Жазу мәселесі

(«Айқап» журналы, №9, 1913);

Мұхтарам А.Б. мырза өткен жылғы 4-5-нөмір «Айқап»-та жазуымызды бір тәртіпке қою, қазақ тілін бір қағида астына алу турасында бірталай сөз жазды. Әр нәрсені түптен ойлаушы, көзге шағылыққан һәрбір қараны алыстан болжаушы А.Б. мырзаның қара қазандай басында қайнап, әбден пісіп шыққан бұл пікірге қарсы сөз сөйлеуге көп аузымыз бармайды. Сонда да көңілге келгенді кері жұтуға жарамайды. Шаһзаман мырзаға ұрысқаны сияқты көп болғанда бізді де бір қайта ұрысып тастар.

Мырзаның азған сөздерінің ең керектілерін осы тәртіппенен көрсетуге болады:

  1. Қазақ балаларын оқыту үшін нағыз қазақ тілінде жазылған кітаптар керек.
  2. Кітаптардың пайдалы болуы үшін жазудың тәртіпті болуы шарт. Тілдегі барша дыбыстың бас-басына бір белгі болса, соған «тәртіпті жазу» деп айтылады.
  3. Қазақ тілінде болған дыбыстардың саны.
  4. Араб қаріптері қазақ тіліндегі дыбыстарға жетпегендіктен, оны жеткізудің шарасы.
  5. Дауысты дыбыстардың бас, орта буындардағы жазылу реуіші.

 

  1. Негізді жол: айтылуы басқа болған сөздердің жазылулары да басқа болу керек.
  2. Қазақ тіліне сіңіп, қазақ сөзі болып кеткен арабша, парсыша жат сөздерді сақтап, сақтамауды көптің еркіне тапсыру.

А.Б. мырзаның 1-2-нші нөмірменен көрсеткен пікірлеріне қосыламыз. Оған қарсы: «Рас, айтқаныңыз тура» деуден басқа жауап жоқ. Бірақ 3-нші нөмірменен көрсетілген пікірлеріне онша жылдам қосыла қоймаймыз. Қазақ тіліндегі бар дыбыстарды үшке бөледі: бес дауысты, екі жарты дауысты, он жеті дауыссыз дыбыс. Барлығын апарып 24-ке толтырады. Мырзаның екі жарты дауысты, он жеті дауыссыз дыбыс бар деген сөзі біраз ақылға жатса да, бес дауысты дыбыс бар деген сөзін мақұлдай алмаймыз. Өйткені қазақ тіліндегі дауысты дыбыс бесеу емес, тоғыз. Осы айтылған тоғыз дыбыстың қазақ тілінде анық естілетұғын дыбыстар екендігін Б. мырза өзі де жасыра алмайды. Өйткені, «ا» (А), «ﻮ» (О), «ۇ» (У), «ى» (И) қаріптерінің (әріптерінің - Қ.О.) әрқайсысы екі дыбыстан сегіз дыбыс орнына жүргендігін, оның үстіне қазақ тілінде Е («ه») дыбысы болып, барлық дауысты дыбыстың тоғызға толғандығын, ол өзі бек көп мысалдарменен бекітеді. Һәмде оның бес дауысты дыбыс үшін алған бес түрлі белгісінің өзі де әсілінде тоғызға қайтып қалады. Боз (түс), бөз (шүберек) сөздеріндегі екі түрлі (О) «ﻮ»-ны, бір түрлі деп айта алмаймыз. Бұлардың біріншісіне - «қалың дәйексіз» «ﻮ» (О), екіншісіне

 

