Бостандық күні (өлең)

Былтырғы өткен жыл

Қайғымен, уайыммен

Сарғайып жүзіміз.

Жылаумен, сықтаумен

Өтіп ед көзіміз.

Тыңдаусыз қалып ед,

Орынды-ақ сөзіміз.

 

Айналып, жақындап,

Міне, күз тағы да.

Келіп тұр, Алашым!

Әділдік, теңдікпен

Жүректің дауалап

Жазылмас жарасын.

 

Әкелген ортаңа,

Әр түрлі жұмыс бар.

Мұның да қолында.

Қалмасын көңілі –

Бірлік қып, ұйым ғып.

Оны да орында.

 

Бұрынғы күн емес,

Жұрт қатар іс істе.

Еркің бар қолыңда.

Алалық, арамдық

Қамалып орнына,

Басқаның, Алашым!

Қалмаңдар соңында.

                          Досмырза НҰРПЕЙІСОВ

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар