№8 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл ғинуар 15

Бүтін Русиа шаруашылық саветтерінің 21 декабрдегі сиезінде жолдас Лениннің сөзі

Жолдас Ленин бастап савет хазіргі халын, оның бүтін дүниа назарында тұтқан орнын байандайды. Сойузник империалистерінің дара күшпен бүтін дүнианы өздеріне қаратуға, өздерінше дүниаға тартып орналастыруға тілегендіктерін бегіректе савет хүкіметін жоғалтуға тырысқандықтарын сөйледі. Германиа хакимиаты һәм Брестски жарғысы туралы мынаны айтты: Октәбр өзгерісі басталған кезде жалғыз күн батысы патшалықтарының империалистері емес, әлгі Русианың өз байлары жаңа бастаған бағытты орнатып қалар деп біреуі де ойламады. Сатсиализм тамыр жайып, оның ошақтары дүниаға таралар деп біреуі де көңіліне келтірмеді. Кейбір шолақ ақылдылар Русиада басталған балшевизм Германиа империалистерінің тілегінің шұғыл өтелуіне қызмет ете шек. Онан басқа болшевизмнен һешбір файда ... шақ деп ойлады. Шарасыздан жасалған Брестски шарттың жемісі бірнеше айдан соң басын жарды. Украинаны өздеріне қаратулары үшін немістердің мақтанышы босқа шықты. Олар бүтін дүниа өзгерісіне келешегін болжай біледі. Германиа империалистерінің ... киелеріне де бостандық жұдырығы қатты тиді, олар есінен танып жығылды .

Англия, Америка империалистері Германианы қыспаққа салып, жарасты өз тілегендерінше етпек болып тұр. Германиа империалистері Брестски шартымен бізге қазған шұңқырларына өздері түсіп батты.... соғыс әлі тоқтаған жоқ. Солай бола тұрса да Англиа, Франсиада жұмыскерлер қозғалысы күн санап күшейеді. Бұрын өте ұлтшылдықпен соғысты күшейтуші сайасилар бүгін бағыттарын алмастырды. Олар хазіргі күнде өз хүкіметтерінің Русианың ісіне қатысуларына қарсы тұр. Бұған соғыс майданындағы Англиа, Америка ғаскерлерінің біздің  ғаскерлермен тоғандасып, достасуларын  қосақ  савет хүкіметінің тұтқан бағыты жолының өте дұрыс һәм мықты екендігін көрсетеді. Дүнианың бұл хәліне қарағанда біз келешекке зор үмітпен қараймыз. Келешекте қазіргіден де көрі жарығырақ күн туу шағына шанамыз.

 

Хазіргі халдің міндеті

Бұл туралы жолдас Ленин мынаны айтты: Қазіргі хал барлық күшімізді қызметке жегуді талап етеді. Халықты жаңа бағытқа салу туралы пландар әзірлеу секілді зор қызметтер бар. Сауда-сату туралы негізгі жолдарда барланып етті  деуге  мүмкін.  Уақ  түйек  бөлімдерге  бөлініп,  бөлшектеніп іс ету бағыты жасау керек. Халықтың сайланған адамдардың жиылып іс басқаруларына қарсылығымыз жоқ. Бірақ біз олардан талап етеміз: Олар тек жиылып алып құр босқа уақыт оздырмасын: план әзірлеу, қаулылар шығарумен, соларды істеп майданға шығару арасында зор айырма бар. Олардан біз сөз емес, іс талап етеміз. Міндетті жұмыстарды жалғыз каммунист болшевиктер ғана басқарсын деген бағытты енді тастауға уақыт қолынан іс келетіндердің бәрін де қабыл етіп, қызметке жегу, олардан пайдалу керек. Біз міндетті жұмыстардың бәрінен де жалғыз каммунистерден ғана кісі табу мүмкін емес һәм оларды да барлап жеткізу де қапелімде болмайды. Біз дұрыс 

үлестірілгенде өзімізге жеткілікті астықты өзімізден табамыз һәм ашықпаймыз да. Жалғыз-ақ сөзді тастап шұғыл іске кірісу тиіс һәм іс жақсы біледі, міндетті адамдар тауып қою борышымыз. Іс басында тұрып жодан тайушылардың жүректеріне ...тұрсын.

Бүтін шаруашылық саветтері осы айтылған бағытта мойын етсін, тек сен ғана ғамал етесің, бұл бір.

Екінші, бұл айтылған істердің ойдағыша болуы үшін бізде тавар айырбастау ісі жоғарғы ғамалға қойылсын. Жолдас Лениннің доклады тыңдалған соң бүкіл Русиа шаруашылық саветтерінің екінші сиезі докладқа муафық бірталай қаулылар шығарды.

----------------------------------------------------------

 

Германиада Либкнехтқа сенім

Берлиннен шыққан хабарларға қарағанда салдат, матрос һәм жұмыскерлер сабраниесында Либкнехтқа сенім етілді, һәм Либкнехтқа туралы жауыздардың таратқан өтірік, өсектеріне қарсы протест жасауға қаулы болды. Гамбург қаласындағы жұмыссыз қалғандар магазиндердің азық-түлік керекті нәрселерді талап етті.

----------------------------------------

 

Спартактың атын өзгерту

Берлин, 20 декабр. Спартак партиасының сиезінде партианың атын өзгерту туралы болды. Һәм бұдан соң спартактарды: Германианың каммунистер партиасы деп атауға қаулы болды.

 

Күн шығыс фронтта

Уфа төңіректе, Уфаның он шақырым күн-шығыстағы Нишатов уйезінің тарафынан алынды. Біздің ғаскерлеріміз Саратов-Краснов Уфински темір жолына тайанып 20 шақырым ілгері жүрді һәм бірнеше ауылдарды алды. Перм төңірегінде біздің ғаскерлеріміздің бөліктері Кама өзенінің оң жақ жағасына орналасты. Арқа жақ ғаскерлеріміз Шибунеші астанасының 20 шақырым күн- шығысы арқа жағындағы Бузину қаласын алды. Кункур төңірегінде дұшпандар үлкен күшпен қатты соғысып біздің ғаскерлерімізді үнгірға қарай шегерді. Дұшпандардың Василев қаласын алуға жасаған еңбектері босқа шықты.

-----------------------------------------

Германиада болшевизм

Берлинге түрлі жақтан алынған хабарларға қарағанда Германианың түрлі уәлайатдарында болшевизм күшейе бастады. Жұмыскерлер һәм жерде қызмет істеп жаңа  талаптар шығарды. Берлин хүкіметі  учредителни  сабранианы шапшаң шақыруға һәм оны ...ға ойлайды.

Спартактар Германиа каммунистері учредителни сабраниеның сайлауына қатынаспасқа қаулы жасады. 

Айуаншылық

Варонеж губерниасында казактар алған жерлерді, жер-дүниалықтарынан пайдаланғаны үшін алу үшін памешик генералдар аудан халқына үлкен айуаншылық жасайды. Березовка қаласындағы генерал Аксенович хрестиандардан 200 мың сом ақша талап етеді. Төленбеген уақытта дүниалықтарын толтыру һәм өздерін өмірімен қорғайды. Варабев қаласындағы помешик Абуанов өзі хрестиандардың құлақ-мұрын, еріндерін кесіп, көздерін шығарып, жазалап өлтіріпті. Бұ Горни ...ланда казактар халықты мобализоват етуге ойлаған екен. Бас көтерушілердің күшімен мобализатсиа таратылыпты.

----------------------------------------------------

Ақтардың бұзықтығы

Михайловски (Вихонурски уйез) аудан жағында, ақтар савет мехкемелерінде жұмыс етіп жүрген әйелдерге үлкен жауыздықтар жасапты. Оларды жұрт алдына шығарып, шаштарынан сүйреп, өлгенше сабапты.

Сол ауылда балалары ыхтиарларымен қызыл ғаскерге жазылған бір қарт өшителді босағасында атып өлтіріпті. Ол жетпесе қатыны мен 13 жастық баласын да өлтіріпті.

----------------------------------------------------

Хан ордасындағы жұмысшылар крестиандар қазақтар һәм красни армиалар өкілдерінің протоколы

Мәжіліс 1919 жыл 12 йануарда, сағат 2-інші 20 минутта обласной исполкомда халық камиссариаты өкілі һәм сайлау камиссиасының бастығы А.В.Крачев тарафынан ашылды. 8-інші йануардағы сайлау жиылысының протоколы бойынша мүшелердің есебі алынып, жолдас Крачев өкілдер саветіне, Совдидің һәм оның исполкомының право һәм міндеттерін совдидің мүшелерінің міндеттерін исполком мүшелерінің право һәм міндеттерін соның секілді исполкомның іс жүргізу тәртіптерін һәм терме жиылысы (пленарни заседател) нің реттерін түсіндірді. Сосын өкілдер саветінің (исполкомының) председателі сайлау алқаға салынды. Каммунист болшевиктер фраксиасының тілегі бойынша бір ауыздан, бүтін савет тарафынан жолдас Викторчиктің кандидатурасы қабыл етілді. Өкілдер саветінің бастығы жолдас Викторчик мына нәрселерді алқаға салды.

А.Ф.Йакубоф, А.Сулейменов, А.Л.Алданғаров һәм Айтасовтардың савет мүшелігіне һәм оның орынбасарлығына сайлануына қарсы, Хан ордасындағы бірнеше кісінің берген протесті екі арыздаушыларға қарсы, жоғарыда айтылған кісілердің кемшін протесті. Жоғарда айтылған мүше һәм орынбасарларды уақытша шығара тұрып көп дауыспен бірінші протесті орынсыз етіп тапты һәм Ф.Якубов пен А.Сулейменовті сабеттің мүшелері етіп, А.Алданғаров һәм Т.Айтасовты савет мүшелерінің орынбасарлары етіп беркітті.

Балшевиктер фраксиясы  екі  жаққа  да  дауыс  беруден  тыйылды.  Кейін 

пратест жасаған Алдонғаров тобы, жоғарыдағы билікке риза болып, өздерінің протесттерін қайырып алады һәм осыныңмен савет мүшелері турасындағы әңгіме шешіліп, саветтің өзі де өзін анық берілген етіп санайды. Сонсын өкілдер саветі бесінші мүшенің сайлануын, милли (ұлттық – М.Ж.) қазақ атты полкінің сайлап беретін жеті кісісіне дейін қалдырып, үш мүшені сайлауға кіріседі.

Жариаланған мынау бес кандидатурадан Меңдешев, Парамонов, Рамановский, Варламов һәм Кузнецовалардан біріншілер етіліп дауысқа Меңдешев, Парамонов һәм Рамановскилар қойылып, қатынаспаған екі кісіден басқалары бір ауыздан олардың кандидатураларын қабыл етеді.

Сөйтіп жаңа сайланылған исполнителный камитеттің мүшелері былай болды.   Исполкомның   предсидателі   жолдас   Викторчик,   һәм   мүшелері

– Меңдешов, Парамонов, Романовский жолдастар. Сайлау біткенсін, камунистер фракциясының Хан ордасын Орда деп атау һәм сол турада халық камиссариатына телеграмм беру туралы еткен маслихаты алқаға салынады. Бұл маслихат бір ауыздан қабыл алынып, телеграмм жіберу исполкомға міндет етіледі.

Мәжіліс жабылардың алдында, ішкі іс халық камиссариатының өкілі А.Крачов һәм обласной исполком предсидателі С.Милутин жолдастар сөз айтады.

Араторлар Орда қаласының өкілдер саветін жаңа қызметтерімен құттықтайды, бостаншылық қозғалысы туралы болып тұрған хал жай мен таныстырады, ең соңында Орда қаласының саветі һәм бейнетқор халқы бірігіп, ортақтасып, Русия саветінің жүрген жолымен өз қаласында қызмет етер, дүниа капиталистерімен соғысушы, дүние еңбеккерлер ғәскеріне қолдан келгенше жәрдем берер деп ойлаймыз деп сөздерін аяқтайды.

Жиылыстан тарқау алдында оның предсидателі жолдас Викторчик жариалайды: «Осы күннен бастап қаладағы жалғыз мехкеме - өкілдер саветі һәм исполкомы болашақ соның үшін де, камитет ... иднаты, Басиулсковый камитет һәм соның секілді мехкемелер қалады. Олар өздерінің қолдарындағы ақша мүліктерін жаңа сайланған Орда қаласының өкілдер саветінің исполкомына үш күннің ішінде тапсырулары тиіс» деп.

-----------------------------------------------

Екінші толық мұғалімдер сиезі

2-нші мәжілісі 5-йанвар, күндізгі сағат 10-да Ғали Бегалиев тарапынан ашылды. Бастап мұғалімдердің тұтқан бағыттарындағы шұғыл қызметтері туралы кеңес болып, сиездің шығарған қаулыларының қорытындысы мынау: 1-інші толық мұғалімдер сиезінің қаулысы бойынша кітап жазу камиссиясына тапсырылған, бастауыш мектептерге программа әзірлеу қызметі, сол камиссия тарапынан  тез  үлгіртіліп  осы  сиез  алқасынан  өткізілсін.  Ол  камиссияға мындағы обласной һәм Қалмақ, Тарғын халық ағарту бөлімдерінің бір-бір

члені қосылсын.

Оқыту жолдары, мектептердің басқарылу реттері туралы, обласной халық 

ағарту бөлімінің бастығы сиезді жаңа бағытпен таныстырып, доклат оқысын. Оған шейін бұл екі мәселе сиез алқасына салынбай қала тұрсын.

Оқу құралдарын әзірлеу, ғылыми һәм фәни кітаптар тәржіме ету туралы кітап жазу камиссиясының бұл күнге шейін іс шығара алмауы, Ғ.Мұсағалиевтің камиссия атынан еткен докладына қарағанда, камиссияның әзірлеген нәрселері бар болып та жарыққа шығара алмауы: Бірінші типография жоқтығынан, екінші смета бойынша ақша келіп жетпеуінен екенін ақпарға алып, қазір де бұл екі мәселе де сиез алқасына салынбай қала тұрсын.

Ішкі ордалық қазақ мектептерін школный сетке кіргізіп, оқу жасындағы балалардың сандарына жеткілікті етіп ашу туралы обласной халық ағарту бөлімі қазірден-ақ тиісті шараларына кіріссін.

Кележек жазда мұғалімдер курсын ашу туралы: мұғалімдер үшін кележек жазда қысқа срокты 2-айлық курс ашылсын. Мұғалім болажақдар үшін ұзақ срокты курсы ашылсын.

Осыныңмен екінші мәжіліс бітеді.

Үшінші мәжілісі 2-йанвар кешкі сағат 6-да Ғұмар  Қарашев  тарафынан ашылды.

Бірінші толық мұғалімдер сиезінің қаулысы бойынша, мұғалімдер сиезінің правлениясы тарафынан шығарылажақ болған сол телім журналы кітап жазу камиссиясы тарапынан шығарылсын.

Қазақ халқының тарқаулығы оқыту ісіне кемшілік келтірмеуіне шара көздеу туралы, пансион ашылып, балалар мектептерде жатып оқитын болуы үстіне, жаз халықтың жиын отыратын жерлеріне мектептер де көшіп жүретін болсын.

Осыныңмен үшінші сиез мәжілісі бітеді.

Төртінші мәжіліс 7-йанвар кешкі сағат 6-да Ғали Бегалиев тарапынан ашылды.

Бірінші мұғалімдер сиезінің қаулысы бойынша, биылғы оқу жылынан қалмай ашылажақ бірінші сыныптар ...менге қосыла ...зайри сыныбы да ашылсын, оған смита түзу үшін төрт кісілік бір камиссия сайлансын.

Камиссияға мына кісілер сайланды: Ш.Йусупов, Нұғман Манаев, Ғ.Мусағалиев һәм Ғұмар Қарашев.

Ішкі ордалықта екінші дәрежелі бір мектеп ашу туралы: Осы оқу жылынан қалмай Ішкі ордалықта екінші дәрежелі бір мектеп ашылсын. Оған сметаны обласной халық ағарту бөлімі түзілсін.

Осыныңмен төртінші мәжілісі бітеді.

--------------------------------------------------------

Павловтың құралын алу

        Жақын арада Астырханнан Ордаға бір жас жігіт келіп еді. Ол өзінің Ордаға соғыс ісін бақылау үшін келгендігін һәм камунистер партиясының члені екендігін айтып еді. Осы жігіт 12-йанварда ұсталды һәм қолындағы құралы алынды. Ұсталуы құралсыздандырылуының себебі: бұл жігіт Ордаға келген соң құралы түрлі ұятсыз істер істеп, тентектік етті, халық қарсысында савет үкіметінің адамдарына һәм члендеріне лайықсыз іс істеді. Камунист балшевик партиясының Павлов сықылды тәрбиесіздік етіп ессіз жүретін адамдармен қызметі жоқ. Партияның қолтығына кіріп жамандық істеушілерге партия тарапынан еш бір қорғаушылық жоқ. Ондайлар өздерінің тиісті жазаларын тартуға керек.