  • «жіңішке дәйекті» «ﻮ» (О) дейміз. Қысқасы: қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың, олардың белгілерінің бәрі - тоғыз болушылығы мырзаның барлық мысалдарынан, һәрбір сөзінен дерлік көрініп тұр. Солай бола тұрып деп, мырзаның сөз аяғында: «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс - бесеу, оның белгілері де - бесеу, солайша қазақ тіліндегі дыбыстардың белгілері - бәрі 24 болады» деп өзінің қалаған негізін өзі бұзып қоюы ғажапқа қаларлық іс.
    1. Араб қаріптерін қазақ дыбыстарына жеткізудің амалы: арабтың дауыссыз қаріптері бізге молынан жетсе де, дауысты қаріптері жетпейді. Өйткені бізде дауысты дыбыс - тоғыз, арабтарда дауысты қаріп - үшеу: «آ, ﻮ, ى» (А, У, И). Бұған бір амал табу үшін Б. мырза бұл уақытқа шейін көбірек У орнына жүртілген (жүрген – Қ.О.) «ﻮ»-ны «О» үшін алып, «У» орнына үстіне бір үтір қойылған «ۇ» -ны қабыл етеді. Бұл төрт қаріп «آ, ﻮ, ى, ۇ» (А, О, У, И) бірде жуан, қалың, бірде жіңішке, қысқа болып айтылады. Енді жіңішкелерін қалың һәм жуандарынан айыру үшін сөздің басына «ء» дәйекшесін қояды. Сөздің басында осы «ء» тұрса, сол сөздің ішінде жоғарыда айтылған төрт қаріптің қайсысы кез келсе де жіңішке оқылады. Сөз басында «ء» болмаса, бәрі де қалың оқылады. Бұл амал­ дың да бізге ұнамаған жерлері бар көрінеді.

 

  1. «ﻮ» (У) менен (И) «ى»-ды «О» һәм «Ы» орнына қабыл ету мақұл емес. Өйткені бұл уақытқа шейін көбірек «ﻮ,ى»-ге (У, Ы) дауысы (дауыстысы

– Қ.О.) беріліп жүрілді. Біз соған әдеттеніп, көзіміз үйреніп қалды. Енді оны бұзбасқа керек. Біз жаңа бір әріп шығарсақ, Ы, О дауысын беру үшін шығару тиіс.

  1. Дауысты қаріптерді жіңішкерту һәм қысқарту үшін қабыл етілген «ء» белгісін сол дауысты қаріптердің өз үстеріне қою тиіс еді. Мәселен: «ﯽﺳﮐء» (кісі) сөзіндегі «ى»-ды жіңішке һәм қысқа оқыту үшін қойылатұғын «ء» белгісін «ى»-дың (и-дің) өз үстіне қойып, «ﯽﺳﮐء» (кісі) реуішінде жазу керек еді. «ء»-ны сөздің басына қойып, «ءﯽﺳﮐء»

(кісі) реуішінде жазу аяқтағы етіктің жыртығына жамалуға тиісті болған жамауды сап-сау тұрған бастағы бөрікке апарып жамаған сияқты ұнамсыз болып тұрады. Бұл – бір. Екіншіден: сөздің орта һәм аяқ буындарындағы бір дауысты қалың яки жіңішке оқу үшін сөз басында «ء»-ның бар, жоғына көз салып тұру керек. Бұл да аз болсын, көп болсын оқуға қиындық келтіргендіктен, асыл тағлымға (педагогика) оншама қолайлы болып жетпейді. (Өйткені біздің әріп түзетуден бірінші мақсұтымыз - үйрену, үйрету жолын жеңілейту-дүр). (Ақыры бар).

 

Ғ.МҰСИ

 

ЖАЗУ МӘСЕЛЕСІ

 

(«Айқап», 1913 ж. 13 май. Басы №9 нөмірінде)

 

  1. Кейбір сөздер бар баста «ء» белгісі бола тұрса да, оған қарап дауысты қаріп жіңішкермейді. Мәселен: «қирады» сөзін алайық. Мұнда «қ»-дан соңғы «и» жіңішке айтылғандықтан, сөз басына, әрине, бір «ء» қою керек. Бірақ ол «ء»-ның болуына қарап, «р»-дан соңғы «а» менен «д»-дан соңғы «ы» жіңішкермейді.
  2. Жарты дауыс үшін алынған «ۋ» (У) менен «ى»-де (И) онша ұнап жетпесе керек. Өйткені «ﻮ» менен «ى»-ды жарты дауысқа айналдыру үшін арабтардың қабыл еткен сукун «º» белгісі бар. Бұл ұнамды һәм көптің қабыл етуіне де жақсы болар. Мәселен: ۋاﭔ , ﻱاﭔ (бау, бай) реуішінде жазуға қарағанда, ﻮاﭔ , ﻰاﭔ , ﺭﻻﯾاﭔ (бау, бай, байлар) (деп) жазу, әлбетте, ұнамдырақ болса керек.
  3. дауысты дыбыстардың бас, орта буындардағы жазылу реуіші:

 

Бұл турада да айтатұғын біраз сөз бар:

 

  1. Баста ﻮ , ۇ , ى (О, У, И) қаріптері келген уақытта олардың алдыңғы жағына бір «ا» (А) таяғын қосып жазудан келер не пайда бар? Оны жазбаудан келер не зарар бар? Мәселен: رﻮا , رﻮأ (ор, ұр) деген сөздерді رﻮ , رٶ (ор, үр) деп жазсақ та болмай ма? Б. мырзаның бұлайша ا-ны (А) керексінуі жалғыз ескі әдетке еру болса керек, әйтпесе, ол - Мұсаның таяғы емес қой.

