Ішкі хабарлар

Кіндік камитеттің шақыруымен, Саратаудағы халық дар-алфанониның лектірлерінен А.У.Куликов Ішкі Ордалыққа лектір болып тағайындалды. Қазір кіндік камитет құзырында «Земстуо бөлімі» деген бір бөлім ашылып, іске кірісті. Осы бөлімнің ұйғаруы бойынша Саратау халық дар-алфанониның шәкірттерінен (орыстардан) жеті кісі жеті қисымға инструктырлыққа шақыртылып еді. Солардан қазір үш кісі келіп, екеуі екі округқа, біреуі Нарын қисымына жүріп кетті. Қазақтан өзі тілеп инструкторлаушы әзірге біреу: студент Ғ.Мусағалиев. Бұл Тарғын қысымына тағайындалды. Инструкторлардың алатын айлық жалониялары (жалақысы – ауд.) 3 жүз сом.

«Земстуо бөлімінен» алынған ақпарға қарағанда: Ішкі Ордалықта сайлаушылар списігі бірінші октябрге шейін үлгерсе керек. Сайлау күні ноябрь бастарында болар деп шамаланады. Учредительный собрания сайлауынан бұрын қалай болса да Земстуо сайлауларын тәмәм етуге «Земстуо бөлімі» қам қылып жатқанға ұсайды.

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар