Үлкен атанның басымен тірі атанды қорқыту

Осы күнге дейін ел ішінде алдағашан сүйегі қурап қалған жарты бас Шорайақ Мырзағалиефті тірі деп өтірік хабар таратушы көп. Ілгергі уақытта Шорайақ болып жалған хаттар Жәнібек арқылы келіп тұрды. Сүнбіле ішінде құмға барып «Мен красни гвардиамын» деп ел тонап жүрген де жолдас Милутиннің ұстап Астрханға жөнелткен Берішбаев деген жігіт бұл күнде ісінен құтылып, Астрхандағы мұсылман полкіна жазылған екен. Жаңалықта Жәнібектен түсіп, аулына отпускамен келіп қайтып еді. Бұдан ел адамдары сұрағанда, Шорайақ Астрханда тірі, бұл күнде дірау әкім болды депті. Міне, осындай өтірік хабар ел ішінде көп, өлген атанның басымен тірі атанды қорқытып деген сиақты сүйегі қурап қалған Шорайақ Мырзағалиеф тірі екен деп бұл күнге дейін үмітіңіз өшіп жүрмес.

Мырзағалиеф жанындағы дөрт жолдасымен алдағашан атылды. Бұл турада Ордадағы кіндік камитет – «Ұран» газетасы һәм волыстар арқылы мәлім етті. Мырзағалиефтің дүниа-мүлкі алдеғашан Ордада атсинкі болды. Өлген Мырзағалиеф тіріліп келмейді. Бұл туралы «тірі» деп ел ішінде таралған хабардың бәрі де өтірік. Бұндай жалған хат, иаки өтірік хабар таратушылар Шөкең мен бірнеше адам таратысқан, иаки соның көлеңкесімен жүргендер болуға керек.

Ондағы мақсұды ертедегі ішкен жегенді қуып, халық басын көтеріп кетер деген әдіс.

Елдегілер Астрхан иаки Ордаға барып қайтқан кісіден «Шорайақтың атылуы рас па?» деп сұрайды.

Шорайақ қасындағы дөрт жолдасымен алдеқашан атылды десең «ай, сол рас болса екен, ид құрғырдың үйіне хат келіп жатыр ғой һәм Астрханнан келген кейбіреулер «Астрханда көкеңді көрдім, біреулер малдан бас болды деп жүр ғой» деп көңіл татпаған кісі сиақты езу тартады. Сөзімнің соңында қайта-қайта айтамын, Шөкең тірі деп жалған хат иаки өтірік хабар таратушы

«Өлген атанның басымен тірі атанды қорқыту» ниетімен айтады.

Х.Қадралиеф