«ҰРАН» нөмірі 20

Нөмірі 20 декабрь 31 жылан 1917 жексенбі

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75...

Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше.

Нөмірі 10 тиын

Үміт бар

Аллаға мыңдарша хамиддар (мақтаулар – ауд.) болсын, халық үшін шыбындай жандарын, қасықтай қандарын қиып, кешегі Петроградтағы шаһид болып кеткен сабаздар арқасында Николай Русиенің 200 миллион халықтарының тарапынан памат етіп берілген лағнет қамыттарын мойнына киіп алып, малғұн болып Табул қаласына өкшесін көтеруге мәжбүр болды. Оның асыранды күшіктері де Петропавловскі крепостында көздерінен асылып жатыр. Сол сабаздар арқасында біздер де халық ретіне кіріп Русиенің еркін һәм теңдікті граждандарының біреуінен саналып, өз істерімізді өз қолдарымызға алып отырмыз.

Бұ қалай?

Бостандық болғалы, ол сайлаусыз болған жоқ. Түрліше камитеттерге сайлау, съездерге сайлау, қазы, имам, мұхтасипта сайлау, земстуоға сайлау, ел құрылтайына өкілдер сайлау, һәм басқаша сайлаулар қай елде, қай жерде де болса болды. Һәм болып жатыр.

Бұл сайлаулар бәрі де асылында ел игілігі үшін. Елдің игілігін сақтап, өзгелермен тең күйде қатар жасау үшін қамдану.

Осыны түсінген ел елге адал қызметімен танылған һәм танылғалы тұрған ақ жүрек адал адамдарын сайлады. Түсінбеген ел бүркембемен адасты.

Ғұсман рази Аллаһу ғанһаның құраны алыну:

Петраградта окрук мұсылманларының съезі болып еді, съезде Петраград бөлімшесі китабханасында сақталып тұрған Ғұсман рази Аллаһу ғанһаның құраны.

Алуға әуелі талап халық камисарына білдірген. Халық камисары құранды алуға рұқсат берген.

1-нші һәм 2-нші спискіге берілген дауыстардың хисабы.

1 списіктегі. Құлмановқа 48 000 дауыс.

Танашевке 51 000 дауыс.

ІІ

Сармоллинге 19 000 дауыс.

Нұралихановқа 16 000 дауыс.

Бұлар екінші окрукты шығарып тастағанда, онда жұма болу себепті сайлау болмаған секілді. Мұны аралары қашық болу себебі мың хисабын ғана айтып отырмыз. Бір жүз, жарым жүз әр қайсысында болса керек.

Ғ. С.

Мемлекеттің б...кі һәм басқалығы:

Русия патшалығында халық жың-жың болып бөлініп, автономия құрып жатыр. Қазірде бөлініп тұрған Финляндия, Украина, Сібірия, ?уркта, һәм уа ғайрилар (басқалар – ауд.). Бұл автономия дегеніміз мәнісі бұ сықылды болады. Бөлініп ... алған халықтар өздерін бәрін тілейді, басқалардың оларға қатысы болмайды. За облыс яки ояз болсын, орталарынан қалап, мынау тәуір деген кісілерін, әділ ақсақалдарын сайлайды. Олар жиналып мүхкеме ашып өздерін қалап жіберген облыстың, ояздың үстінен қарайды.

Ішкі Ордалық имамдарына:

Қазақ баласы Алаш туы астына кіріп, автаномия алып отыр. Татар қандастарымыз топырақты мұхтарет иғлан етіп, шектерін созып отыр.

Бұ себепті Ішкі Ордалықтың рухани істері діни назареты хұзырындағы қазақ бөлімінде қаралатын болды.

Енді жіберілген махала талуғтары уа ғайри агенттер уа басқа да істер жіберілгенде айрым қазақ бөліміне деп атап жіберілу керек. Әйтпесе шатақ болады. Моллалар осыны мұқият ескерсін. Қазір қазақ бөлімінде 4 қазақ қазы һәм Ғалымжан Баруди іс басқарады.

Соңғы хабарлар

Учредительный собрания: халық камисарлығы учредительный собранияны 5 нші январға ашуға қаулы қылып әмір таратыпты.

Учредительный собраниядағы депутаттар 800 шамасында болмақ. Қазірде алты жүзі сайлағандығы хақында хабар алынды.

Мұсылман әскери мектебі

Бакуде мұсылмандар үшін прапыршиктер школасы ашылыпты.

                                                   Ел

Кей мырзалар

Мырза орнына мыртық,

Бүтін емес, жыртық.

Тымырайад қоразсынып,

Жаман шіркін қортық,

 

Кеудеден басқа дым да жоқ,

Қарасаң қоймай тінтіп.

Құзғынға жем антұрған

Айтсам шынын сөйтіп.

 

Партия деген жел кірсе,

Қарнын алады жыртып.

Басы картоз, тар шалбар,

Страницы