«Қазақ дұрыстығы» газетасы Ғинуар 28 №16

Орда қаласындағыларға һәм Астрхан крайындағы бүтін қазақ даласындағыларға

Қазақ даласының чрезвичайний камиссиясы осыныңмен, Орда һәм бүтін қазақ даласындағы халықтарға, қолдарындағы от құралдарын (найза, қылыш, қынжал секілді) Ордадағылар 3 күннен қалдырмай черезвичайний камиссиаға, даладағылар өздерінің қисым саветтеріне жарияланған күннен бастап 7 күннің ішінде волусной саветтерге тапсырулары керек. Волусной саветтер бүтін жинаған құралдарын черезвичайний камиссияға тапсырады. Осы бұйрықты орындамағандар, законның ең ауыр баптарымен жазаланады

– атып өлтіруге шейін.

Астрхан крайындағы қазақ даласының исполкомы қасындағы

черезвичайний камиссия

----------------------------------------------------

Үлкендердің қандары

Германия жұмысшыларының жаңа туып келе жатырған каммуна партиасының қадірлі бастықтары жоғалуы, бүтін дүния бейнетқорларының жүрегіне үлкен қайғы салды. Бірақ бұл қайғы бүтін дүнияға қанша ортақ болғанмен де, Карл Либкнехт пен Роза Луксембургтерді бостаншылықты - жас Русиядан артық жақын көретін, сүйетін дүнияда бір патшалық, бір орын болмаса керек. Бізің ерікті Русияның ең шеткі нүктелері һәм ең қараңғы бұрыштары да үшінші интернасионалдың бұл атақты батырларының аттарын біледі. Карл Либкнехт һәм Роза Луксембургтар үшін қатты соғып тұрған қызыл Русияның ісі жүректері, хазіргі күнде үлкен шаншуға ұшырап тұр.

Оның жарасы мықты. Бүтін савет газеттері қайғыда. Бүтін қара халық терең ойда. Бірақ, жылау жоқ, сықтау жоқ, шағым жоқ. Еңбекқор қызыл ғаскерлерінің, күш алуы үшін, бейнетқор халықтың дұшпандарына, һәртүрлі 

мұнафықтарға қарсы ашу тамырлары көтеріліп, қаны қызулы.

Карл Либкнехт пен Роза Луксембургтардың аттары, бізің халқымыздың ең терең жеріне барып орналасты. Осы күннен бастап олар бейнетқор халықтың әдебиеттеріне кірер һәм олардың жандарымен бірге ғұмыр етер.

Русия жалпы бейнетқорларының бұл турадағы терең қайғыларын дұрыстап айтып шығуға тіл жетпейді. Бейнетқорлар жолбастықтарының өлімдері хақындағы, жұмысшы һәм қызыл ғаскерлердің қайғыларын білдіріп жазған көп қағаздарын жеткізуге мүмкін емес.

Қызыл ғаскер қағаздарының жазуы қате болса да, сөздері дұрыс һәм орынды.

Тағы да айтамын,аулада көз жасы, жылау жоқ, тек өлген батырларға қарай сүйікті желдер ғана еседі.

Ол хаттар , бүтін дүние бейнетқорларына жәрдемге шақырумен тон... .

Қызыл ғаскерлердің қандары тасиды. Олар, мойын-қолды еңбекқор қызыл ғаскерлерді дұшпандардан өш алу үшін шақырады. Осы күнге дейін байлар тарафынан соққы жеп келе жатқан бүтін дүние бейнетқорлары, жаңа тұрмысқа шығу һәм өздерінің құтқарылулары үшін жол іздеулері тиіс еді.

Бұл күнге шейін, осы мазлұмдар (зәбір көруші - М.Ж.) бұл бәледен құтқарылуға ижтиһәд (шешім - М.Ж.) етіп, одан салып өздеріне жәрдемдестер шақыра алмады.

Дүние соғысы һәм онда шалынған көп құрбандар оларды кеңшілік һәм жаңа тұрмыс іздеуге ыхтиярсыз кірістірді.

Қадірлі жолбасшылардың ләм хабары дүниенің бүтін бұрыштарына тараса, ол мазлұмдар оянар.

Жетекшілері үшін олардың жандары шырқырар.

Русия қызыл ғаскерлерінің шақырған ұранына, мазлұмдар дүниесінен жаңа хабарлар келер.

