№20 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл фебраль 2

Міндетті қаулы

  1. 1919 жыл 27 йануардан бастап Ордада һәм оның айналасында (хсрс) часни кісілер (жеке адамдар – М.Ж.) малын һәм уақ хайуандарды сатып алуға тиым жасалады һәм сатуға да болмайды.

Ескерту: жоғарыда айтылған часни кісілерде сатып алуға мүмкін, егер өзінің мұқтаждығын айтып, жер бөлімінен қағаз алса.

  1. Бұл қаулыны тыңдамай бұзушыларға 2 мың сом штраф салынады. Сатып алған малы ақшасыз қазынаға түседі.

Орда қаласының камитет бастығы Вигдорчик

 

Ішкі ордалық азық-түлік камиссары:

Ығлан (Жарияланым немесе хабарландыру - М.Ж.)

1919-ыншы жыл, феврал 10 жаңасынан бастап, Орда қаласында учительский семинария ашылады. Биылша 1 һәм 2 кластары ашылажақ.

Уч. семинарияға бұрынғы двухкласный, высший начальный школдарды бітіргендер, болмаса жоғарғы школдардың программасындағыдай ғылымы бар адамдар қабыл етіледі.

Кіргісі келген кісілер уч. семинарияны құрастыру камиссиясына арыз береді.

Арызды 2-інші дәрежелі 1-інші школына күндіз сағат 9-дан 12-ге шейін .

К.И.Милентееф қабыл етеді.

«Орда қаласындағы семинария камиссиясы»

 

2 інші бұйрық

1919 жыл 28 йануар.

1918-жыл  14-декабрдегі  халық  камиссары  саветінің  қаулысы  бойынша бүтін халық һәм жайын халық мехкемелері, қолдарындағы жарақты-жарақсыз 

винтовка, пулемет, алты атар, олардың оқтары һәм түрлі қылыштары тапсыруға міндетті. Жоғарыда айтылған қаулы, қолдарында көрсетілген құралдар болып та, өздері соғыс жайындағы халық камиссариятынан яки Русия жүмһүриятының военный революционный саветінен рұқсатпен құралмаған мехкемелердің бәріне де ортақ.

Құрал ұстау үшін бұл күнге шейін берілген қандай болса да рұқсат қағаздардың бәрі де мұнан соң күшін жоғалтады, іске аспайды. 2-халық камиссарияты саветінің бұйрығын орнына келтіру үшін Хан ордасындағы бүтін халыққа бұйырамын, 1919-жыл 1- феврал күні сағат 12-де, қолда бар құралдарды соғыс жайындағы қазақ камиссариятына тапсыруға.

Қазақ даласындағылар осы бұйрықты алғасын 10 күннен қалмай волусной саветтің председателіне тапсыруға тиіс.

Волусной исполкомның председателдері бар жиналған құралдарды қазақ камиссариятына тапсырады.

  1. Жайын халық мехкемелері, қолдарындағы құралдарын 1919 жылдың 2 февраль күні сағат 12-де тапсырады.
  2. Бөкейлік исполкомы һәм чрезвичайный камиссияның қолдарындағы құралдар 1919-ыншы жылдың 3- февралында тапсырады.
  3. Осы бұйрықтағы көрсетілген сроктан соң бір кісінің қолында құрал табылса, мына орамалдарды алады: жарақты винтовка үшін - 600 сом. Түзеткенсін жарылатын үшін – 500 сом, пулемет үшін - 1200 сом.
  4. Құрал жасырғаны тапсыру уақытын кешіктіргені яки тапсыруға қарсы болғандығы үшін айыпты болғандар бір жылдан бастап 10 жылға шейін бар хұқығынан айрылады.
  5. Орында тұрған кісілерден, жоғарыда айтылған құралдарды тапсыру жайында айыпты болғандар, яки қарсы болушылар шықса, орнынан түсіріліп, военно-ревалюционный сотқа беріледі.
  6. Хүкүмет файдаларын сақтау үшін бір мехкемеге құрал керек болса, қазақ камиссариятына қабыл етіліп, есебі алынып болғансын кейін беруге болады.
  7. Халық камиссариятының құрал тапсыру уақыттағы бұйрығы бойынша, Русия каммунистер партиясының мүшесі қолында бір винтовка һәм бір алты атар ұстауға ыхтияры бар.
  8. Рұқсат етілген винтовкадан қалғандарын, партия мүшелері 1919 жыл 2- февральдан қалдырмай қазақ камиссариятына тапсыруға міндетті.

Соныңмен бірге, өздеріне қалған винтовкалардың нөмірлерін көрсетіп, жазған спискі де тапсырылуға тиіс.

11-Партия мүшелеріне қолдарына құрал алып қалу хұқығын, мүшелік билеттері береді. Бірақ осы бұйрықты жариялағаннан 2 жұма соң уақыт өткенсін, рұқсатсыз қазақ камиссарияты яки Русия каммуна партиясы тарафынан беріледі.

Соғыс бөлімдерін құру туралы қазақ соғыс камиссары һәм Русия кіндік камитетінің мүшесі Тұнғашин,

Военный руковадителі Довыдов, Камиссарият ісін басқарушы Кузмин 

 

Тазалық туралы міндетті қаулы

Хазіргі күнде Орда қаласында ... науқасы көбейіп бара жатқандығы һәм халықтың бірден бірге тығыз ия ергендігі үшін, бүтін үй иелеріне, халық үшін, алынған үйлерді басқарушыларға, бүтін мехкемелерге, пәтер иелеріне һәм харшивникдерге, өздерінің тұрған үйлерінің, шарбақтарының һәм көшелердің тазалықтарына көз салулары міндет етіледі. Сол себепті, осы қаулы жарияланғаннан соң, жеті күннің ішінде, дәретхана һәм жуынды, шайындыларды төгетін шұңқырлар тазартылуға міндетті. Егер де бір үйде бұл айтылғандар ілгейден болмаса, жаңадан жасауға.

Мұнан кейін жуындыны көшеге, шарбаққа төгуге тиым салынады.

Һәрбір хұқты-елеулі науқас туралы доқтыр һәм фелдьшерге хабар беріп тұруға.

Осы қаулыны орнына келтіру – бақылау тазалық (санитарный) қызметкерлеріне тапсырылады.

Олар сайланып һәм қала саветі тарафынан беркіткенге шейін, бұл жұмыс қаланың милицияларына міндет етіледі.

Қала саветінің бастығы Вигдорчик, Тазалық бөлімін басқарушы Парамоноф

 

Саюзниктер һәм Русия

Лион, 21 йануар, Вильсонның мақұлдауы бойынша Парижде құрылған жарас кеңесі Русия хақында мынадай қаулыға келді:

Русиядағы түрлі партия, группа арасында күрес дәуім етіп тұрған заманда Европада һәм бүтін әлемде жарастың болып, орнасуына саюзниктер шанбайды, соның үшін саюзниктер 15-інші февральда бір кеңес құруды мақұл көреді. Русияның (бавру па) қисымында һәм Сибирияда құрылған түрлі хүкүметтердің басында тұрған һәрбір партия группа сол кеңеске өзінің өкілдерін жіберсін. Бірақ һәрбір партия группадан 3 тен артық өкіл жіберілмесін. Бұл кеңесте саюзниктердің де өкілдері болсын. Финландия һәм Польша Русиядан бөлінгендік себептен оларды кеңеске өкілдер жіберілмейді. Бұл кеңесте Русияның хазіргі һәм келешектегі халы туралы бір қаулы шығарылады. Русияда бір-біріне қарсы соғысушы хүкүмет һәм группалар уақытша соғыстан тоқтап кеңестің ғақи...тын күту керек. Саюзниктер өздерінің Русияға достығын һәм Русия өзгерісіне жақсы көзбен қарағандығын білдіреді һәм шандырады.

 

Телеграмдар Қызыл фронт

Арқа жақ фронтта. Шингурский                                                                                            жолында, үш күндік қатты соғыстан соң, Біздер, Шингурскийден

125 шақырым қыбла жақтағы дұшпандардың мықты беркіген Устпадинскі пазициясын алды.

Бізің қолымызға бүтін, жүзден артық мылтық бек көп мылтық һәм топ оқтары түсті.

Дұшпандардың артында, Шингурскіден 30 шақырым арқа – күнбатыста 

Каскара өзенінің бойындағы (Виюлуту) аулын біз алдық. Каденскі жолында Шинкурскіден 15 шақырым қыбла –күншығыста, Баглушар өзенінің бойындағы Сегеевка қалаш бізің тарафынан алынды.

 

Күнбатыс фронтында

Кайдан жағында Латыш қызыл әскерлері Вилскомирден 18 шақырым күн батыстағы Турунейді алды.

 

Қыбла фронт

Калаш жағында, бізің бөлектеріміз 5-10 шақырым ілгері жүріп төменгі Гри-учиді һәм Калаштан 30 шақырымдай арқа-күншығыстағы Красно-поляны алды.

Новохапюрскі төңірегінде бізің әскерлеріміз Комовскіні алды. Қолымызға 12 жеңіл топ түсті. Камишин төңірегінде, Камишиннан 20 шақырым қыбла

–күнбатысындағы Климовичте бізің жағымызға, дұшпан тарафынан бір пулемет 75 мылтығымен 150 кісі шықты. Дұшпанның Царициннің 10 шақырым күнбатыстағы Разгуляевкаға жасаған наступлениясын қайырды. 14 пулемет қолға түсірдік.

Кішкене қыблаға таман, бізің әскеріміз шабуыл жасап Тёплыводы куторын алды һәм дұшпанның екі оқ-өтпес пойызын сындырды. Дұшпандар, Кафказда Свяной крепостқа қарай шабуыл жасайды.

 

Күншығыс фронтта

Уфа төңірегінде бізің әскерлеріміз, Уфадан 20 щақырым қыбла – күншығыстағы Архангелскиді алды.

 

Бітім

Острагожский, 24 інші йануар. Владикафказдан келген хабарға қарағанда, Англияның қатысуымен Грузия һәм Арменияда бітім әңгімесі басталыпты.

 

Түркияның халы

Октәбр басында түрік армиясы мықтап жеңіліскен соң, Түркияда оңды құралды күш қалған жоқ.

Екі арада соғыс тоқталып, ымырама басталған соң-ақ саюзниктер Түркияда өз үйлеріндегі секілді қожалық ете бастады.

Иафа, Байрут, Марсин һәм Ескандурун қалаларында италиян һәм франсуздар өз тілектерін неше басшылық етті. Марсин айналасындағы түрік ғаскерлері һәм Штақ қылғе-Дарданил бұғазы аузындағы түрік қарауылшыларының құралдары алынды. Бұрынғы түрік мемлекетінің орнында неше түрлі хүкүмет құрылды. Олардың екеуінде Англия, Франция хүкүметтері тасдиқ етті. Русия қол астында Кафказға көрші отырған армендер саюзниктердің мақұлдауы бойынша Түркияда құрылған Армен хүкүметіне қосылмақ болды.

Фалестин, Құддыс, Шам жағында өзіне айырым еврейлер хүкүметі құрылып жатыр. Иафа маңайындағы еврей халқы жаңа хүкүметтерінің Местфил бір 

хүкүмет болып танылуын сұрау үшін Парижға өкілдер жіберді.

Сауда сату істері бүтіндей тоқтады. Бұрынғы молшылықтардың бәрі де бітті. Азық-түлік жағы өте тапшылыққа түсті.

Соңғы  уақытта  халық  арасында  социалный  қозғалыс  көріне  бастады.

Қозғалыстың бет алысы бізің болшевизмнің бағытына достау келеді.