Ел азаматтарына ашық хат

Біз ең болмағанда бастауыш мектептерімізде мұғалім болып, қолдан келгенше елімізге қызмет етерміз деген ниетпен оқып жүрген шәкірттер едік. 21-нші апрелдегі жалпы Ішкі Ордалық съезінің қаулысы бойынша қысқа уақытты курстар ашылар деп, жаз бойы қарай-қарай көзіміз талды. Аяғында биыл курс ашылмайтынына көзіміз жетті. Енді Орынбордағы медресе Хусайнияға оқуға деп жүріп барамыз.

Барлығымыз 7 шәкіртпіз. Бәріміз де жарлының балаларымыз. Жәр­ демге мұқтажбыз. Арада әсіресе Юсуф (Жүсіп – ауд.) Тобан баласы жәрдемге өте мұқтаж. Алдымызда Земстуо ашылғалы тұр. Елге күні ертең мұғалім керек екендігі анық. Осындай қымбатшылықта іс басындағы азаматтарымыз жөнін тауып жәрдем етпесе, яки елдегі қалтасы кең мырзаларымыз жәрдем қолдарын созбаса, шеттен бізге біреу ақша әкеліп берер деген дәмеміз жоқ. Тілеген кімге адресіміз: Орынбор, Медресе Хусаиния яки «Қазақ» басқармасы: Хасен Аққали баласы, Сәлмен Әли баласы, Бейсенғали Жұмаш баласы, Құрмаш Мұсалим баласы, Ғалалиддин Мұсақай баласы, Хисаммадден Лұқман баласы.

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар