Ғилаж Наурзин

1930 жылы 21 қыркүйекте Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық кеңесінің «Социализм» колхозында дүниеге келді.

1952 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірді. Шымкент, Гурьев, Талдықорған, Орал облыстарының аудандық газеттерінде бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет атқарды.

1977-1991 жылдар аралығында облыстық «Орал өңірі» газетінде бөлім меңгерушісі болды.

Облыстық дәрежедегі зейнеткер, «Қазақстанның құрметті журналисі» атағының иегері.