Басқармаға хат

«Ұранның» бесінші номерінде басылған «Бір айдан соң» деген мақаланы толықтыруды қажет көрдім (ол мақалада, кіндік комитеттің бүгін-ертең істейтін ісін, бір айдан соң істегендігі айтылған). Айтатыным мынау: кіндік комитетінің ісіне бөгет болып тұрған нәрселер көп. Ішінде айтылуға жарайтыны да, жарайтұғұны да бар. Соңғысын кекшілікке қалдырып, әзірге айтып кетуге тиістісі мынау:

1) Қалмақ қисымында бір пара адамдар түрліше өз пайдаларын қуып, бір адамдарға бас болып, учредителіні собранияны күтпей жер дауын көтеріп, Астраханнан орыс делегаттар алып келіп, зор жанжал көтеруі. Бұл әңгіме тамырланып, комитеттердің ісіне көп кедергі болды. Һәм болып тұр.

2) Жәнібек орыстары солдат шақыртып, көп халықты жәбір астында қалдырып, кіндік комитетке көп би мазашылық келтіруі.

3) Жәнібек орыстары мен сабақтас орда комитеті қайта-қайта салдатскі делегат шақыртып, бірнеше адамдарды ұстатып: әңгіме туғызды. Бұл уақиғалар жақында бір тыныштығын табу үшін Астрахан комиссарына қағазда жазылып телеграмдар соғылса да, жауап болмады. Хал бұрынғы тынышсыздық күйінде тұр.

4) Халық бостаншылық болады деп жер-жердегі лауды таратып отыр. Қайта қой дегенді тыңдаушы жоқ, күш жұмсауға күш жоқ. Кіндік комитет елге жұмыс бойынша кісі жіберуге қағаз жіберуге мақтаныш.

5) Тиісті ақшалар (қайдан?) бұл күнге шейін комитетке түскен жоқ. Ақшаны жиюға да, беруге де асығушы көрінбейді. Ақшасыз, лаусыз, жанжалдан қолы босамай тұрған комитеттен зор қызмет күтуге болар ма? Мұның үстіне «мына қазақ жәбірде келе жатқан ел еді. Аяғына басуға жәрдемші болайық» дегендер жоғарғы жағымызда да көрінбейді. Шәк жоқ, ел бастаған мырзалар бірін-бірі мұқату үшін жер мәселесін зорайтса, азғантай орыс солдат алдырып ел бүлдіртсе, бес ай түгілі бес жылда да халық бостаншылықты көре алмас.

Қайғыртушы

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар