Оралдағы баспасөз туралы

1904-1905 жылдары Орал (бұрынғы Теке) қаласында №3 мешіттің ахуны Мүтиғолла Тухфатуллин «Әл-ғасырул-жәдит» (орысша «Новый век») деп қолжазба журналды татар тілінде жасырын шығарып тұрады.

 

1906 жылдан бастап М.Тухфатуллин арабша әріптер және типографиялық станок, құралдар сатып алып, сонсын «Әл-ғасырул-жәдит» журналының орнына «Фікір» (орысша «Мысль») атты газет шығара бастайды.

 

Бұдан кейін татар халқының атақты ақыны Ғабдолла Тоқайдың басқаруымен және өзінің баласы Камильді қатыстырып М.Тухфатуллин «Яңи турмыш» (орысша «Новая жизнь») деген газетті және «Оқлар» («Стрелы») атты сатиралық журналды шығаруға көмектескен.

 

Жоғарыда  аталған  баспасөздерді  азаттықты  аңсап,          үгіт-насихат жүргізіп, татар, башқұрт, қазақ халықтарының саяси санасын оятуға атсалысқаны, патша үкіметінің отарлаушылық саясатына қарсы пікір таратқаны үшін Мүтиғолла Тухфатуллин патшаның атынан шыққан Указ бойынша 1907 жылы 23 ноябрден бастап (ескі стильше) Оралдағы №3 мешіттің ахуны атағынан айрылып, указной молданың міндетін атқарудан қуылған және жауапқа тартылған. Патшаның сот орындарына орындауға жол­ даған Указының №13266. Бұл Указдың фотокопиясы Ғариф Тухфатуллиннің қолында. Ғариф– қарт коммунист, пенсионер. Ол Орал қаласында тұрған еді (1961 жылға дейін).

 

Кәмил Тухфатуллин жақсы әнші болған. «Қазақстан» газетінде, тағы басқа да газеттерде оның аты аталады.

 

Шамиль Тухфатуллин Қазан қаласында тұрады. Ғалия Кайбицкая­

 

атақты актриса – Тух­фат­уллиннің­ қызы. Ғалияның Кайбицкая­ болу себебі

 

– Мүтиғолла Тухфатуллин Кайбицы деген қалада туып-өскендіктен.

Ғ.Тоқайдың түрлі-түрлі революцияшыл шығармалары «Яңи турмыш» газетінде жарияланғандықтан, оны қудалап, патша үкіметі органдары газет жұмысына қатысуға ерік бермеген. Сол себепті бұл газетті Мұхамбетқали Мусин шығарып тұрған. М.Мусин социал-демократтардың ұйымына Орынборда жүріп, сонсын Оралда жүріп те қатысқан. Бұл туралы Оралдың педагогикалық институтының оқытушысында деректер бар, оның аты-жөні – Әбдірахман Кальтеев, өзі зерттеуші.

Мұстафа Ысмағұловтың қолжазбасы (Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан)