«Қазақ дұрыстығы» газетасы Ғинуар 30 №18

Астрхандағы губернский исполкомындағы ішкі істер бөлімінің мендетті қаулысы

Егінмен кәсіп ететін қазақ халқы көптен берлі егінге һәм пішенге зарар беретін саршұнақтармен күреседі, аулайды-өлтіреді.

Соныңмен бірге, халыққа жоғарыда айтылған дұшпандарын бітіруге жәрдемдескен күзен де жылда ең көп ауланады.

Соның үшін, қазақ даласында күзен аулауға осыныңмен қатты тиым саламыз.

Осы қаулыны аңдамай, айыпты болған кісілер Астрхан губернский исполкомындағы ішкі істер бөлімінің содына беріліп, социалный обеспеченияның файдасына 200 сомнан 500 сомға шейін штраф салынады. Осы қаулыны орнына келтіруге салақтық жасаған волыс һәм ауылнай, мехкемелердің әкімдері де жоғарыда айтылған жазаға ұшырайды. Бір кісіден күзен терілері табылса, ақшасыз-хақсыз алынып, социалний абеспечения файдасына беріледі. Бұл қаулы халыққа таралған күннен бастап қуатқа кіреді, міндетті болады.

 

1919 жыл 12-йануарда Орда қаласындағы өкілдер саветінде қабыл етілген міндетті қаулы

  1. Орда қаласына келгендер 24 сағаттан қалмай тұратын үй һәм продоволственный карточка алу үшін началник охранаға барып жазылулары керек.

Қаладан кетушілер өздерінің кетулері хақында  началник  охранға білгізіп, карточкаларын тапсырып, жиличний камиссияның есебінен шығып, ең соңында чрезвычайний камиссиадан кетулері туралы рұхсат қағаз алулары міндетті. Қала саветінің қасында жиличний һәм риквизитсионно-

расценочный камиссиялар ашылды. Жиличний отделдер рұхсатсыз бір кісінің де бөлме яки фәтер ауыстыруға хақы жоқ. Қандай да болса бір затты алу тек риквизиционно-расценочный камиссияның билігінде. Соның үшін қала халқына жариялаймыз, қандай болса да бір нәрсені алуға келген кісіден ең әуелі, риквизиционный камиссияның ордерін сұрауға керек. Һәм ол ордер, алушы кісінің атында болуға тиіс.

Бүтін орын мехкемелерінен сағаттарын орын сағаттары мен пошта сағатынан бір сағат артқа қоюлары өтініледі. Осы қаулы жарияланғанынан бастап орындалуы тиісті.

Орындамайынша, айыпты болғандар савет хүкүметіне қарсы болған болып сотқа тартылады.

Орда қаласының исполкомы

 

Міндетті қаулы

  1. 1919 жыл , 27 йануардан бастап Ордада һәм оның айналасында (хсрс) часни (жеке адамдар – М.Ж.) кісілер малын һәм уақ хайуандарды сатып алуға тиым жасалады һәм сатуға да болмайды.

Ескерту: жоғарыда айтылған часни кісілерде сатып алуға мүмкін, егер өзінің мұқтаждығын айтып, жер бөлімінен қағаз алса.

  1. Бұл қаулыны тыңдамай бұзушыларға 2 мың сом штраф салынады.

Сатып алған малы ақшасыз қазынаға түседі.

Орда қаласының камитет бастығы Вигдорчик

 

Ішкі ордалық азық-түлік камиссары:

Орда қаласындағыларға һәм Астрхан крайындағы бүтін қазақ даласындағыларға

Қазақ  даласының  чрезвычайний  камиссиясы  осыныңмен  Орда  һәм бүтін қазақ даласындағы халықтарға қолдарындағы от құралдарын  (һәр түрлі мылтықтар) һәм суық құралдарын (найза, қылыш, қанжал секілді) Ордадағылар 3 күннің ішінде чрезвичайний камиссияға , даладағылар, өздерінің қисым саветтеріне жарияланған күннен соң 7 күннен қалдырмай волосной саветтеріне тапсырулары тиіс.

Волосной саветтер бүтін жинаған құралдарын чрезвичайный камиссияға әкеліп тапсырады.

Осы бұйрықтарды орындамағандар законның ең ауыр қанундарымен жазаланады, атып өлтіруге шейін.

Астрхан крайындағы қазақ даласының исполкомы қасындағы

чрезвичайная камиссия

 

Исполкомның отдел басқарушысымен бірге болған жиылыстағы қаулысы

10-ыншы февральда болажақ 3-жалпы сиезін кешіктіру туралы әңгіме болып, төмендегі қаулыға келдік:

Бөкейлік 7 қисымнан құралса да, хазіргі кезде Қамыс-Самар һәм 1- округ 

атты қазақтардың қол астарында, 2-округ пен Нарын қисымдары да олардың билігінен шығып кете алмайды. Талофка қисымы болса, соғыс орны болып тұр. Сонымен сиезге өкіл жібере алатын тек екі қисым ғана қалып тұр. Олар Тарғын және Қалмақ қисымдары. Бұл екі қисым өкілдері, бүтін қазақ сахарасындағы бейнетқорлардың тілектерін жеткізе алмайды. Екінші жақтан, соңғы уақыттағы, савет ғаскерлерінің күн-шығыс фронтындағыларының жолдары болып, ілгері жүрулері бізің атты қазақтар қол астындағы қисымдарымыздың да жақын арада босатуымен арттырады. Сол себепті, исполком, 10-ыншы февралда болажақ сиезді енді қазақтар қол астындағы қисымдар босатқанға шейін бағзы қолдан келгенше көбірек өкілдер жиналғанша кешіктіре тұруға қаулы жасады.

Исполком

 

Ирландия еріктігі

Англияның көп мемлекетті Зор Британия һәм Ирландия деген екі аралдан құралады.

Ирландия халқы көптен берлі Англия қол астынан бөлініп өзіне толық афтономия алуды яки Англиядан түп көтере бөлініп өзіне айырым бір мемлекет болуды тілейді. Дұрысын айтқанда Ирландия халқы Зор Британия халқына құрдас болуды тілейді. Осы мақсодтарға бірігу үшін Ирландия халқы неше жылдан берлі өздерінің дауыстарын шығарып Зор Британия энглишдерінен, Энглиш хүкүметінен өздеріне бостандық, теңдік, құрдастық сұрайды.

Бүкіл дүние халқын құлшылықтан құтқарып, бүтін дүние жүзіне дұрыстық жаямын деп жүрген Англия хүкүметі Ирландия халқының бұл мықты дауыстарын естімеді, олардың орынды зарларын тыңдамады. Англияның жауыз капиталистері Ирландия бейнетқорларын уыстарынан шығарғысы келмей һәм оны тілемеді. Ирландия халқы өздерінің мықты тілектерінен қайтпады, Англияның жауыз лордтарына жақсылықпен сөз тыңдату мүмкін еместігіне олардың көздері жетті, құрал күшімен ізгі мақсодтарға бірлесуге олар сөз байлады. Ирландия халқы неше рет қозғалыс жасап, бас көтерді, құр алға шапты.

Өздеріне теңдік, құрдастық, ерік мұрады.

Англия хүкүметі бұл қозғалыстардың бәрін де аянышсыз реуіште басты, Ирландияның бірнеше басшыларын, көсемдерін ауыстырды. Кестрді, Ирландия халқына өте қорқынышты һәм шанымсыз көзбен қарауға Англия хүкүметі мәжбүр болды. Ирландия халқы осы үлкен соғыстың қызып тұрған шағында да бір қайтара қозғалыс жасап қарады, бірақ мақсодтарына тағы да жете алмады.

 

Русия өзгерісі

Одан қала Германияда болып тұрған қозғалыс, өзгерістер Англия хүкүметін, Англия саясиларын терең ойға түсірді.

Хазіргі үлкен соғыс Бавария империялистерінің күндестігінен келіп тұрып еді һәм соғысты күнде жалғыз рустер соғысы деп айтуға болмайтын еді. Хазр 

енді күндестер соғысы бітті, екі (тәріп) болып соғысқан бавария капиталистері бейнетқорлары қанымен бірін бірі жеңді.

