№11 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл ғинуар 19

Қорқынышты сандар

Империалистер соғысы хазірге айақталды. Соғыс хазірге тоқтады: Бірақ жауыздар бүгін бәлки ертең бір- біріне қарсы тағы да соғылуға тұр, қандар сасуы тағы да сасығалы тұр.

Осы соғыста төгілген қан да азшылық ететін емес. Соғыс басталған соң 1918-інші жылдың бірінші иануарына шейін о соғыста өлген адамның саны 7 миллионнан кем емес. Бұл сан өткен бір жүз жылдың ішіндегі соғыстарда өлген адамдардың санынан екі есе артық.

Бұл жалғыз өлгендердің ғана саны. Дұшпан қолына тұтқын түсіп қырылғандар, хабарсыз жоғалғандар, түрлі жұқпалы аурулардан өлушілер, ауыр жаралы болып, өмірлік мүгедек болып  қалғандардың  есебі  де жоқ. Бұлардың барлығын қосқанда қатардан шыққандардың саны 25-26 миллионнан һеш те кем емес. Бұл жалпы сан. Русиа армиасының көргенін ойлағанда ес кетерлік. Жалғыз өлушілердің саны бір миллион, мүгедек болып қалғандар 4 миллион. Екі миллион шамалы тұтқынға түскендер. Халера, тиф секілді аурудан өлушілердің саны адамды ақылынан адастырарлық. Жалғыз Русианың өзінде ғана осы соғыс тақсыретінен фалекетке ұшырағандардың саны 25 миллион. Таңқаларлық қыртысы хайран қаларлық сан.

Халера ауруы уақытында дәрігерлер түрлі зианды құрттарды, шыбындарды қалай қырса, бұл соғыста да адам балалары түрлі дәрі, құралдармен бір-бірін солай қырды. Жалғыз Шампан тауы маңындағы соғыста қырылған франсуз, немістердің 1870-71-інші жылдағы Русия, Франсиа соғысындағы қырылған адамдардың санынан артық.

Жалғыз Вирденгриспостен қорғауға құрбан болғандардың саны 1912-1913-жылдағы Балқан соғысында құрбан болушылардан көп.

Бұл айтылғандар жалғыз адам зианы. Бұл соғыста қанша ауыл, қалалар жоқ етілді. Қанша жақсы ормандар, егіндік, пішендіктер өртелді. Қанша көпірлер, теміржолдар бұзылды. Қанша вагондар, паровоздар істен шығарылды. Қанша фабрик, заводтар, түрлі істер хат орындары жоқ етілді.

Сол нәрселерді дүниаға шығару үшін неше миллиондаған жұмыскерлер, неше жылдар қызмет етті, сол қызмет себепті неше бейнетқорлар дүниаға хош айтысты.

Бір әңгіме: білімдінің сөзіне қарағанда осы соғыстың тек бірінші жылындағы барлық адам дүниа шығынын ақшаға айналдырғанда 91 миллиард сомға жетеді.

Иса пайғамбардың туғанынан соғыстың бірінші жылының айағына шейін 20 миллиард секунттан артығырақ уақыт өткен екен. Бұл соғыстың бір жылдық шығынын ақшаға айналдырғанда оның сом мәнет саны сол секунт санынан 

да артық кетіпті.

Бұл не деген көрініш! Бұл не деген деген қорқынышты сан:

Бұл көрініштердің келешекте де болуы мүмкін. Империалист аталған бір волус халық бар, өз файдалары үшін олардың бұндай қорқыныштардан жүректері айнымайды. Адам құр саны, адам құрылысы олар үшін бір тиын да тұрмайды. Жалғыз-ақ өздеріне рахат, қалталары ақшамен толы болсын. Олардың ойлағаны басқаның қалтасындағы жалғыз тиынды, аузындағы түбір нанды өздері қағып алу. Бүтін дүниа оларға базар болсын. Бүтін дүниада олардың малы қалсын, бейнетқорлар хазыр енді бұған түсінді. Соғыстың неден туатындығын олар хазыр бек жақсы білді.

Енді олар жаңа соғысқа ерік бермес һәм жол қалдырмас. Олар өз туғандарының қанына енді шөлдемес.

Олар империалистерге қарсы соңғы сөздерін айтар һәм қатты айтар.

(Беднота)

---------------------------------------------------------------

 

Полшада қозғалыс

Варшав, 10 йануар.

Варшав, Лублин, Рабум, Лудза қалаларында һәммеде Думбровски районда саветтер құрылды.

Варшавада каммунистердің газеталары шыға бастады.

Полак ғаскерлері арасында тәртіп кеміп, қозғалыстар күшейіп тұр. Полшада жұмысшылар қызмет тастады. Бас көтерушілер көбейді. Каммунистер халық арасына жаңа фікір таратады. Варшавдан келушілердің сөзіне қарағанда Варшавдың көшелерінде қанды соғыстар басталыпты. Хүкүметке қарсы зор жиылыстар болып тұр. Халық хүкүметтен риза емес. Хал өте ауыр.

--------------------------------------------------------

Германиа уақиғалары

9-ыншы йануарда Берлин қаласында басталған граждански соғыс бүтін Германиаға жайылды. Берлин соғысында қай жақтың дендеп жеңгендігі әзірге мәлім емес. Телеграм шыбықтары әзірге хүкүмет қолында. Сондықтан дұрыс хабарды алу қиын.

Германиа хүкүметінің таратқан телеграм хабарына қарағанда, ол өзінің жеңуіне шанатындай көрінеді. Біз олардың бұл хабарларына шана алмаймыз. Бір Киренски де басына жұдырық тиіп, шет мемлекетке қашқанға шейін

«Мен жеңемін» деп дүниаға өтірік хабар таратып тұрды. Берлин жұмыскерлері бүтін телеграм шыбықтарын өз қолдарына алған соң ғана бізге анық хабарларды алу мүмкін болар. Салдаттардың бір бөлегі хүкүмет жағында. Бұл күресті өте ауыр етіп тұр. Бірақ біз бұл істі уақытша ғана деп білеміз. Неміс салдаттары өтірік табансыз сотсиалистердің айлаларына жылдам-ақ түсінер, 

өз жолдастары жұмыскерлерге қарсы құрал көтеруден тоқтар. Бізің үмітіміз осы.

Ішкі хүкүмет жағында қалушылар болса, олар да жалғыз-ақ афитсер,

унтер афитсерлер ...(бака)ливний студент гимназистер полкілер болар, бірақ бейнетқорлардың көші көпшілігі оларды бұл күйше қоймас: сайуздеріне қосар, иаки қозғалыстың толқынымен олар суға ағып жоқ болар.

Біз келешекке зор үмітпен қараймыз. Бейнетқорларды біреу жеңе алмас һәм күресіп жыға алмас.

---------------------------------------------------

Телеграмдар Берлин үндемейді

Вилна, 10 йануар.

Литва телеграфний биуросының хабарына қарағанда, Берлиннен хабар келмейді. Мұның себебі – спартактар телеграмды өз қолдарына алыпты деп ойланылады.

---------------------------------------------------

Киефте жұмыскерлер саветі

28 декабрде Киеф жұмыскерлер саветінің бірінші мәжілісі ашылды. Савет бастығына каммунист Дихтеренко сайланды. Русиа халық камиссариатын қуаттап телеграм жіберілді.

-----------------------------------------------------

Сайузниктерге жалтақтау

Полак байлар хүкүметінің Париждегі өкілдері, Полшаны сайузник мемлекеттерінің (біркісегі) деп иғлан етті. Германианың полактарға қарсы құрған құрғақ протестінен файда өнбеді. Полак ғаскері Германиа жеріне кіруінде дауам енеді. Қолынан келсе Германиа зор ғаскері күш әзірлеп, полактарға қарсы тұрмақ, өз жерін қорғамақ болады.

-----------------------------------------------------

Руминиада қозғалыс

Киефке алынған хабарға қарағанда Руминианың түрлі жерлерінде зор қозғалыс бас көтерді. Кристиандар ақ гвардиалар армиасына қосылудан бас тартады. Йассы һәм Бухарест қалаларында соғыс халы иғлан етілді.

--------------------------------------------------

Болгариада болшевизм

Софиа һәм Болғарианың басқа да үлкен қалаларында болшевиктердің қозғалысы өте күшейіп тұр. Һәр уалайаттардың бәрінде де ауыр халдер туып кету ыхтималы бар.

-------------------------------------------------

Астрхан сватой крест темір жолы

Астрхан, 2-йануар. Астрхан мен Сватой крест арасында жіңішке темір жол салына бастады. Жақын айлардың бірінде қызмет тамамдалар деп ойланады.

-----------------------------------------------------

Соғыс халы

Берлин, 10 йануар. Қалада соғыс халы иғлан етілді.

Уфа, 9-ыншы йануар. Сибир һәм Оралда бұрынғы афитсер отрәдының градавойларға мобилизатсиа иғлан етілді.

Харков, 10-ыншы йануар. Украинаның қызыл ғаскерлері Сом қаласын алды.

-------------------------------------------------------------

Учителдер саюзы туралы кіндік хүкүмет қаулысы

Мәскеудегі кіндік камитеттің жиылысында бірнеше шешендер шығып, учитлдер саюзының қазіргі бағытқа қарсы екендігін сөйледі. Жиылыс ұзақ кеңестен соң, былайша қаулылар шығарды:

Саюзды тарату хақында

Учитлдер саюзы өзінің кіндік басқармасы арқылы хазіргі бағытқа қарсы құрылған «Отан һәм бостандықты қорғау» деген камитетке кірді.

Бостандыққа қарсы болған сол камитетке жәрдем ету ниетімен хазіргі хүкүметке қарсы жазылған кітаптарды халық арасына таратты.

Учитлдерді савет хүкүметіне қарсы тұруға, қызметтен доғарылып, саботаж жасауға үндеді.

Мұғалімдерді сайлау жақындағы декретке қарсылық етті.

Оқу камиссиасының шығарған жаңа тәртіптерін табанды етіп көрсетуге тырысты.

Школдарда дін һәм ұлт негізіне құрылған тәрбиені кетіруге олар қарсы тұрды. Дін, ұлт негізі өздеріне балаларды тәрбие етуге тырысты.

Мұғалімдер арасында савет хүкүметіне қарсы дұшпандық таратты, ескі бағытқа қайту жеңіл болуы үшін школдардың жаңа тәртіптеріне қарсы тұрды. Кіндік  басқарманың  көрсетуі  бойынша  орындардағы  саюз  бөлімдері

Чехословактарға жәрдем етті.

Осы айтылған себептермен Русиа кіндік камитеті учитлдер саюзының кіндік басқармасын таратуға, оның түрлі жердегі бөлімдерін де жабуға қаулы шығарды.  Саюздың  фікірін  таратушы  «Известиаф,  У.С.»,  «Петрградский 

учител», «Учител» деген һәм басқа да орын газеталарын тоқтатуға қаулы болды. Саюздің барлық мүлкі һәм ақшасы мұғалімдердің керектеріне жұмсалу үшін оқу камиссариатының каллегиасына тапсырылады.

Саюздың  мүшелеріне  хүкүмет  тарафынан  һешбір  қысымшылық,  жаза болмайды.

Кіндік камитет бастығы Свердлоф

Хатшы: Авнесоф