Нөмірі 28

«Ұран»

 

газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады

1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

 

Жазылу бағасы: жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом.

 

Адрес алмастыру хақы 50 тиын

 

Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ»

 

Бұл нөмірде: Бостандық жолы, Ашық хат, сыртқы һәм ішкі хабарлар

-------------------------------------------------------------------------------------

Бостандық жылы

 

Ескі Николай хүкіметі жығылып, бостандық туғанына осы 27-нші фебралда бір жыл толып өтті. Бостандықты алушы 3 жылдай немістен жұдырық жеп, соғыстан тойған салдаттар еді. Оларға саяси партиялар басшылық етеді.

 

Бостандық алушылар Николайдың орнына екінші біреуді таққа отырғызу сықылды қате жолға түспеді. Русияның келешекте қай ретпен басқарылуы туралы билік айтуды учредительный собранияға қалдырды. Оған дейін Русияны уақытша басқарып тұру үшін, сол уақыт саяси партиялар арасында ең күштісі кадет партиясынан уақытша бірінші бостандық хүкіметі құрылды.

 

Бостандықты алушы да біз, сақтаушы да біз болуға тиісті дегендей болып салдаттар да қарап қалмай, олар да өздеріне крестиян һәм жұмысшыларды қосып бір совет ашты.

 

Совет уақытша хүкімет үстінен бақылап тұратын контрол есебінде болды. Сөйтіп Русияда қатардан екі хүкімет майданға шықты.

 

Русияның басына келген қазіргі хүкіметтердің бас ... осы жерден басталады.

 

Кадет хүкіметі Ыстанболды ауызға алды, Англияның Николайға құрған тұзағына бұлар да түсті. Соғысты қайта қозғады.

Бостандыққа соғыс тоқталады деп қана өзінше мағына берген Русия халқына бегіректе соғыстың зардабын көп шеккен салдарға һәм олардың хүкіметі советке бұл іс ұнамады. Соғыс тілеуші кейбір хүкімет ағзалары түсіріліп, олар орнына социалист партиясынан министрлер қойылды.

 

Социалист министрлер жер еңбек сіңірген адамдарға берілсін. Украина, Финляндияға толық автаномия берілсін дегенді айтты. Бұл сөздер кадет министрлерге ұнамады. Сонымен олар бір-бірлеп орнынан шыға-шыға, аяғында кадет хүкіметі құрұды.

 

Кадет хүкіметі өзінің екі айлық ғұмырында Русияға пайдалы бір іс те істемеді.

 

Бұдан соң Киренскі хүкіметі туды. Киренскі бұлбұлша сайрап, тілінің майын ағызып жұртты шаттандырды. Халық бегіректе: Киренскі енді соғысты тоқтатады деп қуанды. Көп те өтпеді, қуаныш босқа кетті. 18-нші июнь жарлығы мен әскерді соғысқа айдап, неше жүз мың Русия әскерінің қырылуына себеп болды. Киренскінің абыройы жоғалды. Сол уақыт көп адамға аты да естілмеген болшевиктер майданға шықты. Оларға салдаттар советі қосылып, июль басында Киренскі хүкіметіне қарсы соғыс ашса да жеңіліп қалды.

 

Сол күннен бастап Киренскі хүкіметі тайғақ мұзда мұзға басқан адамдай-ақ тайғақтап, қалтылдай бастады. Өткір пікірлі Киренскі мұны өзі де сезді. Бір жағынан Европа да болмаған реуіште кең жерді земстуо беріп, халықты ризалатуға кірісті. Екінші жақтан төрт қолы тура сайлау законын шығарып, учредительный собранияны шапшаң жинауға, Русияның билігін собранияның қолына тапсырып, өзі аман-есен міндеттен құтылуға асықты.

 

Осы мақсұтына енді жетемін деп тұрғанда ғана Киренскі хүкіметі жығылды, октябрь аяғында мемлекет билігі болшевиктерге көшті.

 

Львов, Киренскі хүкіметтері бүтін халықтың сайлауымен блмаса да, саяси партиялардың ұйғаруымен болды. Сондықтан халық олардың айтқанына көніп, дегеніне жүрді.

 

Финляндия, Украина сықылды толық автаномия алушы халықтар болса да учр. собранияның құжатына қарсы келмеді. Русияның бүтіндігі сақталды.

Болшевиктер бастан-ақ мылтық, ...раға арқа тіреп майданға шықты.

Билікті күшпен алмақшы болды. Сондықтан халық оларға қарсы тұ... ты. Петраград Мәскеуден бастап Русияның бүтін қалаларында һәм уалаятында деп айтарлық болшевик һәм оларға қарсы халық арасында соғыс ашылды. Қантөгіс кетті. Бостандық күн санап молайды.

Учредителный собранияны күтіп тұрған Русиядағы бұратаналар осы бастақтық, жүгенсіздіктен ...п, бірінің артынан бірі автаномия иғлан қылды. Солар ішінде бізің қазақтар да бірігіп Алаш автаномиясын жариялауға бел байлады, өзінің «Алаш ордасын» сайлады.

Бірінші ноябрден бірінші мартқа шейін 4 айлық ішкі соғыс, ішкі қан төгісте болшевиктер өрісін кеңейтіп, бүтін Русияға жайылды. Бүтін Русия халқының 10 ай күтіп алған учр. собраниясының ғұмырын 6 сағатқа қысқартып, болшевиктер оны 5-нші январда таратып жіберді. Автономия жариялаған халықтардың сайлаған уақытша хүкіметтері де абақтыға жабылды.

Біздің «Алашорданың» да демін шығаруға шамасы келмеді.

Украина, Финляндия құйрығын кесісіп, Русиядан айырылып шықты.

Мемлекеттің бүтіндігі бұзылды.

Бір күн ішінде бітім уәғде еткен болшевиктер бітім сөзін 3 айға созды. Германияның қолына ... ... миллион ... екі жүз мың ... шақырым жер, неше миллиард тұратын запас, құралдар, темір жолдардың кетуіне, теңіздерден айрылуына себеп болды.

3-нші мартта Германияның дегенінше бітім болды. Русияның қол-аяғы темір шынжырмен мықтап тұрып байлады.

Болшевиктердің таянышы салдат һәм қызыл гвардия еді. Германия бітім шарттарының бір пунктында: «салдат һәм қызыл гвардияны қазіргі сағаттан тарат, құралдарын ал деп отыр. Бұған камисарлар хүкіметі қол қойып отыр. Бұның мағынасы сол: болшевик хүкіметі енді шарасыздан өзін-өзі «бітсін» деп қол қойған болады.

Бұлай болғанда келешекте Русияда басшы кім болмақ. Русия қалайша басқарылмақ, бұны бір Құдай өзі ғана біледі.

Русиядағы саяси партиялар, азаматтар ұйқыларын ашып, мастығынан айнып ауыз біріктіріп, мемлекет қамына кіріссе, әлі де болса Русияның қалған пұшпақтарын аман алып қалуға, бостандықты аз да болса қорғап қалуға мүмкін. Егер ескі бағыттарынан жазбаса, Русияда қантөгіс, бастақтық тоқталмаса, немістің тілегі болғаны. Ол уақыт Русиядағы хүкімет, тәртіп неміс айтқанынша болсақ. Ол болшевик болсын десе болшевик, меншевик болсын десе меншевик, Николай болсын десе Николай болмақ. Үлкен шаттық, зор қуанышпен басталған есіл бостандық халі осылайша қайғылы бір бір күйде аяқталып отыр...

---------------------------------------------------------

Өз жазуымен өзгертілмей басылды Ашық хат:

 

«Қазақ» һәм «Ұран» газетлерінде мен Нұралихановты болшевик-халық дұшпаны деп сөзлер арасында түрлі жаманлық амалларды маған тіркайды. Бұл сөзлерімнің кірсіз исміме, істеген амалдарыма муафиқ емес. Соның үшін өзімді тиіссіз жәбір үстінде қалғандайын сайып, болған уақиғаның дұрысын бұндан төмен иғлан етіп хұрматлу басқармадан өтінәмін ардақты газетіңіздің екінші номерінде бұл сөзіме орын бермекке.

 

Өткен 1917-нші жыл ноябр айында хан Ордасындан Астраханға 3 кісі келді. Ордада тұрған қазақ, ноғай һәм орыс тарапындан уәкіл болып. Бұл 3 уәкіл салдат, хызметші һәм крестиан депутатлар ... камитаніне ғарыз берді. Ғарзында айтады: Бөкәйліктегі хакімлер ұры тыймайды, ұрлық би хисап көбейіп, ел ішінде мал қолданарлық хал қалмады, азық жеткізіп беру жиһадында хабарлары жоқ. Халық ашықты, түрлі сайлауларда зур хианат етіп, халықты тек алған ах... һәм прабасын таптады. Диканске куре Астраханскі совет салдатских депутатов мұсылманлар әскери бұйырмасы құзырінде тұрған мен Нұралихановты һәм прапоршик Саматовты Букейлікке жіберді. 1 мұсылман салдатын қосып, бізге берген әмірінде бұйырулы: Хуриятқа хиянат етушілерді, оларға жәрдем етіп қорғаушыларды, мал ұрлаушыларды һәм ұрыларды сақтап қорғаушыларды уа ғайри сондайын халыққа зиян келтірушілерді ұстап, абақтыға беруге (29-ншы ноябр 1917-нші йыл, 4929 рақімде). Біз Хан Ордасына не хақында келгенімізден хабарланып 1500-ден аса халық жиналып, Астраханға жіберген 3 уәкілдердің сөзі өз-өзіменен

 

дұрысқылар­. Бұл сөздерін 3-нші жедіде Хан Ордасындағы милиция (милетс)?! басына куәландырып, бұдан талап етті мағлұм халыққа қиянат-зорлық уа ғайри жәбір етуші түрлі камитеттердің ағзаларын һәм бай саудагерлерді ұстап жабыңыз деп. Халық бұрынғы камитеттердің қалуын талап етіп, бегректе қызуды тұрды. Кіндік камитетінің бірінші бас ағзаларының Ордада жоқ болғанға көре бір бір низағ(?!) туып кетуге ыхтимал бар болды. Бұ себептен халықты һәнкүмәннің кемілі ашылғанша жайықтыру махсұдында революционный комитет сайланды уақытша халықты басқарып тұрмаға. Бұның ағзаларының жүмлесіне халықтың сайлауы бойынша мен һәм Саматов кірді. Қабу жинска(?!) кіндік камитет халықтың ғарзы менен күнәларын ыспатлап көрсәтіп ұсталуын талап етіп тұрған кісілерді абақтыға б..ды. Ғұмырында маңдайына шаң тимек түгел, «бұның қалай» деген тергеу сөз есітпеген хәкім һәм байлар абақтыға жабылулары өздерінің халыққа істеген қианаттарына гөшсе муафиқ бола тұрса да намыстанып, халыққа сау есату оққуш минан ағуа(?!) жүргізіп, елді екі партия жасап бүлік салды. Жинска камитетке көп мысал келтіріп, қызметінден тоқталынды. Бұлайша ел екі бөлініп, бір-біріне қызғасып тұрғанда абақтыға алғандарды сол сағатта босату екі партия арасында зор уақиға тудыруға да себеп боларлық халде тұрды. Бұның арасында ұсталған хәкімдер-байлар тарапындағы мырзалар барып Астраханнан 3 делегат 300 кісі қазақтың төре-қожаларының байларын жуан қамшы жолдастарыменен ертіп келіп зор соғыс шығара бастады. Келген делегаттар екі тарапта өтініш сөз айтып, төменде айтылмыш рәтменен м...лғлаққа келтір: бұрынғы кіндік камитетін орнына Революционный камитет ашпақшы. Қайусына(?!) екі тараптың бір-бірісінен 7 кісіден ағзалыққа кіріп, рәйіс келген 3 делегаттың бірісін уақытша сайлап қоюға екі тарапы разы болып, араларында кағизменен слуие(?!) жасап, әр тараптан халықтың уәкіл етіп шығарған он-оннан 20 кісі қолдарын қойып, еріклік жасағаны йағдунде абақтыға жабылған кісілер де босатылды. Бұл шыққан соң партиялары күшейіп, арада болған шарттарды бұзып, оның үстіне көп нызағлар шығарғаны арасында өздерінің ғана тараптарыменен жасалып отырған маслихатына революционный камитетінің ағзасы Генераловты өздері шақырып, араларына алып сабап өлтірейін деп жатыр деп мағлұм делегаттар инум пәтеріме келіп айтуы сағатында мен дереу хұзырымдағы 10 салдаттарды алып барып, ешбір адамға зарарсыз халықты түсіндіріп, Генераловты айырып алдым һәм халықты тараттым. Генералов Астрахан советіне һәм Хан Ордасының жарлы халыққа қадірлі кісі. Неге? Ол жарлы нашар халық пайдасына көп қызмет көрсетіп, өзінің кім екенін білгізген адам, егер де ол осы орында өлтірілсе, қазақ арасына салдат тарапынан зор һәлекет түспек еді. Енді екі арада болған шартты бұзуларының себебі мынау:

 

Бұрынғы халықтың хақын жеп, түрлі зорлық етіп, зұлымлық менен ыхтиярын таптап жүрген хәкімлер арасына келіс реті менен халыққа шын жүрекпен ...дассыз қызмет ететін 7 адамның кірісіп кетуі әлбетте сезікті секіреді деген, іштерінен шынын айтып, қызмет етіп, халыққа әділ сөзіменен жол көрсетіп тұратын кісілердің араласып, сырларын бөліп көріп тұру бір күн болмаса бір күн бұрынғы көк жалдардың мысын шығарып, етегін ашады. Ақырында неше келіп, неше еніп бұрынғылар өз тарапынан 12 кісі сайлап, кө...п қалған 5 ғана орынды екінші тарапына беріп, көңілдерін тындырды. Яғни 17 кісіден камитет народный власный ашты һәм бұл камитет Бөкейліктің уақытша бас мүхкемесі болып саналады. «Қазақ» менен «Ұран» қазақ баласына бірдей жарығын түсіріп тұрған туған күндей һәм баршамызға ортақ бір күшті қаруымыз еді. Соның үшін басқармаларына келген ақпарларды дұрыс сөз бе, бұрыс сөз бе, қараңқырап, газетке шығарғаны мүмкін қадырлі артық болмас педі. Шүнкі бөкейліктің шаруа баққан мүмін халқында еш күнә жоқ. Олар басшыларының көрсеткен бағытына еріп, зиан-пайдасын көп тергемей-ақ ишанып жатқан маслихаттары минан жүре береді. Көптен бұл елді билеп, бірін біріне айдап салып, қойдай қайырып жүріп пайдаланып қалған көк жал ағаларымызға көріне бөкейлік ішіне жөн білетін жаңа фікірлі қазақ баласының келіп ел билігіне кірісуі мұқмсақ(?!) жағымсыз. Соның үшін мен ... елім деп халыққа қалтқысыз қызмет етуге жаңадан келген «Қазақ» ұлын істемеген ісін істеді, айтпаған сөзін айтты деп бояп, халыққа теріс түсіндіріп тұруға мағлұм көк жал ағаларымыз бик маһірланған кісілер, айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтты деген сияқты. Халық алдында мұндай жиған ғамалдары қо...нда халықтың жетім лағына жазбаған біздей бейкүнәһи адам халқының теріс назарында, налыс сөзінде қалуға мүмкін. «Ұран» шыға бастағанда Бөкейлікте жарық күн туып, көз-құлағымыз енді ашылар-ау, байды бай, нашарды нашар, көпті көп, азды аз демей, халыққа бірдей «путеводная звезда» - ай басшы бұ - деп жүмле бөкейлік халқы қуанысып еді. Берігірек келе келе сөз бағыты көбіне күн көк жалдардың, байлардың амалын дұрыс-бұрысына жетпей-ақ дұрысқа шығара бастап, нашар менен аздының сөзін зорлық, тентектікке сайып айта бергенсін, бір қатар халық осы «Ұранымыз» халық ұраны болмай, 3-4 кісінің ғана ұраны болып кетпесе болар еді деген пікірде қала бастады.

 

Сейіткерей НҰРАЛИХАНОВ

 

«Ұран»:

 

«Ұран»-ның бағыты дұрыстыққа дос, бұрыстыққа қарсы. Оң бағыттан шыға жайылған жері, бізіңше, жоқ.

 

Газетаның төрешісі – оқушылары. «Ұранның» көк жалдар мен байлардікін дұрыстап, нашарлардікін бұрыстап, 2-3 кісінің ғана бағытымен кеткен жері болса, оқушылар айтып көрсетсін.

«Ұран» бірінші номерінен бастап көкжалдарға қарсы болды. 7-нші номерінен бастап Ордалық камисарының һәм кіндік камитетінің шабандықтарын, жаңа бағытпен халықты басқара алмағандықтарын беттеріне басты. Қалмақ қисымы 7-нші бөлімдегі жер дауы туралы камисар һәм кіндік камитеттің ұстаған бағытының қате екендігін талай рет айтты.

Сейіткерей мырза: «Хан Ордасынан 3 кісі Астрахандағы советке арыз етуі себепті өзінің 10 салдатпен Ордаға келгендігін, кіндік камитетті жоғалтып, оның орнына камитет народный власный тұрғызылғандығын» айтады. Бұл рас. Бірақ бұл 3 кісіні жарты миллион бөкейлік халқы сайлап жіберген жоқ. Кіндік камитет жаман болса да, жарты миллион халықтың сайлаған мүхкемесі. 3 кісінің Астраханнан салдат әкеліп күшпен оны жоғалтуға хақы жоқ. Сейіткерей мырза осыны біле тұра 3 кісінің сөзімен 3-нші декабрде қалайша асығыстықпен іске кіріскендігін біз ол уақыт түсіне алмадық. Сол себепті «Ұран» камитет народный власныйға кірген адамдарға басып ...гушілер» деп ат қойды. Бұдан соң «Ұран»-да Көкебаев сөзі басылды. Онда біреудің жүзін жыртарлық сөз жоқ сықылды еді.

 

Қазіргі бостандықта Николай уақытындағы сензурдың жұмысын атқару газета басындағы адамға жараса ма?..

 

Ішкі Ордалықта көк жалдар бар деп Сейіткерей мырза өзі айтып отыр. Дұрыс сөзге құлдық. Көк жалдар бар екені рас. Сейіткерей мырзаның қатеріне саламыз: сол өзіңіз айтқан көк жалдардың тұзағына өзіңіз түсіп қалудан сақтана көріңіз. Саршымшықтан келген көгершіннің тепкірлігі өзімен кетсін. Асығыстық етпей халықтың зиялы, түсінікті адамдары мен ақылдасып іс етсеңіз, біз соған тілектеспіз.

 

Алаш азаматтарына

 

Ақ жүрек азаматтар, асқар күнің, Дұшпанды алдан байқап, жасқар күнің, Дұрыстық ел қамында еткен істі, Қол соғып, қос үміттеп қостар күнің. Көш қосып, қол ұстасып сөз беркітіп, Арадан алалықты тастар күнің. Ағытқан қойдай шулап ерген елді, Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің. Аңқылдақ Алаш ұлы сеніп отыр, Орнынан шығарып соны растар күнің,

Ғ.Қ.

Жігіт жоғалтқандарға

 

Красный Куттан 30 шақырым жерде бір паселкеде орыс қолында бір қазақ жігіті тұр. Өзі былтырғы приомда кісі орнына жалданып кеткен екен.

 

Сонан адасып, қаңғып жүріп әлгі орысқа душар келеді. Ақылы кемдеу: «атым Жұмағали, әкем аты Есен, жерім Қаракөл-Шоңай, жасым 37-де» дегеннен басқаны білмейді. Қожайын орысы: «әкесі яки жақын туысқаны келмей тұрып жігітті ешқайда жібермеймін» дейді.

 

Осы жігітті іздеуші болса, мен тауып беремін.

Тарғын қисымы, 11-нші бөлім, Байқаш Құсұйын баласы, тұрағым Беріш аралында.

 

«Ұран»: – Бұл жігітті іздеушілер болса, өзінің сол жігітті іздеуші һәм жақыны екендігіне мұндағы камитет яки управалардан қолына қағаз алу керек.

-------------------------------------------

Диниа (дін) назаратынан

 

Мұхтасип, хатиб уа имамдарға!

1918-нші жылдың басынан бастап диниа назаратындағы барлық үстел жұмыстары мұсұлманша бола бастады. Енді мұхтасиб, хатиб уа имамдарға білдіреміз: мұнан соң диниа назаратына жіберілетін арыз һәм басқа қағаздар мұсұлманша болуы керек. Мұхтарет журналда һәм газеталарда бұл хұқықта айталса да, имамдар өзінің мұхлисына түсіндірмегендіктен болса керек, көп кісілерден русша жазылған арыздар келеді. Мұнан былай имамдар айтып түсіндіруі тиіс.

 

Құрылтай

 

Талупкадан – Өткен соғыстарда елші болып жүріп неміс қолына түсіп, құлақ-мұрны кесіліп, батырлықпен атағы шыққан «Панасук» деген бір орыс салдаты бар еді.

 

Феврал басында: «мен сол Панасукпын» деп Хан Ордасына құлағы шұнақ бір салдат келген. Ордада тұрақтай алмай Талупкаға барған. Онда барып өзіне біраз хахол салдаттарын ертіп, кейбіреуі жарты бас қазақтарды жолдастыққа алып, Мерәлі Қарабаевтан 5 мың сом алған. Талупка саудагерлері һәм шет қазақ байларын да қорқытып, талай бастаған. Өзіне қарсы адамдарды ұстап жабу үшін Алмалыдан 25 салдат алдырған.

 

Аяғында оның Панасук болмай, бір жартыбас, зынтық еткендігі білініп, өзі ұсталуға айналған соң Талупкадан қашқан жерінде Алмалыда барып қолға түскен. Сонан берлі ол Талупкада тұтқында еді.

 

17-нші мартта Талупкадан Ордаға телеграм алынды: «жиналған халық ашуына шыдай алмай, самасуд жасап, Панасукты өлтірді» деген.

Тағы да Пансуктар шықпасына тәуір болар.

---------------------------------------------------------

12-нші мартта Астрахандағы мұсылман военный ревалюционный камитетінден Хан Ордасындағы 9 саудагерге телеграм келді. Телеграмда «Астрахан крайындағы саудагерлерге бір миллион сом төлеу түсіпті.

Соны 15-16 марттан қалмай Астраханға келіп төлеңіз» дейді. Бұл телеграмның жай-жапсарына анықтап түсіну үшін Орда саудагерлерінен екі өкіл (Хансуаров, Ахсенов) 13-нші мартта Астраханға жүріп кетті.

 

Петраград. Неміс ұшқыштары Петраград үстіне келіп, бомбалар тастайды екен. Немістер Петраградты бүтін патшалықтарға уақытша ортақ қала болсын деп иғлан етеді деген хабарлар бар.

 

Қазіргі хүкімет бүтін басқармаларымен Петраградтан Мәскеуге көшіп жатыр.

 

Мәскеуде 12-17 мартта болшевиктер съезі болмақ. Германия мен Русия арасында болған бітім шарттарын һәм келешекте Русияның қалайша басқарылу реттерін тексермек.

 

Бітім шарттарын Русия хүкіметі жақсы орындай ма, жоқ па, соны бақылап тұру үшін Германиядан Петроградқа бір камиссия келеді. Камиссиямен бірге біраз неміс әскері де келеді деген хабарлар бар.

 

Англия, Америка, Йапония патшалықтары бірігіп бүтін Сибирияны Русиядан алмақшы екен деп те айтысады.

 

Қазіргі халге қарағанда бұның бәрі де өтірік болар деп айтуға болмайды.

----------------------------------------------------

Жаңа қалада білім бірлігі

 

Өткен 17-нші жыл август басында қазақ азаматтары болып бас қосып кеңесіп, Жаңақалада «Білім бірлігі» деген қауым ашты. Мақсаты – халықты ағарту, білім, өнер тарату. Қос жүре-бара түзеледі дегендей, жаңадан аяқтанып келе жатыр.

 

Өткен жедінің ішінде қазақ жастарына Ишанғали Меңдіхановтың басшылығыман «Білім бірлігі» пайдасына қазақша ойын ойналып, 500 сом жинап берді. Бұ қауым ашылғаннан бері еткен қызметтері: жыл басында жалпы болып мынадай қызметтер істеді.

 

  1. Жаңақалада әр школға дін үйрету үшін мұғалім сайлады. (Мұғаз Батырғалиев)

 

2-інші предзиум сайлады, бастық: Шерғали Жақупбаев, орынбасар М.Батырғалиев, секретарь Ешмұхамет Бегалиев сайланысты. Ел азаматтарынан өтінетініміз: ағзалыққа (мүшелікке – ауд.) жазылып, жәрдемдер беріп, «Білім бірлігін» сүйемелдеп, қазақтың дінін күнін білмей қараңғылықта жүрген балаларына жасынан ислам дінін қанына сіңіріп, көзін ашуға себепші болса екен. Қанша тырбанса да ақшасыз іс етуге болмайды гой.

Есмұқан ЕСЕНҒАЛИЕВ

Өкініш

 

Дүние, риза емен ғамалыңа, Әркімнің болған себеп ажалына. Қашаннан туып-өскен адам ұлы, Тап болған бұ бір заман зауалына. Жоруға не нәрсе деп болар мұны, Өз тәнін өзі жеген адам ұлы. Мұны да айтамыз ба ауыз барып – Деп үмбет Мұхамедке Құдай құлы. Біз жастар ел еңбегін елер болсақ, Сөзіне шет адамдар көнер болсақ, Жер басып, кісі болып жүрме онда. Атағын қазақтың көмер болсақ. Шыдайсың етсең еңбек атқан оққа, Жанға сөз, тәнге таяқ беріп сотта. Халық үшін көрген бейнет олжадан деп Бұрынғы ақсақалдар айтқан жоқ па?

Б. ЖӘНІКЕШОВ

-------------------------------------------------

 

Шығарушы Ғабдолғазиз Мұси Бастырушы: Ордалық мұсылман бұйросы

Содержание: