шариғат мекемесі – ауд.) хұзырындағы қазақ бөлімі пайдасына жұрт 83 сом жәрдем жинап берісті.

Керекті орында басшылық халыққа түсіндірген имамдардан, айтқанға түсініп жәрдемін аямаған халықтан айналсаң болмас па?

Ғинаятолла ШОҚАЛАҚОВ

Орын тарлықтан жәрдем етушілердің аты-жөнін баса алмадық – кешірім тілейміз.

Көрген-білген бар ма?

16-ншы жылы 25-нші июннен жарлығы тафриті Елеусін Төремұрат баласы қызметке алынып кетіп еді. Күні бүгінге дейін сол жігіттен хабар-ошар жоқ еді.

Жаңа әзірде преиумнан қайтқан бір жігіттің айтуы бойынша Торғай облысының қазағы Мұса Байшуақ ұғлының қолында бір адасқан жігіт бар деп естідік.

Жігіт Ішкі Ордалық Тарғын қисымы 3-нші бөлім. Аты Елеусін, өтірік аты Шошақ еді, әкесінің аты Төремұрат.

Страницы