Құбаш ҚАЖЫМ

1938 жылы 25 ақпанда Жаңақала ауданы, «Жемісті» колхозында дүниеге келген. Орта мектепті тамамдағаннан кейін комсомолдық жолдамамен К.Маркс атындағы колхозда мал бағады.

1964 жылы Орал педагогикалық институтын бітіріп, облыстық радио- телевидениеде режиссердің ассисенті болып еңбек етеді.

1965-2000 жылдар аралығында «Орал өңірі» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Газеттің транспорт және өнеркәсіп бөлімін басқарып, осы саланың өткір мәселелерін жіті зерттеп, шебер жаза білді. Мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған. Қазақстанның құрметті журналисі.

Үлкен отбасы иесі жұбайы Айдаймен бірге Орал қаласында тұрады.