Қосымша бөлім. ІІ. Ғ.Мұсағалиевтің мақалалары

ТАРИХ

(Басы. «Айқап» журналы, 1914 жыл, №4. 57-61-бб.)

Русия патшасы ұлық Екатерина заманынан бері қарай орыс хүкіметі қазақтарды жуасыту һәм қазақ даласында тыныштықты орнықтыру үшін түрлі шараларға кірісіп қарады. Бірақ бұл шаралардан көбінесе пайда көрмеді. Неге десеңіз? Ол шаралар өзінің уақытында істелмеді. Істелген істе, қылынған шараларда азиялылардың бегірек те сақтауы қазақтардың табиғаттарына, тілек, ғұрып, әдетдеріне муафиқ болып шықпады.

 

СЕЙІТБАТТАЛ ҚАЖЫ МАМАНОВ

Мектеп-медресе салдырып, шамалары келгенше халыққа пайдаларын тигізіп тұрған атақты Маман Тұрысбековтердің ішінде ең үлкені, ең ақсақалы болған Сейітбаттал кажы Маманов осы жыл ноябрьдің үш жаңасында опат болды. Жасы елудің ішінде еді. Май айынан бері қарай ауру жабысып, бір жақ қол-аяғын қозғалта алмайтын қалыпқа қалып еді. Жаздай неше рет докторларға қаратса да пайдасы болмады. Ақырында сол ауру ажалына себеп болды. Марқұмның жаназасына екі мың кісі жиналды. Бесінші ноябрьде жамбасы жерге тиді.

БӨКЕЙЛІК ЖАЙЫНАН

Қала болуға ма иаки көшпелі болып жүруге ма? деген әңгіме болғанда айтушылар бар:

«Қала салуға жарарлық бізде жер жоқ», сала-су жоқ һәм бөкейлік қазағының үштен екі парасы құмлық жерде мекен етеді» деп. Дұрыс, бұлай екені рас, амма көңілдегідей жерді һешкім әкеліп бермейді. Қазіргі заманға қарай һәркім ыжтаһат ету керек. Бар жерді түзетуге, қазір бір­ ден қала салмағанменен де, һәм бұрынғы тұрмысыменен тұрғанда да жерді түзетуге керек. Оның үшін біздің қазақ халқының тіршілік ететұ­ ғын кәсібі – мал, малдың тіршілігі жер екені һәркімге мағлұм.

 

«АЙҚАПТЫ» ҮЛКЕЙТУ ХАҚЫНДА

Басқармасының кедейлігі, алып оқушыларының аздығы себеплі «Айқап» журналы өткен бір жылдық ғұмырын бек таршылық һәм қиындықпенен өткізгенін һәркім білсе керек. Оның үстіне аяғын жаңы­ лыс басып, жүз сом штрафқа да ұшырап қалды. «Арық атқа қамшы ауыр» деген ғой.

 

Жаңа қаз тұрып жүрген бала «менің қолымнан жетекте» деп қасындағыларға ұмтылғандай, «Айқап» журналы да алты миллион қазаққа қарап «мені қолымнан жетектеп ілгері қарай жүргізіп жібер» деп халықтан арқаға таяныш, қолға сүйеніш болардай ер көңілді жігіт­ тер шықпас мекен деп үміттеніп тұр.

 

Кім өкпелеуге керек

(«Айқап» журналы, 1913 жыл, №7)

11-номер «Айқапта» қазақ жастарының, бигіректе орысша оқы­ ғандарымыздың өз елін, жұртын қайғыртқандары турасында біраз сөз жазылыпты. Жастарымыздың қаламыменен жәрдем етпеулерін, кеуделеріндегі балқып толып тұрған білімдерін өз туған, туысқандарына­ жазып, үйретіп ұқтырмағандықтарын еске түсірген һәм жастарға өзінің­ біраз өкпесі бар екендігін де сездіріп қойған.

Қазақ жайынан

(«Айқап» журналы, 1913 жыл 15 маусым, №13)

 

Тарих – өткен замандағы болып озған халықтардың ахуалы, олардың бастарына қандай қиындық, ауырлықтар келіп кешкендігін, қандай жақсылықтарға душар болып, олардың бастарына қандай жарық күндер туып өткендігін білдіретін бір ғылым.

Жер әңгімесі

(«Айқап» журналы; 1913 жыл №13)

Осы күзде бүкіл қазақ болмаса да, жерлерін өлшеп артық шығарып, хохол орналастырып жатқан яки орналастыруға ыңғайланып жатқан елдердің адамдарының жатса-тұрса әңгіме-кеңестері жер болып тұр; жер әңгімесі болмай лажы да жоқ; қазаққа жер қалдыру үшін үкімет екі түрлі жоспар жасаған: біреуін көшпелі норма, біреуін переселен нормасы деп. Қай қалағаныңды ұста деп қазақтың таңдауына салып тұр.

Жазу мәселесі

(«Айқап» журналы, №9, 1913);

Мұхтарам А.Б. мырза өткен жылғы 4-5-нөмір «Айқап»-та жазуымызды бір тәртіпке қою, қазақ тілін бір қағида астына алу турасында бірталай сөз жазды. Әр нәрсені түптен ойлаушы, көзге шағылыққан һәрбір қараны алыстан болжаушы А.Б. мырзаның қара қазандай басында қайнап, әбден пісіп шыққан бұл пікірге қарсы сөз сөйлеуге көп аузымыз бармайды. Сонда да көңілге келгенді кері жұтуға жарамайды. Шаһзаман мырзаға ұрысқаны сияқты көп болғанда бізді де бір қайта ұрысып тастар.