«Ұран» газеті туралы

«Ұранды» көз талдырып қарап едік, Әр сөзін мың ділдаға балап едік, Жиылып неше дүркін қарсы алуға – Ақыры, келмеген соң тарап едік. Түбінде ер боларын жан сезді ме – Төзе алмай, келер күнді санап едік.

 

Мінеки, келді сабаз, күтіп жүрген, Еңіреп, ел қайғысын жұтып жүрген, Сал бөксе, шабан жүріс, жалқауларға, Қабағын қарс жауып, шытып жүрген. Қабыл ал құшақ жайып «Ұран»-ыңды, Астана, арманың жоқ мұны көрген.

 

Ғұмар ҚАРАШЕВ,

(«Ұран» газеті, №6,

1 қыркүйек, 1917 жыл)

 

Содержание: