Өз жазуымен өзгертілмей басылды Ашық хат:

«Қазақ» һәм «Ұран» газетлерінде мен Нұралихановты болшевик-халық дұшпаны деп сөзлер арасында түрлі жаманлық амалларды маған тіркайды. Бұл сөзлерімнің кірсіз исміме, істеген амалдарыма муафиқ емес. Соның үшін өзімді тиіссіз жәбір үстінде қалғандайын сайып, болған уақиғаның дұрысын бұндан төмен иғлан етіп хұрматлу басқармадан өтінәмін ардақты газетіңіздің екінші номерінде бұл сөзіме орын бермекке.

Өткен 1917-нші жыл ноябр айында хан Ордасындан Астраханға 3 кісі келді. Ордада тұрған қазақ, ноғай һәм орыс тарапындан уәкіл болып. Бұл 3 уәкіл салдат, хызметші һәм крестиан депутатлар ... камитаніне ғарыз берді. Ғарзында айтады: Бөкәйліктегі хакімлер ұры тыймайды, ұрлық би хисап көбейіп, ел ішінде мал қолданарлық хал қалмады, азық жеткізіп беру жиһадында хабарлары жоқ. Халық ашықты, түрлі сайлауларда зур хианат етіп, халықты тек алған ах... һәм прабасын таптады. Диканске куре Астраханскі совет салдатских депутатов мұсылманлар әскери бұйырмасы құзырінде тұрған мен Нұралихановты һәм прапоршик Саматовты Букейлікке жіберді. 1 мұсылман салдатын қосып, бізге берген әмірінде бұйырулы: Хуриятқа хиянат етушілерді, оларға жәрдем етіп қорғаушыларды, мал ұрлаушыларды һәм ұрыларды сақтап қорғаушыларды уа ғайри сондайын халыққа зиян келтірушілерді ұстап, абақтыға беруге (29-ншы ноябр 1917-нші йыл, 4929 рақімде). Біз Хан Ордасына не хақында келгенімізден хабарланып 1500-ден аса халық жиналып, Астраханға жіберген 3 уәкілдердің сөзі өз-өзіменен дұрысқылар­. Бұл сөздерін 3-нші жедіде Хан Ордасындағы милиция (милетс)?! басына куәландырып, бұдан талап етті мағлұм халыққа қиянат-зорлық уа ғайри жәбір етуші түрлі камитеттердің ағзаларын һәм бай саудагерлерді ұстап жабыңыз деп. Халық бұрынғы камитеттердің қалуын талап етіп, бегректе қызуды тұрды. Кіндік камитетінің бірінші бас ағзаларының Ордада жоқ болғанға көре бір бір низағ(?!) туып кетуге ыхтимал бар болды. Бұ себептен халықты һәнкүмәннің кемілі ашылғанша жайықтыру махсұдында революционный комитет сайланды уақытша халықты басқарып тұрмаға. Бұның ағзаларының жүмлесіне халықтың сайлауы бойынша мен һәм Саматов кірді. Қабу жинска(?!) кіндік камитет халықтың ғарзы менен күнәларын ыспатлап көрсәтіп ұсталуын талап етіп тұрған кісілерді абақтыға б..ды. Ғұмырында маңдайына шаң тимек түгел, «бұның қалай» деген тергеу сөз есітпеген хәкім һәм байлар абақтыға жабылулары өздерінің халыққа істеген қианаттарына гөшсе муафиқ бола тұрса да намыстанып, халыққа сау есату оққуш минан ағуа(?!) жүргізіп, елді екі партия жасап бүлік салды. Жинска камитетке көп мысал келтіріп, қызметінден тоқталынды. Бұлайша ел екі бөлініп, бір-біріне қызғасып тұрғанда абақтыға алғандарды сол сағатта босату екі партия арасында зор уақиға тудыруға да себеп боларлық халде тұрды. Бұның арасында ұсталған хәкімдер-байлар тарапындағы мырзалар барып Астраханнан 3 делегат 300 кісі қазақтың төре-қожаларының байларын жуан қамшы жолдастарыменен ертіп келіп зор соғыс шығара бастады. Келген делегаттар екі тарапта өтініш сөз айтып, төменде айтылмыш рәтменен м...лғлаққа келтір: бұрынғы кіндік камитетін орнына Революционный камитет ашпақшы. Қайусына(?!) екі тараптың бір-бірісінен 7 кісіден ағзалыққа кіріп, рәйіс келген 3 делегаттың бірісін уақытша сайлап қоюға екі тарапы разы болып, араларында кағизменен слуие(?!) жасап, әр тараптан халықтың уәкіл етіп шығарған он-оннан 20 кісі қолдарын қойып, еріклік жасағаны йағдунде абақтыға жабылған кісілер де босатылды. Бұл шыққан соң партиялары күшейіп, арада болған шарттарды бұзып, оның үстіне көп нызағлар шығарғаны арасында өздерінің ғана тараптарыменен жасалып отырған маслихатына революционный камитетінің ағзасы Генераловты өздері шақырып, араларына алып сабап өлтірейін деп жатыр деп мағлұм делегаттар инум пәтеріме келіп айтуы сағатында мен дереу хұзырымдағы 10 салдаттарды алып барып, ешбір адамға зарарсыз халықты түсіндіріп, Генераловты айырып алдым һәм халықты тараттым. Генералов Астрахан советіне һәм Хан Ордасының жарлы халыққа қадірлі кісі. Неге? Ол жарлы нашар халық пайдасына көп қызмет көрсетіп, өзінің кім екенін білгізген адам, егер де ол осы орында өлтірілсе, қазақ арасына салдат тарапынан зор һәлекет түспек еді. Енді екі арада болған шартты бұзуларының себебі мынау:

Бұрынғы халықтың хақын жеп, түрлі зорлық етіп, зұлымлық менен ыхтиярын таптап жүрген хәкімлер арасына келіс реті менен халыққа шын жүрекпен ...дассыз қызмет ететін 7 адамның кірісіп кетуі әлбетте сезікті секіреді деген, іштерінен шынын айтып, қызмет етіп, халыққа әділ сөзіменен жол көрсетіп тұратын кісілердің араласып, сырларын бөліп көріп тұру бір күн болмаса бір күн бұрынғы көк жалдардың мысын шығарып, етегін ашады. Ақырында неше келіп, неше еніп бұрынғылар өз тарапынан 12 кісі сайлап, кө...п қалған 5 ғана орынды екінші тарапына беріп, көңілдерін тындырды. Яғни 17 кісіден камитет народный власный ашты һәм бұл камитет Бөкейліктің уақытша бас мүхкемесі болып саналады. «Қазақ» менен «Ұран» қазақ баласына бірдей жарығын түсіріп тұрған туған күндей һәм баршамызға ортақ бір күшті қаруымыз еді. Соның үшін басқармаларына келген ақпарларды дұрыс сөз бе, бұрыс сөз бе, қараңқырап, газетке шығарғаны мүмкін қадырлі артық болмас педі. Шүнкі бөкейліктің шаруа баққан мүмін халқында еш күнә жоқ. Олар басшыларының көрсеткен бағытына еріп, зиан-пайдасын көп тергемей-ақ ишанып жатқан маслихаттары минан жүре береді. Көптен бұл елді билеп, бірін біріне айдап салып, қойдай қайырып жүріп пайдаланып қалған көк жал ағаларымызға көріне бөкейлік ішіне жөн білетін жаңа фікірлі қазақ баласының келіп ел билігіне кірісуі мұқмсақ(?!) жағымсыз. Соның үшін мен ... елім деп халыққа қалтқысыз қызмет етуге жаңадан келген «Қазақ» ұлын істемеген ісін істеді, айтпаған сөзін айтты деп бояп, халыққа теріс түсіндіріп тұруға мағлұм көк жал ағаларымыз бик маһірланған кісілер, айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтты деген сияқты. Халық алдында мұндай жиған ғамалдары қо...нда халықтың жетім лағына жазбаған біздей бейкүнәһи адам халқының теріс назарында, налыс сөзінде қалуға мүмкін. «Ұран» шыға бастағанда Бөкейлікте жарық күн туып, көз-құлағымыз енді ашылар-ау, байды бай, нашарды нашар, көпті көп, азды аз демей, халыққа бірдей «путеводная звезда» - ай басшы бұ - деп жүмле бөкейлік халқы қуанысып еді. Берігірек келе келе сөз бағыты көбіне күн көк жалдардың, байлардың амалын дұрыс-бұрысына жетпей-ақ дұрысқа шығара бастап, нашар менен аздының сөзін зорлық, тентектікке сайып айта бергенсін, бір қатар халық осы «Ұранымыз» халық ұраны болмай, 3-4 кісінің ғана ұраны болып кетпесе болар еді деген пікірде қала бастады.

Сейіткерей НҰРАЛИХАНОВ

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар