Хатім қыран зор милли митинғ

Астраханда ескі стел бойынша жексенбі күні төртінші мартта Қырым Чілпи (?!) Жиһан Нығман эфендинің Севастопол түрмесінде шаһид етілуі турасында күндіз сағат 4-те Жамғиат Хаирбе жунратінде(?!) зор митинғ болды. Молдалар, мұғалімдер, ум... ...ларының қосылуымен қыран митинғ ... ...сталу дар бұрын хатім етілді. Бұдан соң чілпи Жиһан эфендидің халымен тамыссуф сөйлеген хатиблер:

1. Сарай газетасының махрирі Нажип Ғасыри.

2. Милли адредан Ғабдолхамид Жанибек.

3. Имамдардан Ғабдолла Жүдет һәм ахунд Ғабдолрахман Ниязи.

4. Мұғалімдерден Қадыр Хаири.

5. Милли Мұхтариет ағзаларындан Ғабдрахман Ахмадов.

6. Мұсұлман харбі камитеті ағзаларынан Қайум эфенди.

7. Дружина нашалнигі Бірхан эфенди Бадамшин.

8. Ротный камандирдан Ғұсман Хужаев.

Мұслималар жамағатынан бір мұғалиме сөйледі.

Бұл хатиблардың әрбірісі бегіректе Бірхан әфенди Бадамшин сөйлегенде чілпи Жиһан Ашфик уа Қылжанмен пәре-пәре болып өлтіріліп һәм сүйегі қара жерге көмілмей, теңізге суға лақтырылғандығы дін ислам қардашыларымыздың қияметке шейін жүрегінен кетпестей бір жарахат деген сөзді сөйлегенде, жиылған халықтың көздерінен қанды жас ақпағаны жоқ. Хатиблар сөздерін бітірген соң жиылған халық мынау сөздерді сөйледі:

Миллетіміз үшін жанын құрбан қылып, хайынлар тарапынан шаһид болған Чілпи Жиһан эфендинің рухын ұжмақта қылып, артында қайғылы болып қалған бауырларына уаһил, әуләдларына (бала-шаға) сабыр жел берсін деп бата қылды.

Және Чілпи Жиһан эфендиінің хайынлар тарапынан өлтірілгендігіне риза еместігіне Астрахан мұсұлмандары тарапынан Уфадағы меркезі милли михтаретке, һәм Қазанға, Севастополға телеграм беруге қаулы қылды. Мажіліс сағат алты жарымда жабылды.

Хайырғали ҚЫДЫРАЛИЕВ

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар