Жер әңгімесі

(«Айқап» журналы; 1913 жыл №13)

Осы күзде бүкіл қазақ болмаса да, жерлерін өлшеп артық шығарып, хохол орналастырып жатқан яки орналастыруға ыңғайланып жатқан елдердің адамдарының жатса-тұрса әңгіме-кеңестері жер болып тұр; жер әңгімесі болмай лажы да жоқ; қазаққа жер қалдыру үшін үкімет екі түрлі жоспар жасаған: біреуін көшпелі норма, біреуін переселен нормасы деп. Қай қалағаныңды ұста деп қазақтың таңдауына салып тұр.

Көшпелі норма бойынша қаз басқан жан басына (еркек, әйелге) 12 десятинеден жер беріледі. Переселен нормасы бойынша қаз басқан еркек адамға, жан басына 15 десятинеден жер беріледі. Көшпелі норманың переселен нурмасына қарағанда 9 десятине жері артық.

Жері өлшеуге түскен елдердің көбірек жағы көшпелі норманы қабылдап, отырған-отырған орындарында қалып, сыбағасына тиісті 12 десятине жерменен қалып жатыр. Азырағы переселен нормасыменен жер алып, отырықшы болып жатыр.

«Апасының кигенін сіңлісі де киеді, екеуінің тойы бір күнде болмайды» дегенді ойлап, әлі өлшеу көрмеген елдердің бірқатар асыл қайғылары бұл екі жолдың түпкілікті қайсысы дұрыс болар екен деп, білімділерден ауыз болсын, хат арқылы яки газет-журнал арқылы болсын, сұрап жатыр.

Бұл сұраушыларға жауап берушілер де табылып тұр, бірақ жауап берушілердің кеңесі бір жерден шықпай, үш түрлі болып тұр.

Бірсыпыра білемін деген мырзалар: «қазаққа көшпелі нормаменен жер ал, бұл норма бойынша жердің артық тиетіндігін өзің де түсініп отырсың ғой; отырықшы болма, переселен нормасын алма; алсаң бөлесің» деп қазаққа ақыл береді.

Бірсыпыралар: «көшпелі нормаң құрысын, переселен нормасыменен алып қала сал да, отырықшы бол, саған сол пайда» - дейді.

Енді үшінші бір ақылгөйлер «бұл тар қонысты тасталық, мынау бұхараға қараған Жиделібайсынға яки қытайға қараған жерлерге көшелік» дейді.

А.Б. мырза айтқандай: «Қазақ осы күнде қалың орманға кіріп адасқан адам секілді, қалай жүрсе жөн боларын білмей дағдарған кезі. Олай-былай жүріп еді, жол таба алмады. Енді тоқтап тың тыңдап, қайдан дыбыс шығар деп құлағын салып тұрған кезінде әркім шамасынша адасқанға айқайлап, дыбыс берген сықылды, үнін шығарып ойын айту міндет» («Айқап» 4-ші нөмір, 1911-жыл). Осы міндетті атқарамыз деп жоғарыда көрсетілген үш түрлі ақылды білімділер айтып тұр. «Адасқан адам секілді» сорлы қазақтың бір парасы бұл үш түрлі ақылдың қайсы­ сын ұстарын білмей, бұрынғы дал болғаны болған ба, нағыз далбасаға енді түсіп тұрған шығар.

Баяғының бір башқұрты баласын медресеге оқуға беріп, жазғытұры еліне алып қайтып келе жатып, жолда дәрет сындыруға отырса керек. Арбадағы бала әкесіне дауыстапты: «Әке! Қыбылаға қарсы отырдың, олай жарамайды» деп. Башқұрт бұрылып, екінші жаққа қарап отырса: «ойбай, күнге қарап отырдың», тағы да бір жағына аударылса: «ойбай, айға қарсы болды» деген екен. Сонда жұмысын бітіріп болып башқұрт баласына: «А, шырағым! Мен сені оқып адам болсын десем, сен мені дәрет сындыртпас үшін-ақ оқыған екенсің ғой!» деген екен.

Біздің білімділерімізге де қазақ тап сондай сөз айтпаса жарар еді-ау деп қорқамын. Біріміз «отырықшы болма», біріміз «көш-ау», біріміз «көшпе-аума» дейміз. Бірден ақыл сұраған қазақ бұлардың қайсысыменен амал қылсын.

«Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ...» деп жүрмес пе екен? Сірә, өзі адасқан қазақты одан жаман адастырған біз болған шығармыз!

«Екі түрлі норманың қайсысы қолайлы?» деп «Айқап» басқармасына хат жазып сұраушылар көп еді. «Қазақ» газетінде сондай сұрау сұрап жазушылар көп екендігін «Қазақтың» соңғы бір номерінде оқыдық. (№20)

Қазақ осы уақытта екі жолдың айрығына келіп, қай жолға түсерін білмей дағдарған соң, білімділерден маслихат сұрап жатыр. Бұл сұрауы мін емес. Айып емес, әбден дұрыс.

Ақыл сұраған адамның айтқан ақылын қабылдап, амал етіп жатқан қазақты айыптап болмайды.

Бірақ білімділеріміздің жауабының бір жерден шықпағандығы әр­ кімнің-ақ көңілін жаралайтын шығар. Оқымаған шаруа қазақ біріменен бірі түсінісе алмаса, онысын надандықтан дейміз. Оқығандардың түсінесе алмағандығын не деп табысармыз? «Атағыңды шығарайын десең теріс көш» деген дейміз бе? Әрине, келешекті болжау қиын.

Оқыған білімділерімізге келер күнімізді болжап бер деуіміз баяғының бір байының құмалақшыға: «иманы қандай болды екен, құмалақ салып біліп бер» дегені секілдірек болса да, білімділеріміз тақа қара жаяу емес қой». Алысты болжама.....

.....ғарфин     қабыры   үстіне   салдырған   пиштағы,     Самарқандтағы

жиқазыңда пиштағы тағы ғимаратлары Ақсақ Темірді көп заманаға дейін ұмыттырмас, неліктен? Жауап біреу – Шыңғысхан қаншама «Сахап қыран» болғанменен, көшпелі еді. Артында белгі қалмағаны содан болды. Ақсақ Темір отырықшы еді, қалдырған белгілерінің жоғалмай тұрғаны отырықшылығынан.

 

Бұрынырақта дүние жүзінде талай мықты көшпелі халықтар болған; барлығы да ұшып жоқ болып кеткен. Арттарында ешбір белгілері қалмаған (мысалы, хазар халқы). Отырықшы елден де талай мықты елдер жоқ болып кеткен, ләкин көбінің артында қалдырған белгілері осы күнге дейін бар; олардың ғылымының, өнерінің қандай екендігін білгізіп тұр. (Мысалы, Рим жұрты, грек жұрты, ескі былғар жұрты, ферғауын заманындағы мысыр жұрты, немруд заманындағы бабыл жұрттары, тағы басқалары).

Бұхара өзбектерін «сарт» деп кемітеміз, сол біз кеміткен «сарттардың» ескіден қалған қаншама белгілері бар. Бұхара шәрифіндегі салдырылған мешіттер, медіреселер, қазылдырылған арықтар, егілген дархаттар... Бұлар тез заманда жоғалар ма?

 

Біздің Тәуке, Торыс, Есім хандарымыздан қалған белгі бар ма? Белгісі түгіл өздерінің қабырларының қай жерде екендігі де қараңғы. Осы күнде дүниеде хакім болып, әр түрлі ғылымға, өнерге бай дүниенің рахатын көрген жұрттар қандай жұрт? Баяғы отырықшы елдер.

 

Көшпелі жұрттың шығарған өнері, жұрттан асырған білімі бар ма? Жоқ. Көшпелі халықтан мың жылда бір сайыпқыран шыққанда, отырықшыдан әрбір зор соғыста бір сайыпқыраншықпай қалмайды деуге болады. Мысалы: ХІХ ғасырдың басында Напалеон, ортасында Корнилов, Нахимов, Пилония қаһарманы Ғұсманғазы, ақырында бор халқының жанаралдары «Бота» тағы басқалар...

Ал енді іс былай болған соң отырықшылықтан көшпелілікті ілгері кө­ ріп қуандаудың не жөні бар? Тарихтың бізге айтатыны осы.

 

Ғ. Муси

 

Жер әңгімесі

 

(«Айқап» журналы, 1913 жыл, 10 қазан, №17)

«Айқаптың» 13-номерінде мен «Жер әңгімесі» деп бастап, біраз кеңес жазып едім. Қадірлі оқушыларымыздың жадында шығар. Сол кеңесімді тағы да жаңғыртып, біразырақ сөз жазуға қалам алдым. Ол кеңесімде тарихтан біраз сөз айтылып еді. Бұл жолы сөзді тағы да сол тарихтан бастайын.

 

1870 жылдарды Орынбор губерниасыменен қазақ жерінің шекарасы­ на жаңа пограничный линия (Новая пограничная линия) жүргізіліп, жаңа линия менен ескі линияның арасындағы қалған төрт миллион десятине қазақ жері Орынборский воиска пайдасына алынып, ондағы мекен еткен төрт болыс қазақ жаңа линияның сахыра жақ сыртына шығарылмақ болынған. Сол екі линияның арасында қалған төрт мил­ лион десятине жер «Новолинейный район» деп аталған. Район ішінде қалған қазақтарды сахыра жаққа шығарамыз десе де, әне-мінеменен кешіге берген. 1870 жылдарды сол уақыттағы Орынборский һәм Са­ марский генерал-губернатор Крижановский райондағы қазақтарды жинап маслихат айтқан: «жерлеріңіз Орынборский воеска пайдасына алынып, өздеріңіз сахраға шығарылуға тұрсыз; шығарылмай тұрып ізденіп, осы линия ішіне орындаламыз деп жер сұраңдар, өзім жәрдем берейін», деген. Бұл ақылын ол уақыттағы жақсылары қабыл алмаған, «орыспенен араласып күн көре алмаспыз» деп.

 

1879 жылдарда патша қазіреттерінің жарлығы болып, әлгі алынған төрт миллион десятине қазақ жерінің бір миллион десятинесі қайтадан район ішінде қалған елге қайтарылмақ болған; бірақ бұл жарықта жеріне тез ғана жете қоймаған. 1898 жылдарда район ішіндегі қазақтар доверенный сайлап, өздеріне қайтарылатын бір миллион десятине жерді Тургайский облыспенен грандас қылып өлшетіп берілуді бас әкімдерден сұраған. Комитет министров та бұл жұмыс қаралғанда военный министр Курапаткин доверенныйларға айтқан екен: «сіздер өз орындарыңызда Орынбор әкімдеріне қатып тұрып қалсаңдар, біз сіздерді жер туралы ренжітпес едік» деп, доверенныйлар ол сөздерді мақұлдамаған. Миллион десятине Торғай облысына грандас жерлерден өлшеніп беріліп, 1900 жылы оған қазақ орналыстырылды. Атақты Жайық, Емпей-жүмпей,Қорасан, Қом сойған, Қайып сызасы маманақлар сөйтіп қолдан шығып кетті. Жайық пенен Импей-Гумпейден айрылғанына Жағалбайлының, Қормасан Құм сайған, Қайып-Сызасынан айрылғанына қыпшақтың, Манақтан айрылғанына Жаппастың белдерінің қанша қайысатындығын өздері білетін шығар.

Орынбор қазағын басқарып тұрған Орынборский пограничная комиссия 1857 жылдарда «коллегия инострандық дел»-дан «Қазақ жері кімдікі» деп сөз қозғаған. Коллегия: «Қазақ жері қазақтың өзінікі» деп хабар берген. Арадан 10-11 жыл өтер-өтпесте 1869 жылы шығарылған временное положениеде қазақ жерін государственный собственность деген низам шығарылған.

1891 жылы 25 мартта патша ағзам қол қойып шығарған степное положениядағы бір кішкентай ғана примичанияға сүйеніп 1896 жылы Көкшетау уезіндегі қазақтардан есеп алып, норма жасау үшін «Чербита» жіберілді. Ол кісі Көкшетау қазағы үшін қыстаулық жерден 130 жайлау­ дан 34 десятине жер үй басына керек деп жоспар жасады. Сол жасал­ ған есеп бойынша Көкшетау қазағына жер қалдырып, артығына мужик орналастырды.

1898 жылы сол чирибина нормасын Қостанай уезіне де жүргізіп, артық жерлерді алып, мужик орналастырды. Арадан және он жыл өтер-өтпес 1908 жылы Қостанай уезіне қайтадан санақ (статистика) шығарылып, мал-жанды қайтадан есепке алдырылды. Ақырында қазақ үшін, баяғы ширина нормасына қалдырып, жаңадан норма жасады. Бұл норма бойынша қаз басқан жан басына (еркек-әйелге) 12 десятинеден жер беріледі. Артығы қазынаға алынып, мужик орналастыруға, тағы сондай керек орындарға жұмсалды.

Қазақ сахрасына 1908 жылдан бұрын орындалған мужик қалаларына жан басына 15 десятинеден жер кесіліп беріліп еді. Соңғы уақытта сол 15 кемітіліп, 10-12-ге қалды, тағы 4 пенен 7-ге қалдырылған жерлер де болды.

Егін шаруасына қолайлы жер ғана қазынаға алынып, қолайсыз жер алынбайды; ондай жерде мал бағып күн етуге болады деп қазақ байғұс ойлаушы еді һәм көңілге тоқ санаушы еді: соңғы заманда бұған да бір құбыжық көріне бастады; бір түгел – екеу!

 

Біреу егін шаруасына қолайсыз жерлерден мал бағушы переселен­ческий скотоводческий участкасы бастады.

Екіншісі коренной оброчная статья / 26 жылға байларға сатылатын бір жол шығарылды. (Семейдегі Сорокин әңгімесі)

Осы айтылған сөздердің бәрі де болып өткен уақиғалар, қазақтың жері алынуының қысқа ғана тарихы. Бұл кеңестер тарихтың бізге көрсетіп тұрған ащы тәжірибесі, бұл ащы тәжірибеден үлгі алмақ, пайдаланбақ бізге міндет, осы сөзді қорытқанда шығатын мағына мынау:

Крижановский һәм Курапаткин сөздерін қабыл алмаймын деп қандай жақсы атақоныстан айрылдық. Орысқа араласпайын деп қашып едік, «қара орысты көргенде сары орысты маңдайына тигізерсің» болып отырмыз!

Шербина нормасы бойынша сыбағаларымызға тиген жерімізді тарлық қылатын емес деп тынышталғандай болып едік, кочевой нормаға (12 десятине) жолықтық. Алса, егінге қолайлы жерді алады, қолайсыз жерді мал ғып отырамын ғой деп едік, ол жерге мал бағуға сеніңменен қарсы жалақтаған екінші бір серікке тап болдық.

Артық жер оброчный статья болса, батып алып күн көреміз деуші едік, ол жерлерге бізден көрі күштірек байлар ие болатындай көрінеді.

Осы күнде переселен мекемесі «көшпелі норма» деп жасаған 2 десятине жерді қазаққа өлшеп қалдырып, артығын мужикке алып беріп отыр. Қазақ өз қаласа 15 десятинеден жер беріп қала салдырып отыр.

Тап осы күнге шейін болып келе жатқан қалыпта (на практике) переселен пайдасына жер аламын деп қазақ жеріне келген чиновниктер қазаққа қай норманы қалайсың деп таңдау береді; егер де «Қазақ» көшпелі норманы қабылдаса, онда переселен чиновниктері қазақ жерінің қалаған тәуір жағын переселен пайдасына алады. Нашар жағын қазаққа қалдырады, һәм жерді бірыңғай алып, бірыңғай қалдырмай ара-арадан кіріп алады. Шамасынан келгенше қазақты қозғамасқа тырысады, бірлі-жарымды ауыл болса, ақырында қарасақ бір жер қазақ, бір жер переселен болып араласып кетеді. Бір жерде мекен етіп қыстап отырған­ қазақ аз, көрші мужикке көрші қазақтың бәрі де өріп отыр.

Көшпелі нормаменен жер алудың қазақ үшін нағыз сорлы жері, осы көптің арасында болып пытырап қалу. Біздің Қостанай уезінде қалып осылайша болып тұр. Мысалы, Дамбар болысындағы бөлініп қалып отыр. Саруйский болысында Кең аральский, Арақарагайский, Аманқарағайский, Обағанский болыстарда сол қалыпта. Аз-маз аман тұрған Бестубенский, Қарабалықский, Айтский болыстар бұлардың кезегі келер жылы.

Бытырап мужикке көрші болудың зарары көп. Газеттердің әрбір номерінде дегендей қазақты хохол ұрды, соқты, өлтірді дегенді көріп отырмыз. Бұл жағы әркімнің көзіне көрініп тұрған іс. Бытырап отыру түпкілікті өзіміздің жоқ болуымызға үлкен себепші болса керек. Онды-бесті үй әр шоқтың түбінде, әр қопаның ығында отырып не жөндеп мал баға алмай, не жөндеп өнер үйреніп мал таба алмай, кедейленіп, тұқымы өспей, жоғалып кетер деп хауіп етемін.

Отырықшы нормадан көшпелі норманың тоғыз десятинесі артық; бұл артық бұлай есеп (теоритически) еткенде ғана, практический бұл артық жоқ есебін деп айтуға болады (анықтан айтуға тіл қысқа, түсінбейсің), шербина нормасын тарсынып жүрген қазаққа 12 десятинеде мал бағып күн көрсін деп айтуға тілім бармайды.

Осы күнде қазақтың қаласыз жұмысы түгелденбейді. Шай, қант, кеиросин, оттық керек болса да қалаға шабады; диірмен керек болса да, темір соғатын дүкенші, үй істейтін балташы керек болса да қалаға шабады; малын сатайын десе қала керек; ауруын қаратайын десе де, хакімге арыз берейін десе де қала керек. Қысқасы, әр түрлі жұмысының бәріне де қала керек, егер де қазақ болыстарына земство жүргізіле қалса, сол земстводан пайдалану үшін де қала керек. Соның үшін қазақ қалаға қатынамай тұра алмайды.

Қалаға қатынаған қазақ қырық-елу болып жиылып жүре алмайды. Бірлі-жарымды барғандарының кейбіреулері хохолдың сойылына жығылып жүр.

Қаласыз күнің болмайтын болған соң бүйтіп қорлық көре бергенше, өзіміз қала болып, шетке қаңғырудан құтылсақ болмай да?!

12 десятинелік норманы жасаушы Ховартанский қазаққа үй басына 12 ірі қара асырап, бес десятинеден егін егуменен күн көруге болады деп норма жасаған екен.

12 десятинеде бағылатын 12 ірі қара 15 десятинеде бағылмай ма екен? Қала болса, қазақ күн көре алмайды деушілер менің өз қара басым қазақ жұртын онша төмен халық деп түсінбеймін. Менің қазақтың жұрт болуына иманым кәміл. Сырдария һәм Самарқант облыстарындағы бақташы, қауыншы, арық менен арпа-тары, жоңырышқа егуші, Қостанай уезінде өгізменен егін салушы, машинаменен шөп шабушы, Тройский, Петропавл, Омбы, Семей, Павлодар, Зайсан, тағы басқа қалалардағы үлкен-үлкен саудагер қазақтар Жаманшылықтай, Жетпісбай, Ан­ дреевтей, Алдияровтай, Фидаахметтей, Маановлардай; Мангужин, Қос­ шығұловтардай, Айтекиндердей фермелер менің қазақтың жұрт болу­ шылығына иманымды күшейтеді. Бұрынғы аталарымыз «заманына қа­ рай амалы» деген екен. Қазақ жұртының әр жердегі қалыбына қараған­ да сол амалға жабысқандығы көрінеді.

«Қала салма» деп ақыл айтушы мырзалар қазақты сескендіру үшін башқұрт жұртын үлгі қылып көрсетеді. Бұған қарсы менің айтатыным: дәулетті болмақ, жақсы күн көрмек үшін иждиат керек. Бұған талас жоқ. Иждиат етпей, тырыспай шалқадан жатып, «алма піс, аузыма түс»-менен дүние табылмайды. Башқыр халқын «қала салсаң сондай боласың» деп үлгіге көрсету емес, «жалқау болсаң, сондай боласыз» деп көрсету керек.

Башқырт кедей болса, жерінің аздығынан кедей болып отырған жоқ, өзінің жалқаулығынан, надандығынан кедей болып отыр. Башқырттың көбінде жер әлі мол, ғасба (вотчинники) башқыртардан жан басына 30 десятинеден пайдаланып отыр. Оның орманы өзінікі, жерден шығатын қазинесі (байлығы) өзінікі, сонда да байып, жарық сәуле көріп отырғаны шамалы. Менім шамалауыма, қазақ халқының табиғаты башқырт табиғаттан едәуір басқа. Бұған дәлелім, әр жердегі қазақ өзінің отырған жерінің ыңғайына қарай кәсіп етіп жатқандығы, Каспий, Арал теңіздері­ нің жағасындағы, Сырдария, Торғай бойларындағы қазақтар балықшы, Жетісудағы, Шымкент, Әулиеата уезіндегі қазақтар жеміс-бақшасын тәрбиелейді; қауын, пахта егеді, дарақ тұрғызады, арық жүргізіп суара­ ды, егін айдайды. Қостанай уезінің қазақтары сабанменен егін салып, машинаменен шөбін, егінін шауып басқарып отыр. Бұл сөздерді қысқар­ тып айтқанда, қазаққа жерінің қалыбына қарай ыңғайлану табиғаты бар. Орысша айтқанда «приспособляемость к местным условиям» бар. Бәрін де қазақ қалай болса солай жүрдім-бардым (примитивно) істейді. Бірақ жүре-бара түзелуі анық қой. Ілгері басу (прогресс) деп сол жүре түзелуді айтпайды ма? Тағы да бір сөз: мал бағып, шаруашылық еткен қазақтың қалыбы да басқа-басқа. Сырды, Маңғыстауды қыстап, жайлауға Арқаға көшіп келетін қазақ қой малын көбірек ұстайды. «Жарықтық келепен құйрығым!» деп Торғай бойындағы, Жыланшықта һәм Есіл бойларында мекен еткен қазақ халқын көбірек асырайды, «жел жетпесім!» деп, орыс қалаларына жақын жері тар қазақ сиыр малын асырайды; «күйіс малым, сойыс малым!» деп осылардың бәрі әлігі жерін қарай ыңғай­лану­ табиғатының күшті екендігін көрсетеді.

Қазақтың жері қақындағы закон әр он жыл сайын дегендей өзгеріп тұр. Бұл күнде 12 десятинелі көшпелі норманы алып отырып-ақ қалайық, қала салмайық, енді тағы бір он жылдан соң 12 десятинені артықсынып жүрушілер табылмас па екен? Бұған кімнің көзі жетеді? Сол 12 десятиненің енді кесілмес-пішілмесіне кім кепіл болады?

Менім түсінуімше, енді мұнан бұлай черибина нормалары – әрбір уақытта қайтып келмеске кеткен норма, мынау 12 десятинелі көшпелі нормаң да уақытша ғана. Қазақ болып ақылыңды басыңа жи. Пұрсат бар уақытта бірыңғай араңа мужик кіргізбей, жұрт болып қалуды ойла. Мұнан былай жер тараймаса кеңеймейді. Әр елу жылда жұрт бірге-бір ауысып жатыр. Енді елу жылдан соң Руссия қол астындағы үш жүз миллион халық болмақ. Бұлардың барлығына да жер керек болмақ. Соның үшін ерте бастан ойланып, кейінгі нәсіл-нәсіптің өз қатарыменен тартысуға жарарлық болуын, жер жүзінен сыпырылып жоғалып кет­пеуін ойлауға керек.

Міс.