Бірінші махрұм мұсылман солдаттарының күні (Бүтін Русия мұсұлман харбі шорасынан)

Өткен июль айының ішінде Қазанда үш съез болды: «жалпы Русия мұсұлмандарының съезі», «Бүтін Русия ислам ғұламасының съезі», «Бүтін мұсыслман әскерлерінің съезі» болды. 22-сі күні сол үш үлкен съездің бас қосқан жиылысы болып, мына қаулыларды шығарып еді:

1) ұлттық һәм мәдениет автономиясы

2) мұсылман әскерлерінен жеке милли фарақалар(?!) құру. Мұның үстіне, алдымызда ел құрылтайы тұр. Ел құрылтайына жерсіз шаруамен күн көргендердің сөз сөйлейтін саналы мұсылман солдаттарын сайлап қалу – алдымызда тұр.

Жоғарыда айтылған үлкен үш ... ... (газет беті жыртылған – ауд.)

... мұсылмандарының харбі шурасы өтес деп бізге тапсырды.

Мұның үшін харбі шура жардемге мұхтаж. Сондықтан бірінші махрұм күнін «Мұсылман салдаттарының күні» деген мейрам қылып, осы мейрамды сол күні жер жерде жасауға, солай етіп елден жәрдем жиюға харбі шура қаулы жасады. Ол күнге арналып, жеке бағдарлықтар, ашық хаттар, кітаптар сатып, кружкалармен ақша жиюға, латарей, аллигрий ойындарын...

... сол күні «мұсылман солдаттарының күні» пайдасына майын алуға. Ресторан (мейрамхана – ауд.), чайни (шәйхана – ауд.), номер хошаларныа һәм саудагерлерге сол күнгі саудаларынан, крестиандарға қолдарындағы малдарынан, жұмысшы, приказшиктер тағы басқа адамдар сол күнгі алатын жалубналарынан (жалақысынан – ауд.) біршама брусентін (пайызын – ауд.) белгілеуі туралы харбі шура қаулысын бекітті.

Бірінші махрұмда «мұсұлмандар салдаттарының күні» жаса... ... .

...халық, оқушылар, оқытушылар, крестиандар, жұмысшылар, социалистер һәм басқа ұйымдарға:

б) Харбі комитеттер жоқ жерлерде, тек ұлт ұйымына.

т) олар да болмаған жерде белгілі білген адамдарына хат жазып, осы мейрамды жасауын никлиз(?!) етпек.

Жоғарыда айтылған орындар, бірінші махрұм күнінің, «мұсылман салдаттарының күні» болуын тілесе, сол күнді мейрам етіп, харбі шураға жәрдем етуден бойын тек сақтамаса, ол күні жәрдем етуді тиісті көрсе, тілегін төмендегі адреспен білдірсін. Ашық хат, кітап туралы ғаламдардың қаншадан керек боларын білгізсін. Һәм өздерінің адресін көрсетсін.

Бүтін Русия мұсұлман харбі шурасының «мал мүлік бөлімі».
Адрес:

Казань, Всероссийское Мусульманское Военное Шуро.
Комиссия по устройству праздника «День солдата мусульманина».
Телеграмм үшін:

Казань Вашуро Финансовый отдел

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар