Заман баласына жауап

«Ұран»-ның 25-нші номерінде заман баласы болып Тарғынның управасының ағзаларынан сұрайды екен: Шариф Құшпан баласы азық-түлік камитетінде тұрғанда халықты жылатқан кісі еді. Енді не себепті милицианер қойылды? Бұл милиция болып алған соң кеудесін көтеруде, бұған халық жылаулы, мұңайулы деп, Шарифты милиционер қойғанда управада ағзаның біреуі болғандығым үшін өз жауабымды газите жүзінде сұраушының көз алдына саламын.

Шарифты мен өзім білмейтін һәм танымайтын едім. Мұны ауылда азық камитетіне ушастковый съез сайлайды. Әлбетте өзінің 6-ншы волысының шлендерінің көрсетуімен болса керек.

Шарифты Ордадағы складқа қойса азық-түлік камитетінің өзі қойды.

Ол камитетте мен шлен емеспін.

Ушасткедегі азық камитетінің есебі жауабы кіндік азық камитетіменен болды. Ушастковый исполнителный камитетпен қатысы болмады. Кағр(?!)менен сұралған отшотты да бермеген.

Мұның хақында, йағни қисымдағы азық камитетінің ғамалын тексеруші қисымдағы исполнителный камитет пе? Иәки кіндік азық камитеті ме? - деп централный камитетінің бір жиынында сұрағанымда, маған ашық баян етіп айталмаған. Сонда заман баласының бірнешесі шлен еді. Білмеймін, бәрі де соқырлықтан ба? Иәки басқа себептен бе? - дұрыс әңгімені болмаған камитет жоқ, соның ішінде бізің Тарғынның азық камитеті де бар.

Қанша жараулы кісі деп қойсаң да әңгімесіз бір милиция жоқ. Біреуінің үстінен қиянатшыл кісіні милиция қойды деп халық атағынан заман баласы айтса, біреуінің үстінен жәрдемі, біреудің бұзық мұраты бойынша аданастарын тәрбиесіз деп заманның қарттары айтады. Яки халыққа сүйкімсіз кісіні қойыпсыз деп кейбіреуінің үстінен заманның жігіттері айтады. Айтқан кісінің сөзі бәрі де өзінше дұрыс па? Яки жек көргендіктен айта ма? Оны біз білмейміз. Соның үшін ондай сөздердің анығына жетуге управаның уақыты болған жоқ.

Һәм управа бұзық кісіні біле тұра қойған жоқ. Менім өз басымның орынға қойғандардың еш біреуімен әміл-жәміл мен есебім жоқ. Жақын-жанабым һәм туған туысқаным да жоқ. Мұндайларды қойуға қарсы болғанымды милиция сайлағанда бірге болған жолдастарымның бәрі де біледі.

Егер қойған милицияның ағзаларында халыққа зарарлы кісі болса, ондайларды дұрыстықпенен түсіріп тастасын, қылмысына қарай сотқа берсін, бұған менің қарсылығым жоқ. Заманның баласы болсын, жігіті болсын, қарты болсын, көзім көреді деп өзіне өзі сенсе, әуелі өзінің аяқ жолын көріп іс қылсын, олай болмағанда газет бетінен шыжбайлаушылық баяғы ертеде болған үш адамның ғамалын ету болады.

Ол мынау: бір екі көзі жоқ соқыр, екі қолы жоқ шолақ, дорба арқалаған бір тіленші үшеуі бір орында отырып, арақ ішіп мас болып қызғанда, соқыр жоғары қараған болып «мынау уйдің әдемісін-ай» дейді. Бұған шолақ ашуланып: «соқыр, айт. Нені көріп айтып отырсың, осы жұдырықпен салып жіберіп, тісіңді желкеңнен шығарайын ба?» – деп. Сонда тіленші дорбасын ұстай тұра келіпті: «өлтір, құнын өзім берейін» деп.

Ай, жарқыным-ай, өзіңді-өзің заман баласы деп, көзім бар деп білсең, көретұғұн заттар толып тұр ғой. Мұны неге көрмейсің?

Ғабдолла МҰҚАШҰЛЫ

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар