Қосымша бөлім. І. Мұстафа Ысмағұлов қорынан

Оралдағы баспасөз туралы

1904-1905 жылдары Орал (бұрынғы Теке) қаласында №3 мешіттің ахуны Мүтиғолла Тухфатуллин «Әл-ғасырул-жәдит» (орысша «Новый век») деп қолжазба журналды татар тілінде жасырын шығарып тұрады.

 

1906 жылдан бастап М.Тухфатуллин арабша әріптер және типографиялық станок, құралдар сатып алып, сонсын «Әл-ғасырул-жәдит» журналының орнына «Фікір» (орысша «Мысль») атты газет шығара бастайды.

 

Біздің аудандағы алғашқы газет

Ұлы Октябрь социалистік революциясының даңқы бүкіл қазақ даласымен бірге біздің бұрынғы Орда ауданына да зор әсерін тигізді. Ұлы революцияның қарсаңында Ордада «Ұран» газеті шыға бастады. Бұл кездегі алғашқы газеттің өз алдына ерекшелігі болды. Бұл редакция мемлекет тарапынан қаржыландырылмайтын еді, редактордың өзі көпшілік арасында газет таратып, одан түскен қаржыны редакция мен типография қызметкерлерінің еңбекақысына төлеп отыратыны әлі есімде.

Көне әдеби мұра «Гүлжиһан» лиро-эпостық дастаны туралы

Қазақ халқы ежелден иеленген жер-су Шығыс елдерімен байланыс жасайтын «Жібек жолы» аталған жол бойында болған. Бұл «Жібек жолы» талай ғасырлар бойы Шығыс пен Батыс елдері экономикалық (сауда, ауыс-түйіс) және мәдени (оқуға бару, саяхат жасау) байланыс­ тарды жасаған жол екендігі тарихқа белгілі.

«Бал ұстаған бармағын жалайды» дейтіндей, «Жібек жолы» бойында көшіп-қонып жүрген қазақ халқы да шығыс елдерімен экономикалық, мәдени қарым-қатынас жасаған.

ІІ мұғалімдер съезінің қаулысы:

     18/ Оқу құралдарын жетілдіру, яғни кітаптар тәржиме ету hәм сол «Мұғалім» журналын шығару үшін комиссия сайлау туралы сөз болып, комиссия 7 кісілік болсын делінді. Комиссияға мына кісілер сайланды: Ғұмар Қарашев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Мұстафа Көкебаев, Ғали Бегалиев, Халиолла Есенбаев, Ғабдол Бөкейханов hәм Ғабдолла Мұқашев/ Нұғыман Манаев өзі мұнда болмағандықтан, комиссиядан тыс сайланды/. Осы кісілердің.../түсініксіз сөздер/ кітап шығару қызметімен шұғылдансын делініп, бұларға жалования айына мың сом белгіленді/.

 

«Қазақ дұрыстығы» газеті,

 

Воззвание

Проснись, Великий Киргизский народ! Тебе дана сейчас осуществить давно лилемую тобой мечту, казавшуюся раньше неосуществимой, тебе дана сейчас возможность получить свою правовую самостоятельность!

 

Согласно представленному Киргизским Комиссариатом ходатайству, Народный Комиссариат по делам Национальностей дал свое принципиальное согласие на самостоятельность Киргизского народа, который должен войти как федеративная единица в Российскую Социалистическую Федеративную Советскую Республику.

«Ұран» газетіне»

Үміті жас «Ұраным»,

Құтты болсын құралың,

Өмірің ұзақ болсын деп,

Мен де бір тілеп тұрамын.

 

Мен де қазақ баласы,

Көңілімнің жоқ аласы,

Басшыға тойған ел емес,

Қазақтың кең даласы.

 

Басшы болсаң ел баста,

Біз ерелік, сен баста.

Артыңа ерген халқыңды

Адастырмай жөн баста.

 

Жақсысын көрсең халқыңның,

Айғайлар заман, «Ұраным».

Жаманын көрсең халқыңның

«Қой-қой»-лар заман, «Ұраным».

 

Еркіндікте еркіңмен,

Ел бастаған көркіңмен,