«Ұран» газетіне»

Үміті жас «Ұраным»,

Құтты болсын құралың,

Өмірің ұзақ болсын деп,

Мен де бір тілеп тұрамын.

 

Мен де қазақ баласы,

Көңілімнің жоқ аласы,

Басшыға тойған ел емес,

Қазақтың кең даласы.

 

Басшы болсаң ел баста,

Біз ерелік, сен баста.

Артыңа ерген халқыңды

Адастырмай жөн баста.

 

Жақсысын көрсең халқыңның,

Айғайлар заман, «Ұраным».

Жаманын көрсең халқыңның

«Қой-қой»-лар заман, «Ұраным».

 

Еркіндікте еркіңмен,

Ел бастаған көркіңмен,

 

Той тойлар заман, «Ұраным»!

 

 

Бисенғали ЖҰМАШҰЛЫ

(БҚО тарихи-өлкетану музейі,

М.Ысмағұлов қорынан)