Земстуо сайлауын қалай өтуге

Ішкі орда қазақтарына облысной земство берілетін болды. Сондықтан земство турасында Астраханнан бөліндік, өз алдымызға облыс болдық деп «Ұран» №3-нші номерінде жазып едік. Ол туралы, ішкі іс министрінен 16-ншы июльде келген телеграмда: «Жуырда земстуо положениясын (Земство ережесі – ауд.) һәм сайлау инструкциясы жіберіледі» деген де сөз бар еді. Осыны күтіп, кіндік комитетіміз земстуо сайлау ісін бұл күнге шейін жарыққа шығара алмады. Біз де сайлау ісін қалай атқару жайымен халықты тегіс таныстыра алмадық. Земстуо кіргізудегі бір мақсат - алдымыздағы учредительное собранияға (құрылтай жиналыс – ауд.) сайлау ісін түгелімен земстуоның міндетіне тапсыру еді. Сондықтан, земстуо положениясы һәм жаңа сайлау инструкциясы (түсіндірме – ауд.)

– кешікпес, шығар, шыққан уақытында жаңа сайлау инструкциясымен халықты таныстырармыз. Әзірге, бұрынғы земстуо кіргізілген жерлерде, земски вуолусной гласныйлар сайлау туралы шығарылып, 1917-нші жыл 11-нші июньде (маусымда – ауд.) ішкі іс министрі Князьдың бекіткен сайлау тәртібімен таныстырайық. 1917-нші жыл 11-нші июньде ішкі іс министрі бекіткен тәртіптер мыналар:

1) Уолустной земстуо турасында уақытша хүкіметтің жарлығы жариялануымен уездный земски управаларға (Бөкейлікте бөлім комитеттеріне тура келеді) төменде айтылған уолосной земстуо мүшелерін сайлау жөнімен, сайлау ісіне, жергілікті халық ұйымдарынан кісі алып, барлығы он шақты адам болып, шұғыл іске кіріссін.

2) Уолустной земстуо мүшелерін сайлау үшін, уезный земски управаларға (бөлім комитеттеріне) уезный һәм обласной комисарлар сайлау жөнін көрсетіп көмегін тигізіп тұрсын. Жоғарыда айтылған екі ережеден көрінді: уолустной земстуо мүшелерін сайлау ісін, уезный земски управалардың (бөлім комитеттерінің) атқаратындығы. Олай болса, уездни земски управалардың (бөлім комитеттерінің) сайлау ісін қалай атқару үшін жазайық.

Бөлім комитеттерінің міндеті:

1)    Бөлім комитеттері земстуо тәртібін жүргізуге керек мағлұмат­тарды облкомитеттері өздері шақырған жүйрік адамдарынан, болысной мүхкімелер, азық комитеттері, податной инспекторларынан әдейі адамдар жұмсап, жинасын. Бұл айтылған орындар бөлім комитеттерінің сұраған мағлұматтарын бір жетіден кешіктірмей жеткізуге міндетті.

2) Земство туралы уақытша хүкіметтің шығарған тәртіптері естіртілісімен бөлім хүкіметтері уолыстардың шегін анықтап, ашып, болатын уолыстары земски упрауаның байрақты орнын белгілесін.

3) Шегі ашылған уолыстар қайтадан өзгертілмесін. Бірақ өте қажет болған жерлерде, бөлім комитеттері бірінші уолысты бекітуге, бір уолысты бірнешеге бөлуге, яки ортадан ойып жеке уолыс қылуға ерікті. Тек аттамалық болмасын. Түрлі уолыстан жиналған бір жердегі жиын ел бұрынғысындай, түрлі уолысқа бөлінбесін. Уолыс саны артса да, кемісе де бөлім комитеттері, кіндік комитетке (олустной комитетке) ішкі іс министріне білдірсін.

4) Бөлім комитеттері уолыстардың шегін анықтап ашқан соң, уолыс басынан байланатын гласныйлардың санын көрсетсін: адамы ең аз уолыстардан 20, орташа болғандарынан 35, ең көп болғандарынан 50 гласный сайланбақ.

Бұл ережеде бір уолыстан сайланатын гласныйлардың шек сандары айтылған. Адамы ең аз болған уолыстардан жиырма гласный (онан кем болмайды) адамы орташа болғандарынан 35 гласный (онан артық кем болмайды) адамы ең көп болғандарынан 50. (онан артық я кем болмайды) бірақ неше жасты уолысты ең кішкене уолыс деуге, неше жанды уолысты орташа уолыс деуге, неше жанды уолысты ең үлкен уолыс деуге? Ережеде бұл жері ашылмаған. Оны ашу жергілікті сайлау комиссиясына һәм жергілікті мүхкемеларға қалдырған. Сондықтан, неше жаннан бір гласный сайлау мөлшерін, ол мөлшерден неше жанды уолысты, кішкене, орта, үлкен уолыс деу мөлшерін шығару – жергілікті, бөлім комитеттерінің ісі.

5) Бір уолыстан аталған гласныйлардың саны: сол уолыстың селски сайлау округтеріне бөлуге бір жердегі жиын ел, бір селски сайлау округі болады. Тек адамның санына қарай, гласный саны үштен кем болмасын. Сондықтан адамның саны үш гласный сайлау мөлшеріне жетпестей болса, өз алдына селски сайлау округі болуға жарамайды. Өзге сыбайлас елмен қосылып бір сайлау округі қылынады:

6) Бөлім комитеттері: а) әр уолыстың сайлау комиссиясына кіретін адамдардың санын көрсетеді. Ол төрттен сегізге шейін; мұның жартысын бөлім комитеті өзі көрсетіп, сайлау комиссиясының председателін де бөлім комитеті – белгілейді. б) сайлау комиссиясына кіретін адамдардың қалған жартысын сол уолыстарға халық ұйымдарынан алып, толтырсын. в) уолусной сайлау комиссиясының председателіне, уолусной гласныйлардың, сол уолыстағы селски сайлау округі басына неше гласныйдан тиетіндігін білдірсін. г) сайлаушылардың жұрт көзінен өткізетін үмітін һәм сайлау сайлау болатын күнін белгілесін.

7) Жоғарыдағы 2, 3, 4, 5, 6 баптарда айтылған тәдбирлерді (тәдбир парсы тілінде бұйрық, тапсырма – ауд.) орындаған уақытта, бөлім комитеттерінің, мөлшерінің саны үштен кем болмасын һәм земстуо законын жүргізу жарлығы естірілген соң, екі шеттен кеш қалдырмай істесін.

8) Бөлім комитеттері, сайлау күніне шейін сайлау қағаздарын жасатып, ұсынуы һәм селски сайлау комиссияларына үлестіріп – қоюға. Мүмкін болғанда конверттерін де үлестіріп, беріп қоюға.

Ууолусной сайлау комиссиясының міндеттері:

1) уолусной сайлау комиссиясы жасалысы мен өз селски сайлау комиссиясының председателі атайды.

2) Уолусной сайлау комиссиясының председателіне орынбасар сайлайды;

3) Сайлау списіктерін жасай бастайды. Сайлау списігі былай жазылады.

Сайлаушының аты, әкесінің аты фамилиясы жазылады. Фамилиясы алфаба (әліпбе – ауд.) ретімен тіркеледі, әр сайлаушының тұсына рет номерін қойыла барылады: (әр селски сайлау списугінің рет номері өз алдына жеке басталады) списік жасалған уақытта дұрыс жасы белгісіз болса, жиырма жастан кем емес екендігін көрсетіледі. Сайлау списігі жасалғандар сол сайлау округі ішінде тұрғандығы, яки үйін, қыстауы – селски сол сайлау округінің ішінде екендігін, яки кісінің сол окрук ішінде екендігі көрсетіледі.

Сайлау списігін жасау үшін керек болған мағлұматтарды: азық комитеттерінің жинаған есептерінен, манафтардан, просимдерінен, списіктерден, жеке адамдардан һәм мекемелерден алынбақ. Бұл орындардан керекті мағлұматтарды жинау үшін, жергілікті комитеттерден жәрдем көмек сұрауға, ғаскерлер турасында мағлұмат алу керек болса, ғаскер басыларынан – алуға.

Сайлау списіктері, сайлау болатын күнінен ай жарым бұрын, жұрт көзінен өткізілуге: егер бастапқы списіктің кемдігі табылып қайтадан түзетілсе, бұл соңғы списік сайлау күнінен жарты ай бұрын жұрт көзінен өткізілуге.

4) Бұл екі списіктің екеуінде, жұрт қарауынан өткеру үшін, списіктерді көрнекті жерлерге шығаралып қойылуға һәм сайлау комиссиясының үйінде көрнекті жерде қойылуға тиісті. Сайлау комиссиясының үйіндегі списік, таң ертең сегіз сағаттан, кешкі сегіз сағатқа шейін, сол қойылған орнында сақталсын, сайлау списігінің жұрт көзінен өткізілуге қойылатын күні, күн бұрын жұртта естіртілуі тиіс. Соның үшін уолысты сайлау комиссияларының қайткенде сайлау списігін жұрт көзінен әбден өткізуге болатындығын сайлаудың күнін, сағатын, орнын, гласныйлардың списігін, бөлім комитеттерінен сұрап, біліп тұруы қажет.

5) Уолусной земстуо сайлау комиссиясы, земстуо законы естіртілгеннен кейін бір айдың ішінде, сайлау списігі, селски сайлау округіның бас-басына, үш-үштен даяр қылу керек. Сайлау списігін қолмен жазуы, жазу машинасына бастырып алу, баспаханаларға бастырып алу – бәрі де бір.

6) Сайлау күнінен бір жеті бұрын уолыстары сайлау комиссияларының үйінде сегіз жарнама көрнекті жерге алынып қойылуы керек. Оған мына сөздер жазылсын:

а) сайлау істелетін күн һәм сағат.
б) сайлау жасалатын орын.

в) сайлау комиссиясындағы адамдар мен ол комиссияның іске кірісетін мезгілі.
г) әр уолусной сайлау округінен сайланатын уолусной гласныйлардың орны.
д) сайлатуға кіретін адамдардың сайлауға кірулерінің тиістігі, сайлауға хұқығы жоқтардың сайлауға кірсе, уголовный сотпен жазаға тартылатындығы.

7) сайлау жасауға уолусной сайлау комиссиялары жарамды үй табуға. Үйдің бір екі бөлмесі сайлау запискаларын жазу үшін арналады. Столдар қойылады. Столға жазу құралдары қойылады. Сайлау запискасын жазушыларды бір-бірден ғана жіберілуге, оларға сайлау болатын үйден де орын беруге болады. Егерде, сайлаудың қалай болып жатқанын көріп, сайлауға кемшілік келтіретін болмаса.

8) уолусной сайлау комиссиясының председателі сайлау ісіне, өзіне секретарь тауып алады.

9) уолусной сайлау комиссиясының председателі һәм сайлау жұмысының секретары сол уолыстағы сайлау хұқықы бар адамдардан болу керек. Селски сайлау комиссиясының міндеті:

А) селски сайлау комиссиясының председателі белгіленісімен-ақ селски сайлау комиссиясы жасайды. Селски сайлау комиссиясының председателі, орынбасары және бір мүшесі – барлығы үшеу болмақ.

Б) селски сайлау комиссиясының председателі сайлау жұмысына өзіне секретар тауып алады.

В) селски сайлау комиссиясының председателі һәм секретары сол – сайлау округында сайлау хұқығы бар адамдардан болу керек.

Г) селски сайлау списігін жасау. Бұл списіктің қалай жасалу реті һәм ол турадағы сөздер жоғарыда жазылды.

Д) селски сайлау комиссиясының үйінде сайлаудан бір жеті бұрын уолусной сайлау комиссиясының міндетіндегі 6) да айтылған сегіз жарнама қойылуға тиіс.

Е) уолусной сайлау комиссиясының міндетіндегі 7) де айтылған орындалуға тиіс.

Селски сайлау болатын күні, таң ертеңгі сағат сегізден, кешкі сағат сегізге шейін жабылмай-ашық тұруға тиіс. Сайлау билігі сайлау басындағы комиссияның қолында болуға тиіс. Есіктен кіре берісте сайлау комиссиясының списігі қойылуға тиіс. Сайлау комиссиясының председателі, сайлау басынан бір жаққа кетсе, председател билігін орынбасарына тапсырып кетеді. Комиссияның протоколдарын секретарь жазады. Бұған көмек үшін бөлім комитеттері өзінде қызмет етуші адамдарынан қосуға да болады.

Аяғы бар

 

Хүкіметтің уақытша шығарған «Сайлау тәртібінен» қорытып жаздым:

Жоқшы

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар