«Қазақ дұрыстығы» газетасы Ғинуар 29 №17

Астрхандағы губернский исполкомындағы ішкі істер бөлімінің міндетті қаулысы

Егінмен кәсіп ететін қазақ халқы көптен берлі егінге һәм пішенге зарар беретін саршұнақтармен күреседі, аулайды-өлтіреді.

Соныңмен бірге, халыққа жоғарыда айтылған дұшпандарын бітіруге жәрдемдескен күзен де жылда да ең көп ауланады.

Соның үшін, қазақ даласында күзен аулауға осыныңмен қатты тиым саламыз.

Осы қаулыны аңдамай, айыпты болған кісілер Астрхан губернский исполкомындағы ішкі істер бөлімінің содына беріліп, сотсиялный обеспеченияның файдасына 200 сомнан 500 сомға шейін штраф салынады. Осы қаулыны орнына келтіруге салақтық жасаған волыс һәм ауылнай, мехкемелердің әкімдері де жоғарыда айтылған жазаға ұшырайды. Бір кісідей күзен терілері табылса, ақшасыз-хақсыз алынып, сатсиалний абеспечениа файдасына беріледі. Бұл қаулы, халыққа таралған күннен бастап қуатқа кіреді, міндетті болады.

 

1919 жыл 12-йануарда Орда қаласындағы өкілдер саветінде қабыл етілген міндетті қаулы

1- Орда қаласына келгендер 24 сағаттан қалмай тұратын үй һәм продоволственный карточка алу үшін началник охранаға барып жазылулары керек.

Қаладан кетушілер, өздерінің кетулері хақында  началник  охранға білгізіп, карточкаларын тапсырып, жиличний камиссияның есебінен шығып, ең  соңында  чрезвычайний  камиссиадан  кетулері  туралы  рұхсат  қағаз 

алулары міндетті. Қала саветінің қасында жиличний һәм риквизитсионно- расценочный камиссиялар ашылды. Жиличний отделдер рұхсатсыз бір кісінің де бөлме яки фәтер ауыстыруға хақы жоқ. Қандай да болса бір затты алу тек риквизиционно-расценочный камиссияның билігінде. Соның үшін қала халқына жариялаймыз, қандай болса да бір нәрсені алуға келген кісіден, ең әуелі, риквизиционный камиссияның ордерін сұрауға керек. Һәм ол ордер, алушы кісінің атында болуға тиіс.

Бүтін орын мехкемелерінен, сағаттарын орын сағаттары мен пошта сағатынан бір сағат артқа қоюлары өтініледі. Осы қаулы жарияланғанынан бастап орындалуы тиісті.

Орындамайынша, айыпты болғандар савет хүкүметіне қарсы болған болып сотқа тартылады.

Орда қаласының исполкомы

 

Міндетті қаулы

  1. 1919 жыл , 27-йануардан бастап Ордада һәм оның айналасында (хсрс) часни (жеке адамдар – М.Ж.) кісілер малын һәм уақ хайуандарды сатып алуға тиым жасалады һәм сатуға да болмайды.

Ескерту: жоғарыда айтылған часни кісілерде сатып алуға мүмкін, егер өзінің мұқтаждығын айтып, жер бөлімінен қағаз алса.

  1. Бұл қаулыны тыңдамай бұзушыларға 2 мың сом штраф салынады.

Сатып алған малы ақшасыз қазынаға түседі.

Орда қаласының камитет бастығы Викдорчик.

 

Ішкі ордалық азық-түлік камиссары:

Орда қаласындағыларға һәм Астрхан крайындағы бүтін қазақ даласындағыларға!

Қазақ  даласының  чрезвычайний  камиссиясы  осыныңмен  Орда  һәм бүтін қазақ даласындағы халықтарға қолдарындағы от құралдарын  (һәр түрлі мылтықтар) һәм суық құралдарын (найза, қылыш, қанжал секілді) Ордадағылар 3 күннің ішінде чрезвичайний камиссияға, даладағылар, өздерінің қисым саветтеріне жарияланған күннен соң 7 күннен қалдырмай волосной саветтеріне тапсырулары тиіс.

Волосной саветтер бүтін жинаған құралдарын чрезвичайный камиссияға әкеліп тапсырады.

Осы бұйрықтарды орындамағандарды законның ең ауыр қанундарымен жазаланады, атып өлтіруге шейін.

Астрхан крайындағы қазақ даласының исполкомы қасындағы

чрезвичайная камиссия

 

Дутофтың соңғы күндері

«Орынбор бізікі», «Уральск берілуге тұр» деген хабарлар келді.

Николай генералы Дутофтың артына ерген Орал атты қазақтарының байларымасқаралықпенәлекболуғажақындаптұр. Жұмысшы-крестиандардың 

қызыл ғаскерлері тайсалмай ілгері жүріп, савет жұмыриятының шекдерін кеңейтуде. «Правда» газетасы, соңғы жеңулеріміз үстінде ...кдерміз, «Русия ревалиутсиясының жетекшілері – савет хүкүметі һәм каммуна партиясының осы облыстардағы жұмысшы һәм кристиандардың арасына қанша әсер ететіндігін, қадірі барлығын көрсетеді» дейді. Халық соғыста, сыртқы күштен басқа, іштегі халықтың да саяси бағыты үлкен орын ұстайды.

Төменгі Оралдағы бейнетқор атты қазақтар мен кристиандар арасында жаңа бағыттың басталғандығы көрініп тұр. Олар, савет хүкүметімен келісіп, бірлесіп, өздерінің генералдары Дутофтың ақ ғаскерлеріне қарсы тұруға шын көңілдерімен тырысады.

Жоғарыда бізің біреу бөлшегін алып жазған мақаласында «Правда» газетасы қайғырып айтады:

«Уфа-Челябинск, Орынбор һәм Уральск жақтарында бізің ғаскерлеріміздің бөгелістері - жолымыздың болмай тұрғандығы. Сондағы күш ала алмай тұруларымыз бек түсініксіз һәм қайғылы. Неге десеңіз, бізге қарсыласып тұрған ол жақтың дұшпандары түзулі-ерулі» деп. Дұрысы бұл тоқталыстар көзге көрініп те тұрды.

Бірақ, кешегі қиыншылықта тұрған, жолдар болмаған (Пермінің берілуі) күн-шығыс фронты жаңадан савет ғаскерлерінің мықты фронтының қатарына кірді.

Жан-жақтан белогвардистермен қамалған Русия савет хүкүметінің жерін кеңейту біздердің шаруашылық жайымызды үлкен жеңілейтеді. Жаңа соғысып алынған жақтан келтірілетін жаңа малдар, саветский Русияның соғыс күшін арттырады һәм жаяды. Халықтың да тұрмысын түзейді.

Сатсиализмнің күшеюі, көркеюі де тек жаңа жеңулермен, жер алулармен болажақ.

Шегіну, кідірістер болмаяжақ.

Гр.Воен.

 

Телеграмдар:

 

Орынбор алынды

Савет хүкүметіне қарсы дұшпандардың мықты қорғандары болған Орынбор қаласын қызыл ғаскерлер алды. Генерал Дутофтың армиясы мықтап жеңілді һәм пытырап қашты.

Дұшпандардың екінші бір ұясы болған Уральск қаласының ажалы алқымына тірелді. Савет ғаскері қаланы үш жақтан қамап алды.

Атты қазақтар бастықтарының сөздерін тыңдамай елдеріне қайтып жатыр. Енді бір жұмадан соң бұл фронттағы дұшпандар бүтіндей жеңіліп, барлық күш бізің қолға көшсе керек.

 

Ирландия республикасы

Лондонда шығатын «Клуб» газетасы Ирландия бейнетқорлар партиясы тарафынан әзірленіп шығарылған Ирландия конституциясын газета бетінде 

басып, жариялап отыр.

Ирландия халқы мұнан бұлай өз тізгіні өзінде, өзін-өзі басқаражақ. Англия парламенті Ирландия халқына закон шығара алмайды. Жоғарыдағы партия Ирландияға закон жасайтын шұғыл собраниенің жиылуын талап етіп отыр. Һәм таможныйлар, Ирландия консулдары қойылуын сауда флоттары құрылуын талап етті.

 

Португалияда қозғалыс

Португалия мемлекетінде зор қозғалыстар басталды. Қозғалыстан мақсод хазіргі хазіргі хүкүметті түсіріп, жаңа мемлекет жасау.

 

Испанияда тынышсыздық

Испаниядағы жұмыскерлер қозғалысы қорқынышты халге айналуға қалды.

Испаниядағы Русия адамдарына қатты тергеу болуға айналды.