Саюзник  империялистері  өздерінің  жеңіс  тойларын  жасауға  үлгермеді, олар өздерін тағы да қорқыныштылық, мәңгілік бір дұшпан қарсысында көрді. Русия,  Германия  уақиғаларын  көріп,  саюзник  империялистер  өздеріне ажалдың жақындағанын сезді. Хазіргі күні саюзниктердің бар қорқынышы Русияда, Германиядағы секілді өз мемлекеттерінде де өзгеріс болуынан, өз мемлекеттерінде де болшевизм ауруының таралуынан қорқады, нешік болса да өз мемлекеттерін тыныштандырып, өз бейнетқорларының қозғалысына жол қалдырмасқа тілейді. Соңғы телеграм хабарларына қарағанда Ирландия халқы өздерінің өмірлік тілектеріне жеткенге ұқсайды. Толық мағынасымен өздеріне бостандық , ерік алып, Англияның темір қолынан, темір шынжырынан құтылған секілді көрінеді. Энглиз лордтары, Англия саясилары Ирландия бейнетқорларының жетекшілерін астырып-кестіруден бұл жолы қолдарын тартты. Ирландия бейнетқорларының хақты тілектерін беріп, болшевизм- социализм секілді қорқынышты аурулардан уақытша өз мемлекеттерін аман сақтауды артық көрді. Русия өзгерісінің, Русияда таралған болшевизмнің дүнияға шашылған ұшқыны, дүнияға таралған лебімен майданға шыққан Ирландия        бейнетқорларының                бостандығын            Русия             бейнетқорлары                 қол шапалақтап, шаттықпен қарсы алажақ. Русияның бейнетқор хүкүметі де оған

өзінің тілектес екендігін әлібінде баян етежек.

Англия саясиларының хазіргі ойлары, пландары бізге белгілі. Олар өздеріне ең астында тұрған, өздеріне ең хұфты (құпты М.Ж.) санаған Ирландия бейнетқорларының тілектерін беріп тыныштандырмақ. Ирландия бейнетқорларынан босаған жауыз, қанды қонақтан Һиндистан, Мысыр бейнетқорларына бұрынғыдан да көрі қаттырақ батырмақ,  қадамақ болады. Түркия, Иран, Афғанстан һәм Түркістан бейнетқорларының саф, жылы жүректеріне өздерінің жауыз, суық қолдарын сұқпақ болады. Тағы бірнеше миллион мұсылман халқын, бірнеше мұсылман мемлекетін темір жұдырықтың астына алып, өздеріне мәңгілік құл етпек болады. Бейнетқор, момын мұсылмандардың табан еті-маңдай терімен өздерінің напақаларын толтырып (керек болғырлар) миллиондар жимақ болады.Социализмді ғамалға қою жолында дүнияға басшылық еткен Русия бейнетқорлары, бүтін дүние бостандығын өзіне бірінші мақсодта етіп тұтқан Русияның савет хүкүметі шарқ халқын ұмытпас. Шарқ бейнетқорларының да хазіргі аяныш халдеріне көз салар деп ойлаймыз.

Біз Русиядан көтерілген социализм үштінен ғарбтан да бегірек, олар бегіректе жәрдемге, жетекшілерге мұқтаж. Бұл туралы Русияның бейнетқор мұсылмандары бегіректе қызмет етуге міндетті. Біз бүгін Ирландия бостандығын алып қуансақ, ертең һиндистан, Мысыр бостандығын естіп қуаналық, соны есітіп шаттаналық.

 

Телеграмдар

Германия уақиғалары

Берлиндегі спартак каммунистерінің қозғалысын хүкүмет бүтіндей басты. (Муабитте) спартактардың 10 мың шамалы мылтық, оқ-шашар һәм алты атарларын хүкүмет тонап алды.

 

Англияның жауыздығы

Баку газеталарының хабарына қарағанда енглиздер бірнеше адамдарды өлімге хүкім етті. Асып өлтіру үшін, халықтың ең көп жиналатын бір-екі жерінде дар ағашы құрылды һәм атып өлтіру үшін де бұ орын әзірленді. Бірақ Рус малый саветінің өтінуі энглиз полковнигі майданда кісі өлтіруді тыйды, хүкім етілетін адамдарды қаланың сыртында өлтіретін болды.

 

Бичрахов отрадын тарату

Бакудағы Бичрахов атрады бүтіндей таратылатын болды. Бичраховтың өзі де орнын тастады. Бичрахов атрадының орнына жаңадан көңілді армия түзу ісі полковник Диникинге тапсырылды.

 

Ақ гвардиялар кеңесі

Киеф қаласында Литва һәм Беларус ақ гвардияшылардың кеңесі басталды.

 

Қырымның халы

Соңғы күндерде Қырымның түрлі қалаларында күн сайын дерлік саюзниктерге қарсы жұмыскерлер жиылысы болады.

Қырымда саюзниктердің қыз, деңіз һәм атты ғаскерлері бар. Англия ғаскері басшылары мұндай аз ғана ғаскермен Қырымды ұстап тұра алмасын сезеді һәм өте асығыстықпен бұрынғы афицерлер һәммеде түсініксіз татар халқынан ақ гвардиялар құрумен шұғылданады. Қырымды хазіргі күнде басқарып тұрушылардың бәрі де бұрынғы Николай заманындағы қара жүректі залымдар, бұрынғы жүріп тұрған завод, фабриктің бәрі де қызметтен доғарылды. Керекті нәрселердің бәрін де саюзниктер жеткізеді деген үміт босқа шықты.

Севастопольға тоқтаған жүк параходтарының бәрінде де ғаскери керек жарақ һәм құралдан басқа дым да жоқ.

 

Қызыл фронт Арқа жақ фронт

Катлас төңірегінде Велский һәм Шингурский жолында бізің ғаскерлеріміз Нарну өзені бойында төмен қарай жүріп Шингурскіден 22 шақырым жердегі бірнеше ауылдарды алды.

Минава төңірегінде латыш қызыл ғаскерлері әлі ілгері жүруде.

 

Күнбатыс фронт

Грудно жолында Литва ғаскерлері Луданнан 10 шақырым жердегі Прилай 

орнын алды.

 

Қыбла фронт

(Новохапюзскі) төңірегінде бізің ғаскерлеріміз ілгері жүріп( Хапюз) өзенінен өтті һәм Новохапюзскіден 10 шақырым төмендегі бірнеше орындарды алды.

Күншығысқа таман, (Урупинск)нің 10 шақырымдай қыбла-күнбатысындағы Михайловский һәм Петровскийлер алынды.

 

Күншығыс фронты

Уральск жолында, Уральскіден 12 шақырым арқа-күнбатыстағы Вительскі кутрі алынды. 22-йануарда бізің ғаскерлеріміз Орынборды алды.

 

Уфа төңірегінде

Уфаның 60 шақырыдай, қыбла-күншығысындағы Архангельскіні алу үшін үлкен соғыстар болып тұр.

Уфаның 25 шақырым арқа жағындағы Надиздену һәм Бидеф ауылдары бізің тарафымыздан алынды.

Гунгур жолында бізің әскерлеріміз ілгері жүріп Питовинскі завотының 10 шақырым күнбатысындағы Шамшурету аулы алынды.

 

2000 қашқын

Уфа 22 йануар. Уфа төңірегіндегі соңғы соғыстар уақытында-ақ ғаскерлерінің бізің жаққа қашып шыққандарының сандары 2000 ға толды.

 

Либкнехттің қатын-балаларын ұстау

Берлин. 15 йануар. Либкнехттің үй-жай, қатын балаларының бәрін ұстап, абақтыға жапты. Либкнехт кварталындағы спартак партиясының зор басшыларынан Унгер деген адам да ұсталды.

Энглиздер Рейн крепостының құралдарын алды.

Лондоннан шыққан хабарларға қарағанда Энглиз ғаскерлері Рейн крепостының басты қорындарын алыпты.

Бұл күнге дейін Англия ғаскерлерінің қолына түскен олжалар мынау: 800 ауыр зеңбірік, 7000 оқ-шашар, бір мың динамет, 2000 аэроплан, 5000 ға жақын паравоз, 140 000 вагон, 5000 жол вагоны.