 

  1. «ۋ» (У) сөздің басында, буынында анық ұзын естілсе, онан соң бір «ۋ» (У) жазуға тиіс. Басқа жерде ұзын, қысқа естілсе де, бәрібір жаңғыз «ۇ» (У) жазылады деген сөзінде біз онша ұға алмадық. Не үшін бас буында ұзын естілсе, онан соң бір «ۋ» (У) жазылады да, басқа жерде ұзын естілсе де, ол «ۋ» (У) жазылмайды? Оның себебі айтылмаған. Бізге қалса «ۇ» (У) қайда болса да, бәрібір «у» (ۇ), онда һешбір айырма жоқ еді. Мәселен: ارﻮڊ , ﻮﻧﻻﻮﭼا (бура, ашулану) сөздеріндегі «ۇ»-лар («у»-лар) арасында не айырма бар? Не үшін «бура» дегендегі «у»-дан соң бір «у» қойылады да, ашулану дегендегі «ۇ»-лардан соң ол «ۋ» (У) қойылмайды? Дұрыс, кей уақыт «у» қысқа һәм жіңішке естіледі екен. Ол уақытта оны қалың һәм ұзын «у»-дан айыру үшін оның үстіне баяғы жіңішкелік белгісі болған «ء»-ны қойсақ болмай ма? (Өйткені біз «ء»-ны һәм қысқалық һәм жіңішкелік белгісі деп білеміз). Соның үшін де біз «құлақ», «бүгін» сөздерін «құлақ, бүгін» реуішінде жазу мақұл болар еді деп ойлаймыз.

 

Әпендінің: «Ы қарпін сөздің аяғында ғана жазып, басқа жерде жазбаймыз» деуі де қызық емес пе? «Ы» орнына қабыл етілген ى -дың (И) сөздің аяғында керегі болғаны сияқты, басқа жерлерде де керегі болса керек. Мәселен: «Қойға қасқыр тиді» дегендегі «тиді» менен «тоқтатты» сөзінің мағыналары қандай басқа болса, айтылулары да сондай басқа. Біріншісінде «т»-дан соң «и», екіншісінде «ы» жазылуға тиіс. Соның үшін біз «ы» орнына баста, ортада, аяқта да жазылсын деп

  • ﯿ ﻱ» (И) белгісін қабыл еттік.

 

  1. А.Б. мырза өзінің жарты дауысты дыбыс орнына қабыл еткен «ﯽﯾ» (И) турасында айтады: егер «ﯽﯾ» (И) дауыссыз дыбыстан соң келсе, ол жерде бір жазылмайтын «ى» (И) болғаннан дейді. Бұл жазылмайтын «ى» (И), қандай «ى» (И) екен? Не үшін ол жазылмайды екен? Егер «оны бұ­ рынғы жазушылардың көбі жазбаған» десеңіз, ол онша лайықты жа­уап емес. Соңғы жазушылардың көбі: ﻦﻳﭠ , ﻦﻳﻗ (тиин, қиин деп) жазбайды, бәлки, ﻦﻳﻳﭠ , ﻦﻳﻳﻗ (тиын, қиын) жазады. Бір ойдан, мұнда жарты дауысты «ﯽﯾ» (И) жоқ деп айтуға да болады. Онда «ﯽﯾ» (И) дауысынан да бегірек «Е» даусы естіледі. Шөнки, «ﯽﯾ» (И) һәр уақыт сукунлы боларға тиіс: ﺭﻻﯾاﭔ , ﭖﺂﻗﯾا (байлар, Айқап) сықылды. Әгар біз жоғарыдағы сөздерді бір рәуіштен жаздырсақ, ол һешбір уақытта да ТІИН деп жазбас еді, бәлки, ТІЕН жазар еді.

 

  1. Е орнына қабыл етілген «ﯽﯾ» белгісі де аяқ һәм қосылмайтын қаріптердің соңынан басқа жердің бәрінде де бір реуіште жазылу керек. Мәселен: ﻙﻪﻟﻳﭼ , ﻙﻪﺳﯾا (шилек, исек) сөздерін ﻙﻳﻟﻳﭼ , ﻙﯾﺳﯾا (шелек, есек) жазу тиіс.
  1. Негізді жол: айтылуы басқа болған сөздердің жазылулары да басқа болу керек. Бұл - емленің түзік болуы үшін ең керекті бір қағида-дүр. Бұған қарсы айтар сөз жоқ.

Бізге «ﺶ» (Ш) менен «ﭺ» (Ч) қаріптерінің қайсысын қабыл ету тиіс? Бұған жауап сол: қазақ тілінде таңдайдан шығатын «Ш» дыбысы – анық дыбыс. Ч дауысы қазақ тілінде тіпті жоқ деп айтуға да болады. Қазақ тілінде қандай көбірек жүртілетін һәм анық естілетін дыбыс болса, соны қабыл ету, әрине, артығырақ. Біреудің көңіліне «ﭺ» (Ч) муафиқ болса, басқалардың көңіліне «ﺶ» (Ш) муафиқ шығар. Бірақ бір кісінің тілеуіне қарап тіл өзгермейді.

  1. Қазақ тіліне сіңіп, қазақ сөзі болып кеткен жат сөздерді сақтауға ма, жоқ па?

Біздің өз сөзіміз табылып, молынан жетіп тұрған уақытта ол жат сөздердің бізге бір тиынға да керегі жоқ. Әгар, ол сөзіміз кемтар болып, жат сөздерге мұқтаж болсақ, ол уақыт оларды сақтамайынша да шара жоқ. Бірақ қай уақытта да ол жат сөздерді өз аузымыздан қалай ес­тілсе­, солай жазу керек. Мәселен: халалды – адал, харамды – арам, ғақылды­ – ақыл деп жазу тиіс.

А.Б. мырзаға айташақ сөзімді осы жерде тоқтаттым.

 

Мен бұ жолы өзімнің қабыл еткен жаңа әріптерім-белгілерімменен жазбадым. Неге десеңіз, әлі ол жаңа жолды жұрттың мақұлдап, мақұлдамасы белгілі болмағандықтан оқушылар, бәлки, жаратпай жүрер деп ойладым.

Б. мырзаның көрсеткен жолыменен менің жолымның арасында бірнеше айырма бар:

  1. Мен У орнына «ﻮ»-ды, О орнына бір құйрықты, яғни құйрығының ұшын төмен қарай бұрып қойған «уау»-ды мақұл көрдім. Мұның құйрығын бұрудың себебі: У орнына жүртілген «ﻮ»-дан айыру үшін. Оларды бір-бірінен айыру О орнына жүртілген «ﻮ»-дың үстіне бір үтір (ۇ) яки мәд қоюменен де болар еді. Бірақ бұлайша үйлі әріпті жазып, соң оның үстіне үтір яки мәд қойып жату қолды күрмеп, жазуға қиындық келтіреді. Һәмде ескі славян һәм араб жазулары сияқты әріп үстіне харакат, белгі қойып жату жазудың сынын кетіреді. Қаламыңды қағаз бетінен алмайынша Уау-дың құйрығын төмен қарай бұра салу оған қарағанда, көп жеңіл.
  1. Ы орнына бас, орта, аяқта да жазылатын «ﻱ ﯿ»-ды мақұл көрдім. Б. мырзаның ы орнына «ى» белгісін алады да, жалғыз сөздің аяғында ғана жазылады дейді. Мен айтамын: ы дауысы қазақ сөздерінің бас, орта, аяқ буындарының қайсысында да естіледі, соның үшін ы орнына алған белгіміздің де сол айтылған орындарда жазылатұғын болуы тиіс деймін.

 

  1. Е орнына ноқатсыз «ى»-ды мақұл көремін. Оның себебі де баяғы жеңілдік: астына түртіп жатқанша, осылай жаза қойсақ болмай ма деймін?
  2. Б. мырза сөздің басында дауысты әріп келсе, оның алдыңғы жағына бір «ا» (А) таяғын қояды. Мен айтамын: ол таяқ - босқа жүрген таяқ. Баста қандай дыбыс естілсе, соның өзін жазу керек деймін.
  3. Б. мырза «ء» дәйекшесін сөздің басына қояды. Мен қандай әріпті жұмсату керек болса, соның өзінің үстіне қоюды мақұл көремін.

Ғ.МҰСИ