Крестиандар сиезі

15-нші февралда Астрханда крестиандар сиезі болады. Біз өз алдымызға облыс болдық, қала берсе автономиялы бір мемлекет болдық десек те Астрхан советтері сыртымыздан бізге көйлек пішуін қоймайды, Ішкі Ордалықты әманда Астрханның бір үйезі деп санайды.

15-нші февралда болатын крестиандар сиезінде де сыртымыздан келте көйлек пішіліп қала ма деген қауіппен сиезге Ішкі Ордалықтан да болыс басы екі уәкіл жіберу мақұл көрілді.

Қалмақ, Тарғын, Нарын, 1-2 округтардан үлгергенше уәкілдер барса керек. Областной управадан: Инашов, Ниязов, Әзербаевтар 12-нші февралда жүріп кетті.

Сиезге барған уәкілдеріміз осы жолы Астрхандағы советтермен жақсылап түсініспек, келешекте Ішкі Ордалықты советтер басқара ма, иәки земский управаларымыз орындарында қалып, халық тізгіні соларға тапсырыла ма? Соны анықтамақ.

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар