«ҰРАН» нөмірі 24

Нөмірі 24 февраль 16 жылан 1918 жұма

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады

1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом.

Адрес алмастыру хақы 50 тиын

Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ»

Ішкі Орданың атқа мінген адамдарына

Дүниені тегіс өрт алғандай заман болып тұр: әр жұрт та жұртшылығын айтып жан сақтау, бас қорғаудың қамын істеп жатыр. ...ын жан сақталып, бас қорғалар ма, жоқ па, ол екінші сөз, оны келер шек көрсетеді. Кеше Орынборда жалпы Алаштың азаматтары бас қосып, әр нәрсе туралы тоғыз күн толғандырып кеңес жасап еді: со тоғыз күн кеңескендегі съездің мүде-мақсұты: ен далада жайылып жатқан малдай, өзінен басқаның бәрі жау, құралдан бос, өнерден кеш қалған қазақ-қырғыз жұртын мынау келе жатқан өрттен қалай аман алып қалу жайы еді.

Хан ордасында өзгеріс

Февраль басында Астраханнан Ғылман Қасымов, прапыршик Саматов һәм Тәж Әлденов (татар салдаты) үшеуі Ордаға келді. Қолдарында Астрахандағы салдат һәм крестиандар советінен алған қағаздары бар:

«Бостандыққа қарсы адамдарды ұстауға» деген. Бұлар артынан красный гвардиялыққа жазылған қазағы бар, қарақалпағы бар құрал асынған 7-8 кісі тағы келді. 10-ншы февралда 15-20 шамалы красный гвардия Басқұншақтан тағы келді. Солардың күшімен бес айдан бері Ордада қызмет тұрған һәм абласной управаның председатель орынбасары В.Куликов Ордадан кетті.

Қалмақ қисымы

Бізден болшевиктер қалайша шықты?

Оқушыларға түсінікті болсын, ол үшін уақиғаның қалайша басталған тарихын жазып өтелік:

Қалмақ қисымы 7-нші бөлімде Шафай Бекқожа оғлы деген бір жерлі бай бар. Оның айналасында жері аздау бірнеше үй биылғы бостандықтан пайдаланып Шафайдан шабындық жер үміт етеді. Айтысып, күресіп, өмірінде ешкімнен жығылып көрмеген Шафай қапелімде жерді ұстата бермейді.

Соғыс һәм бітім хабарлары

Болшевиктер Германиямен бітім жайын сөйлескелі үш айдан асты. Германия бітім үшін мынадай шарттар қойды: Германияның Русиядан соғысып алған жердің адамдары Германия тілегінше басқарылуға, Русия Германияға 7-8 миллиард соғыс шығынын төлеуге һәм он бес жылға шейін Германия тауарлары Русия ішінде бошлинасыз (салықсыз – ауд.) сатылуға. Бітім шарттарының ең ауырлары осы.

Шетке бір қарыс жер, бір тиын шығын төлемей, бітім жасайын деп жариялаған болшевиктерге бұл шарттар өте ауыр келді.

Крестиандар сиезі

15-нші февралда Астрханда крестиандар сиезі болады. Біз өз алдымызға облыс болдық, қала берсе автономиялы бір мемлекет болдық десек те Астрхан советтері сыртымыздан бізге көйлек пішуін қоймайды, Ішкі Ордалықты әманда Астрханның бір үйезі деп санайды.

15-нші февралда болатын крестиандар сиезінде де сыртымыздан келте көйлек пішіліп қала ма деген қауіппен сиезге Ішкі Ордалықтан да болыс басы екі уәкіл жіберу мақұл көрілді.

«Ұран» бағасын арттыру

Қағаздың бағасы адам етер емес. Баспахана жұмысшыларының хақы да 3-4 есе артып кетті. Сондықтан «Ұранның» да бағасын екі есе арттыруға мәжбүр болдық: 1918 жылдан бастап жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом.бұрын жазылып қойғандардан 1 есе ақшаларын жіберіп, бағаны толықтыруларын өтінеміз. Бермегендердің 5 сомы жарты жылға, 3 сомы 3 айға есеп болады. Агенттеріміз осыны ескерсін.

«Ұран» жетісіне екі рет шыға бастайды.

-----------------------------------------------------