Ішкі Ордалық имамдарына:

Қазақ баласы Алаш туы астына кіріп, автаномия алып отыр. Татар қандастарымыз топырақты мұхтарет иғлан етіп, шектерін созып отыр.

Бұ себепті Ішкі Ордалықтың рухани істері діни назареты хұзырындағы қазақ бөлімінде қаралатын болды.

Енді жіберілген махала талуғтары уа ғайри агенттер уа басқа да істер жіберілгенде айрым қазақ бөліміне деп атап жіберілу керек. Әйтпесе шатақ болады. Моллалар осыны мұқият ескерсін. Қазір қазақ бөлімінде 4 қазақ қазы һәм Ғалымжан Баруди іс басқарады.

Расход шығындары татардан айырым.

Қазы Ғұмар Қараш баласы

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар