Алаш азаматтарына

Ақ жүрек азаматтар, асқар күнің,

Дұшпанды алдан байқап, жасқар күнің,

Дұрыстық ел қамында еткен істі,

Қол соғып, қос үміттеп қостар күнің.

Көш қосып, қол ұстасып сөз беркітіп,

Арадан алалықты тастар күнің.

Ағытқан қойдай шулап ерген елді,

Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің.

Аңқылдақ Алаш ұлы сеніп отыр,

Орнынан шығарып соны растар күнің,

                                                                        Ғ.Қ.

Содержание: 
Тип материала: 
Газеттер шықандар