 

Англия жұмыскерлерінің арасында

Суббирнудегі (Англияда) тау жұмыскерлерінің саюзы , құрал астында болған тау жұмыскерлерін босатып, үйлеріне қайтаруды, күніне 2 сағат қызмет етуді һәммеде тау байлықтарын халқы мүлкі етіп иғлан етуді талап етті.

 

Мир...а астанасындағы олжалар

Украинаның савет ғаскерлері Харков қасындағы Мирефа астанасын алған уақытта қолға мынадай олжа түсті:

Бір зеңбірек,80 мың снаряд, мылтықтар, ғаскери құралдар, екі паравоз һәм вагондар. Дұшпандар бүтіндей жеңілді, құрал һәм жаралыларын тастап бәрі де қашты.

 

Полтава қаласы алынды

Харкоф, 20-йануар. 16 сағат соғысқаннан соң Украина савет ғаскерлері Полтава қаласын алды, зеңбіректі пойыз , екі зеңбірек көп құралдар олжа түсті. Дұшпандар Грименшогқа қарай қашты.

 

Берлинде каммунистер халы

Берлинде ұсталып, абақтығы жабылған спартак – каммунистердің саны өте көп. Хүкүметтің бұйрығы бойыншы ұсталған каммунистер соғысы тұтқындары есебінде болмақ.

 

Бременде савет хүкүметі

Бремен каммунистері Германияның сенат мәжілісін таратып, оның орнына халық камиссариатын құруды талап етті. Шидеман жағындағылардың саветтен шығып , олар орнына каммунистерге қосылу керектігін айтты. Исполнителный камитет Бременді сотсиалный республика деп иғлан етті, Русия каммунистерінің жақсы тілектеріне қарсы Тәңір жарылқасын айтып телеграм жіберді. 

Америкада да басталды

Қыбла жақ Америкада Буйнес-Айрес қаласында зор қозғалыс басталды.

Көшеде қатты соғыс болып, мың шамалы кісі құрбан болды. Хүкүмет үйі тек құрал күшімен ғана сақталып тұр. Қалада бүтіндей бастақтық. Ұрыс- қағыстың күшті болып тұған жері орыс кварталында. Рус агитаторларының бәрі де соғыс кемесіне тиеліп жіберілді.

 

Жұмыскерлер Колчакқа қарсы

Челябі қаласында жұмыскерлердің көбі Колчакқа қарсы дұшпанданып бара жатыр. Колчактың бұйрығымен қаладағы соғыс халы тағы да ұзайтылды.

 

2-інші толық мұғалімдер сиезі

12-інші мәжіліс 15-інші йануар кешкі сағат 6-да Ғұмар Қарашев тарафынан ашылды.

19-халықтың шаруашылық реттеріне мұғалімдердің қалай басшылық етулері туралы сөз болып, аграном Ивановтың қазақ халқының бұдан бұрынғы һәм хазіргі шаруашылық реттері туралы оқыған доклады тыңдалды.

Жолдас Иванов өзінің ұзақ һәм тыңдаушыларына өте дәмді докладын аяқтағанның соңында өз тарафынан төмендегі екі нәрсені сиез алқасына салады.

  1. - Халық шаруашылығы реттеріне басшылық етулері үшін, мұғалімдер өздері ол хақта біраз мағлұмат иесі болулары тиіс, сол үшін мұғалімдерге табиғиат фәнімен таныстыратын қысқа срокты бір курс ашылуын сұрау.
  2. - Шет тілде жазылған, шаруашылық кітаптарын қазақ тіліне аудартуды сұрау.

Сиез бір ауыздан бұл екі нәрсенің екеуін де өте керектіден сайып, мынадай қаулы шығарды:

  1. мұғалімдерді табиғиат (Естествоведение) фәнімен таныстыру үшін қысқа срокты курс ашылсын. Курсты қашан һәм қанша уақыттық етіп ашу обласной халық ағарту бөлімінің міндетіне берілсін.
  2. Шаруашылық жайында шет тілдерде жазылған кітаптарды қазақ камиссарияты өз тілімізге аудартып, таратсын.

