№9 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919жыл ғинуар 10

Обласной исполнителни камитеттің қаулысы

Обласной исполнителни камитет өзінің терме жиылысында (пленарни заседаниасында) мынадай қаулы шығарды:

Хазіргі болып тұрған савет хүкуметінің бұйрық һәм закондары басылып тұрғандықтан савет хүкуметінің һәр бір служащийі һәм мағбулары «Қазақ дұрыстығы»на жазылуға міндетті. Осы қаулының жеріне келтірілуі мехкемелердің бастықтарына міндет.

----------------------------------------------

Обласной исполком

Екі рет соққы жеу

Германиадағы Шейдеман-иерт хүкуметі бір жағынан ұлт негізіне құрылған мемлекет тұрғызуға тырысса, екінші жақтан бостандық өзгерісі, бостандық 

қозғалысы да өзінің жолында дауам етеді. Хүкумет ағзалығынан орта бағытты адамдардың шығуымен Германиа халқы бір-біріне қарсы дұшпан болған екі тапқа айрылды. Хүкумет ағзалығынан шыққан бұл адамдар тізгінге таласу жолында әлбетте байларға тайанашақ. Байлардың жұмысшылар дұшпаны екендігі анық. Екінші жақтан бұл орта бағыттылардың жұмыскерлер жағына да жалмаңдап қарар. Мұнымен олар йаки шын сатсиализм бағытына түсер, йаки тарихтың бір көлі, былшырақ шұңқырына тасталар. Бұның секілді істер сайузник мемлекеттеріне басталып, көрініп тұр. Бегіректе Англиа, Франсиа, Италиада. Ол мемлекеттерде де бұрынғы керексіз ұлтшылдар бірте-бірте азайып, жойылып барады. Германиа империалистері жығылып, сыртқы соғыстың екпіні кеміген күннен бастап, сайузник мемлекеттерінің ішінде сыныф күресі қуат алды, кейбір жерлерде бұл сыныф күресі граждански соғысқа да айналып кетті. Англиа ... мәжілісіне сайлау кезінде бұл сыныфы күрес бегіректе күш алды. Дұрыс бұл соңғы сайлауда да Англиа буржуазиасы ұстын шықты. Бірақ бұлардың бұл ұстындығы саветтер сиезіндегі Шейдеман партиасының үстіндегі секілді. Бұл жалғыз-ақ жұмыскерлердің көзін ашып, өз файдаларын қорғауға тағы да көрі еленіп кірісулеріне себеп болажақ.

Тізгінді  өз  қолдарына  алмай  тұрып  һеш  бір  (милләт)  мәжілісінің файда келтірмейтіндігіне жұмыскерлер анықтап түсіне жек. Германиа империалистерінің күші сындырылып, олардан хо...еткен соң да сайузниктердің савет хүкуметі һәм Германиаға қарсы соғыс ашулары сайузниктер бейнетқорларының көңілінде һеш шексіз жаңа фікір, жаңа ойлар қойғыза жақ.

Хазіргі күнде сайузниктердің Русиа ісіне қатысуына бар...алар қарсы тұр һәм бұл қарсылық күн санап күшейіп, дамып тұр.

Бейнетқорлардың қарсылығынан бүкіл дүниа империалистері һәркімнің қолтығына бір тығылып, өздеріне қорғаныш іздеуге мәжбүр болды. Империалистердің күштері кеткен сайын әлсіреп бара жатыр. Оған сайасилардың политика, айлалары да жәрдем етпеуге айналды. Олар өз ара... сы жолмен түсінісу дәрежесіне өтіп, енді өздерінің кешегі достарына қарсы құрал көтеруге тайалды. Хазір күнде Италиа Франсианың Р...бі жылғасының сол бетін меншіктеуіне риза емес. Уилсонның деңіз жолдары жұртқа ортақ болсын деген тілегіне Англиа қарсы. Бір жақтан Бапо...лузінің  ғаскер күшін арттырып, жаңа мобализатсиа ығлан етіп жатыр. Англиа газеталары Йапонианың бұл әзірліктерін Русиаға қарсы, х... йапондар Орал облысына жақын тұр деп жазады. Уақытында йапондар Русиаға емес, Америкаға қарсы әзірленеді. Йапон империалистері Орал облысынан да бегірек зор деңіздерден сыбаға алып қалуға әзірленеді. Франсуз ғаскерлері Кафказға шығып, Грузиа, Украинаны алмақшы.  Грузианың мұнафық (екі жүзді -  М.Ж.)  хүкіметі де оған жалтақтайды. Бірақ оларға келешекте талайдың қолына жалтақтауға, беттерін бойап талай рет сүгіреттерін алмастыруға тура келер.

Кафказ туралы Англиа, Франсианың өздері күншіл ит секілді бір-бірінен қызғанып, іштей таласып тұр. Екі жақтың ғаскерлері керекті жерді ала келгенде айағында Англиа, Франсиа

бір-біріне қарсы төнбесе жек.

Хазіргі күнде (Бавариа) империалистері сырттан қарағанда сүріндірмей тұрса да, айағында олардың шекелеріне екі жақтан жұдырық тиіп, көштерін кеміте шек: бір жағынан империалистердің өзара талафтары, екінші жақтан өз мемлекеттеріндегі сыныфтық күрестің қуат алуымен олардың көштері ... шақ.

Осы екі себеп Германиа империалистерін де халден тайдырды. Олардың жығылуына себеп болды. Осы екі себеп сайузник империалистерінің де бастарына жетешек өздерінің әзірлеген көріне өздері көміле жек.

 

 

--------------------------------------------------

 

Телеграмдар

 

(«Сар.езу»)

 

 

Қызыл фронт

Камс Кафказ фронтта 6-інші йануардағы уақиғалардың қорытындысы. Дұшпанның св.Ку..ст-Астрахан жолын кесу үшін 11 інші армианың қай-

... бөлектеріне жасаған шабуылы үлкен қазаға ұшырады. Қайранды 11-інші армиа жиналып, түзетіп алу үшін кейін қайтып, осы аз уақыттың ішінде соғыс керек ...арақ-оралу арық әзірлеп алып, ойламаған жерден дұшпанның оң қанатын улады. Кафказ теміржолынан кейін қайыру үшін оларға қарсы қайта айналып соқты.

Суворовски-Викторски жолынан өтіп, стансиаларды алды, соң жақ қанаты Баталпашински стансиасын иеленді, хазр де Невинневскиге  қарай  бағыт алулы.

Ғаскеріміздің ортасы Донскі Балка, Су....ула, Вишневскайа Калиувскайа Грушевка һәм ми...видевскі жолдарына шықты. Оның үстіне Св.Грестке қарай жүрген дұшпанның соң қанатын құртып, Девлидің күнбатысындағы үлкен һәм кіші желкелерді біз алдық.

11-інші армианың ревалутсионни военни саветі бүтін  фронт  бойынша алға жүрген ғаскеріміздің батыршылық шыдамдылығына айғақ болады. Бізің ғаскерлеріміз б... дұшпанның оқ боратуына қарамай қарсы шабады.

 

9-ыншы йануар 10, қыбла фронтындағы уақиғалар.

Баку  шәрі  жолында, 6-йануар.  Бізің  ғаскерлеріміз,  Ру...ш  стансасының

1 шақырымдай қыбла-күнбатыстағы (?Лизтиавканы) һәм Бакужардың 25 шақырым арқа күнбатыстағы жоғарғы һәм төменгі Мамонды алды.

Воронеж жолында бізің ғаскерлеріміз соғыспен Абрамовка стансасын алды. Бутурлинфкі стансасын алған бізің қолымызға 200 салдат, 3 афитсер, бұзылған бір унов...ик, бірнеше оқ йашиктері, кухналар, павозкалар, винтовкалар, патрондар һәм паравоз вагондары түсті.

----------------------------------------------------

6-йануар  күні  дұшпандар  2  атты,  бір  жайау  полкпен  Листихин  һәм империалистерінің өздері ырылдасып 

Приоброженскіге қарай үлкен соғыс ашты. Бұл қалалар, кезекпен екі жақтың қолына бірнеше рет көшкеннің соңында ахырында дұшпанның қолында қалды.

Кешке қарай бізің артта қалған ғаскеріміз бұл қалаларға жуықтап барып, Приображенскиден дұшпандарды қуып шығарып, өз қолдарына алды.

----------------------------------------------------------

 

Камышин учаскесінде. 2- йануар.

Дұшпандар бізің ғаскерлеріміздің йағни бір полктерін қоршап алып еді, жеңіліп тарқады. Басқа участкаларда өзгеріс жоқ.

-----------------------------------------------------------

 

Арқа жақ фронт. 5- йануар.

Ривил  жолында  Исландиа  савет  ғаскерлері  батыстан  20  шақырымдай күнбатыстағы Шаллитминков стансасын алды.

------------------------------------------------

 

Күн батыс фронт.

Вилински жолында литовски савет ғаскерлері ушми...анеді. Баранович жолында Добу ауылы алынулы.

--------------------------------------------------

 

Қыбла фронты.

Бізің  ғаскерлеріміз  Буброфтан  күн-шығыстан-ақ  Бутурлиновканың  15 шақырымдай арқа жағындағы Озбока, Орлофканы алды.

Дұшпанның оқ өтпес поезы мен 3 тобы қолға түсті. Тсарисин төңірегінде дұшпандар Дубовканы алуға ойласа да бізің жасаған қарсы шабуылымызбен кейін шегерілді.

Бізің ғаскерлеріміз Дубовканың арқа-күнбатыстағы тауды қолға алды.

Тсарисиннен 75 шақырым арқа-күнбатыстағы Качалинкі стансасын алу үшін бізің ғаскерлеріміз шабуыл жасап, дұшпандарды кейін шегерді.

Бізің ғаскерлеріміз Уфаның арқа жағында Били өзенінен өтіп, Уфадан 30 шақырымдай арқадағы Благовишенскіні алды.

Бобровски төңірегінде Били өзенінің екі жағасындағы бірнеше ауылдар бізің қолымызға кірді.

Ставропол төңірегінде бізің ғаскерлеріміз шабуыл жасай соғысып, бірнеше ауылдарды алды.

Кама  өзенінің  оң  жағасында  Шибонбеткіден  арқа-күнбатыста  ...рақза бөліміні біз соғысып алдық.

----------------------------------------------------

Наступление басталған

Йануар 7.

Савет ғаскерлері соғысты бастап, Тапстан 7 шақырымдай күн-батыстағы 

Листа-марштал-Йазна жолын соғысып алды.

------------------------------------------------------

 

Уст-Двинск крепсті алынды

Валка. 7 інші йануар.

Кеше, Ригадан шыққан латыш салдаттары Уст-Двинск крепостін соғыспай алды.

Ғаскерлеріміз ілгері жүруден тоқталған жоқ.

--------------------------------------------------------

 

Басып үлгерді:

Саратф , 7 інші йануар.

Саратфтегі меншивиктер, савет хүкуметімен бірігіп, Красновтың бұзық ғаскерлеріне қарсы соғыс ашуға шақырып, қаулы шығарды.

--------------------------------------------------------

 

Телеграмдар

Қоршау, 3-йануар. Рус красни армиасы тарафынан барған өкілдерді ұстағандық туралы Варшавада жұмыскерлер жиылысы болды. Жұмыскерлер мен полак ғаскерлерінің арасында шарпысу болды.

Лубин қаласында жұмыскерлер мен кристиандар құралданып, бас көтерді.

Жиылып жандармдар тұратын казармаға барды, олардың құралдарын тонады.

 

Берлин, 10-йануар.

Берлиннің бас каменданты қаланың халқына былайша хабар таратты: Ғаскери бұйрықтарды сөзсіз тыңдауға. Көшедегі қозғалыстарды тоқтатуға. Әйелдер һәм балалар үйде отыруға; Соңғы орамда баста қыт... шыға қалғанда оларды қорғауды біреу де үстіне ала алмайды.

Ғаскерден басқа һәм хүкүметтен рұқсат қағазы болмаған адамдарға құрал асынып жүруге болмайды.

Бұл бұйрықты орындамағандардың құралдары алынар, абақтыға жабылар һәм жаза берілер.

 

Украина каммунистерінің жиылысы

Харков,10 йануар. Украина каммунистерінің сиезі ашылды.

--------------------------------------------------

 

1919-ыншы жыл 13-інші йануарда Орда қаласының исполкомының протоколы.

Жиылыста мынау кісілер болды:

Председател Викторчик, мүшелер: Парамонф, Меңдешф, Романовски, исполкомның өткен председателі Жайлоф, һәм риквизитсионни камиссианың председателі Измаилф. 

Орда қаласында тұрған һәм тек Ордаға ғана хас болған камитет бедноты, жиылысты камиссиа риквизитсионни разсиночни камиссиаларға һәм мехкемелерге істерін тапсыруға міндет етілсін. Осы камиссиаларға тапсыру үшін 3 күннің ішінде істерін хазірлеуге өту.

Хазіргі тұрған үй қараңғы болғандықтан, городской саветке муафық үй табу. Осының үшін Хабиб Аллиннің, уақытша 4 бөлмесін алуға.

Городской милитсиалардың городской саветке бойсұнуға міндетті болулары хақында. Ішкі істер мехкемесі мен милитсиа жайында сөйлесуді председател Викторчикке міндет етілді.

Городской саветке меншікті жаңадан үй алу туралы. Хабибуллин үйін, осы айтылған жолға муафық етіп алу туралы қызмет ету городской савет мүшесі Романовскиге міндет етілді.

Жаңа орынды тәртіпке салу үшін керек болған расход туралы. Керекті болған ақшаны , Романовскидің қол қойуымен , исполком ақшасынан қарызға ала тұруға.

Исполкомның келешектегі жиылысы туралы. Жаңа жиылыс, 15 інші йануар сәрсенбі күн кешкі сағат 6 да болажақ.

Осы уақытқа шейін жоғарыда айтылған камиссиалар, тапсыру үшін істерін хазірлеп қойуға.

 

 

------------------------------------------------------------------

 

Секретар Румавски

 

 

Бүгін 1919 ыншы жыл, 16-ыншы йануар, орын сағатымен кешкі 6-да Хабибуллин үйінде

Қаланың өкілдері саветінің терме жиылысы болажақ. Исполнителни камитет

----------------------------------------------------------

 

Қазаққа

Бес қарыс бетегелі жерің бар-ды, Бұрқырап шығып жатқан кенің бар-ды. Атысып, алтындаған ақ кенепті, Ойнаған одақтасып көлің бар-ды.

Көк етті, көнтерілі көш бастаған, Шекелі, күшті қошқар ерің бар-ды. Кетсе де ердің құны, нардың пұлы, Инабат ерге біткен сенім бар-ды.

Телегей теріс айналып, жер тебіренсе, Араңыз ашылмаған желім бар-ды.

Тең түсіп, қатарынан қалыспаған, Қазағым, сондай болған елің бар-ды.

 

Келгенде жабырқама бұл кезіне, Құлақ сал бастап жүрген ер сөзіне, 

Жан қиғыш, жазыдағы жамандарың, Таң туды түсер қысқыш бір тезіне.

Қорғалап, кібіртіктеп, кейін қалма, Жау болма тар заманда өзді өзіңе. Қақтықпа, қарайлама, ілгері жүр, Бекем бас айағыңды, бақ көзіңе.

Көзіңді аш: есіңді жи, жайды байқа, Саф алтын ауыстырма сар-жезіне. Тік тұрған өре қойса асыл қамқа, Самарқан сатып жүрме сар бөзіне.

Ғ.Қ.