Бұдан соң С.Меңдешеф мұғалімдер халыққа тек қана шаруашылық жағынан емес, һәржақтан да басшылық етулері (мысалы: денсаулығы һәм басқалар) тиістігін айтады һәм бұл туралы мұғалімдердің қолында жақсы түсіндіретін кітаптары болуға тиіс дейді. Сиез мұны да керектіден сайып, мынадай қаулы шығарды:

  1. Мұғалімдердің халыққа түрлі жақтан басшылық етулері үшін, олардың қолында өрнек боларлықтай түрлі кітаптары жазылсын. Бұл кітап камиссия міндетіне берілді.
  2. Кіндік қазақ камиссариатының бастығы Тұнғашиннің сұрауы бойынша Ішкі ордалықта қазақ тілінде шығарылажақ газетаның редакционный каллегиясына мұғалімдер арасынан кісі шығару туралы со...лды. Редакционный каллегияның арасына мұғалімдер арасынан 4 кісі шығарылсын делінді. Оған 

    мына кісілер сайланды: Мұхаммеджан Хайранбаеф, Хайрғали Қадралиеф, Есмұхаммед Бегалиеф һәм Нұрмұхаммед Шегіроф.

    Осыныңмен 13 інші мәжіліс бітеді.

     

    14- мәжіліс 16-йануар кешкі сағат 6-да Ғұмар Қарашеф тарафынан ашылды.

    1919 жылдың әуелгі жарты жылына смета түзу туралы сөз болып, С.Меңдешеф ол сметаның халық ағарту бөлімі тарафынан түзүліп, жіберілгендігін һәм оның губернский халық ағарту бөлімі тарафынан бек тығыздықпен сұралуы себепті, өте асығыс түзілгендігінен көп кемшіліктері болуға мүмкін дегенді айтады. Һәм сол сметаның копиясын оқиды. Сиез, ол сметаның ішінде бірінші керек нәрседен пансионның көрсетілмеуі, ертеңгі ас хақында да бір сөз айтылмауы сықылды көп кемшіліктерін тауып, мынадай қаулы шығарды :

    1. 1919 жылдың бірінші жарты жылының сметасы тез арада қайта толықтырылып, түзіліп, оның үстіне мектепке шейін һәм мектептен тыс халық ағарту туралы да керекті нәрселер қосылып жіберілсін.
    2. 1-толық мұғалімдер сиезінің қаулылары оқылып, орындалған, орындалмағандарын тексеру туралы сөз болып, сиез ол қаулылардың бәрін дерлік орындалған деп тапты.

    Осыныңмен 14 інші мәжіліс бітеді.

     

    15-інші мәжіліс 17-інші йануар кешкі сағат 6-да Ғұмар Қарашеф тарафынан ашылды.

    Бастап осы сиездің бастан аяқ болған қаулдері оқылып шығылды. Мұнан соң жолдас Бравонф тарафынан мұғалімдерге, белгіленгеннің соңында тапсырылатын міндеттердің инструкциясы оқылды.

    1. Мұғалімдер үшін шығарылажақ асыл тағлым журналына ат қою туралы сөз болып, көпшілікпен, шығарылажақ .

    Асыл тағлым журналының аты «Мұғалім» қойылды.

    1. Осы сиездің қаулысы бойынша мұғалімдерге 1-інші йануардан сиез ашылған күнге шейін суточный берілу туралы сөз болып, сиез, ол күндердің суточный ақшасын Мұхаммедияр мырзадан сұрауды екі кісіге міндет етті: С.Меңдешеф һәм Ғ.Қарашеф, бұдан соң сиезді жабуға сөз болып, жабуға қарар етілді.

    Сиез жабылу мына с...ті мен 1- Б.Жәнекешеф (мұғалімдерге тұтқан бағыттарында нұрлы жолмен бару тиістігі туралы)

    2- Ғұмар Қарашеф (Қазақ халқының бостандықтан файдалану жолында үлкен емтихан  алдында тұрғандығы һәм қазақ  халқының  бостандық жолындағы дұшпандарының үлкені -надандық екендігі, сол үлкен дұшпан надандықпен күресу, қол бастап, көкірек керіп қарсы жүретін қармендердің мұғалімдер екендігі туралы) сөз сөйледі.

    Мұнан соң мұғалімдер бірі қалмастан, осы теңдікті алып берген Қармендер құрметіне аяқ үсті тұрып тәжім көрсетті. Соныңмен Ішкі ордалық мұғалімдерінің 

    2-інші толық сиезі 17-інші йануар кешкі сағат 9-да Ғұмар Қарашеф тарафынан жабылды.

    Хатшы Мұхаммеджан Хайранбаеф