Карл Либкнехт пен Роза Луксембургдердің қандары империалистер соғысы уақытында шалынған көп құрбандардан артық. Әсер етер көп іс істер.

(Гр. войн)

------------------------------------------------------

Түлкі тымақ

Жұрттың продоволствиеден күдер үзіп жатып алғанына көп болды.

Осы жақын арада «ел ішінен склад ашылады мыс, халыққа тағы да продоволствие беріледі мыс.; енді бұрынғыдай қадақтан жейтін ырым қалады. Қылдай ханағат етуге болмайды;сыбағаң қолыңа түгел тапсырылады». Жаңа закон шықты: қасқырлар қойға тимей жай жүреді», - деген жаңа жақсы хабар дүңк ете түсті. Жауыр аттай қор болып қалған сорлы қазақ, бұл хабарға қатты қуандық. Жедді жұлдызының орта кезі еді. «Бұрынғы списке шанақ болыпты, жаңа списке түзеу керек екен, соның үшін қырдағы ағайындардың спискін қайта жазуға Хасан Өтеген баласы шығып барады. Өз ақысы үй басына 2 сом, жаңа кенішке үшін 1 сом 50 т. Бар алатыны 3 сом 50 тиын. Бір ауылдан бір ауылға төбемен жүреді; сөйтіп елдің дұрыс спискін Хасан мырза дұрыстап қайтпақшы» деген анық хабарды естіп, жоғарғы мыс хабарлардың растығына 

көңіл сенді.

Хасан мырза, қырға шыға сала баяғы 2 сом 50 тиынға қонағасы 1 сом 50 тиынды қосып 5 сом қылып, бір қуу-аяқ жолдас тауып алып құдайдың бұйрығындай жинай бастады.

Лавида, төреге лайықты – астына түскен ат түгіл ертұрман да бұлсыз кері қайта қоймады. Хасан мырза жалғыз өз басы емес, ауылдағы әкесін де ұмытпай ескере жүрсе керек.

Сәумен Бай... ұғлының аулына барып «атыңды бер, теңізге мініп кетем» деп жалғыз қартты айналдырғансын, қарт байғұстың ат дегесін көзі шарасынан шықпасын ба? Қысылып тұрғанда, Сәумен қарттың түлкі тымағы көзіне түсіп, Хасан мырза түлкінің жүйріктігі аттан кем еместігін білдіреді. «Қайткенде жан қалады» дегендей, мырзаның бабын қайтсем табам деп тұрған Сәумен қарт 2 түлкінің сауырынан жасаған жаңа тысты, ата мұрасы – жолдас қумаған, түгінен бір сипап халық үшін жүрген мырзасына ұстата береді.

Пайғамбар жасына келген қарт әкемді тырнақ алды табысыммен бір қуантып батасын алсам, о да адамшылығым ғой деп, байғұстың 5 сомы мен тұрмай түлкі тымағын жанына байлап алып кері тартты. Хасан мырза жүрген жерінде әйтті, бүйтті деген лайықсыз сөз есіткенге көңілсіз хабарлар көп шығып қалса да , көз көрмегенді жансыз сөзді жариялаудың лайқы жоқ. Бірақ, Хасан мырзаның түлкі тымағы жанқалтаға сияр зат болмағандықтан, жолшыбай қызықпаған жан жоқ, бұны жасыратын да жай жоқ. Баласының тұңғыш атқа мінгенінде тырнақ алды табысын жарияламай жауып қалдыруды лайық көрмей Өтекең қарт, тымақты басынан тастамай, жиылыстан, жиылыс қалдырмай кезіп, көрінгеннен түлкі тымаққа байғазы сұрап ол жүр. Міне жұрт, бізің түзелген жаңа жазушы, жаңа тымақ!

Дұрыстық бүйтіп жаңалана бере ме «он тиын құйсан бес тиын зиян» ның кебіне ұшырағанымыз дағы деп тұрмыз.

 

 

-------------------------------------------------

Телеграмдар

 

«Торғай»

Қорқыта алмайсыз:

Англияның газеталары былай жазды:

«Германия қалаларындағы уақиғалар ұлғайып бара жатыр, жұмыскерлер құралға жабысып, іске кірісуге айналды.

Англияның соғыс кемелері һәр іске даяр болып тұрулары керек. Германия жұмыскерлері ғақылға келмесе , Англия оларға қарсы қатты ғамал қолданар, Германияны жан-жақтан қамап, саюзник мемлекеттерін болшевизмнің ауруынан қорғау туралы тиісті шараларға кірісер.

----------------------------------------------

Николай жалшыларының жауыздығы әлі қалмайды

Румыниядағы бұрынғы Николай хүкүметінің елшісі Басса қаласында жарнамалар таратып,  Русияның  Румыниядағы  тұтқындарын  көңілді армияға шақырды. Ақ гвардиялардың агенттері айға 800 сом береміз деп 

уағде етіп, тұтқындарды қызықтырады һәм азғырады. Аш-жалаңаш қалған тұтқындардың ақшаға қызығып, көңілдерін бөліп жазылулары да мүмкін. Бірақ ақ гвардилардың күшін, тәртібін өз көздерімен көріп, сынаған соң, тұтқындардың бізің жағымызға қашып шығулары анық.

--------------------------------------

Қыбла фронтында халіміз мықты

Острокужский саветтің өкілдерімен сөйлескен уақытта халық камиссары Троцкий мынаны айтты: бізің қыбла фронтындағы халымыз сонша жақсы һәм сонша мықты. Бұның секілді көңілді уақыт қыбла фронтында һеш бір уақыт болған жоқ.

---------------------------------------------

Саюзниктердің Колчакқа жәрдемі

Япония хүкүметі Колчакқа жәрдем беру ушін Япониядан жаңа ғаскери күш жібермек болыпты.

---------------------------------------

Полша һәм Диникин

Диникин генерал Подольский деген адамды Полшаға өкіл етіп жіберді. Полша Виктерге қарсы тұру үшін Полша мен Дон атты казактарының арасын жақындату туралы полак хүкүметімен сөйлеспек.

----------------------------------------------

Жауыздар тергелмек

Нар-ин, 10 йануар. Либкнехтті өлтірушілерді һәм оған артақтасушылардың ізіне түсіп, оларды табу, хүкім ету үшін айырым ваенный суд құрылды. Істің шұғыл тексеріліп, бітуі үшін Луксембургты өлтірушілерді тергеп, тексеру ушін екінші айырым военный сот құрылды. Берлинский савет һәм исполнителный камитет екеуі де жоғарыда айтылған военный соттарға бір-бір өкілдерін жібереді.

-------------------------------------------

Царицинге қорқыныш

Царицин қаласында реваютсионный камитет құрылды. Қаладағы соғысқа жарақты халықтың бәріне де мобилизация иғлан етілді. Красноф ғаскерлері қалаға жақын келді. Царицин қаласына дұшпандар зеңбірекпен зиян келтірмес деген хұфтоды.

-------------------------------------------

Орынбор майданында

Орынбор маңайында бізің ғаскерлеріміз тоқталышсыз ілгері жылжып барады. Ауылдар рет-ретімен бізің қолға кірді. Дұшпандар һешбір жерде де бізге оңды қарсылық көрсете алмады. Орынборды көп ұзамай-ақ қолымызға аларымызға толық шанамыз. Жергілікті халық һәр жерде нан мен тұзбен қарсы алады.

--------------------------------------------

Сибирдегі қызыл ғаскерлер

Уфа, 12 – йануар. Сибирский газетінің жазуына қарағанда Якут, Чита

арасындағы Алдана жылғасының маңайында қызыл ғаскерлер пайда болды. Манчжурияда да болшевиктер шығып, Харвин қаласынан 27 шақырым жерде тұрғандық хабары да бар.

------------------------------------------

Қызыл ғаскерлер ілгері жүреді

Харкофтың аржағындағы Лузовой қаласына қызыл ғаскерлер тоқтаусыз һәжім ететі.Лузовойдан 32 шақырым жердегі Билфка стансиасы 12-йануарда қызыл ғаскерлер тарафынан алынды.

-----------------------------------------

Екінші толық мұғалімдер сиезі

  1. -мәжіліс 11-йануар, кешкі сағат 8 де Ғұмар Қарашев тарафынан ашылды.

Бұл мәжілісте бастан-аяқ бастауыш мектеп программасында жазылған фәндердің һәрбір жылға арналып жазылған сабақтарын айырып-айырып тексеру болды. Сиез, бірауыздан бұл программаны арттырмай, кемітпей, сол күйінде ғана қабыл етіп өткізді. Жалғыз-ақ программаның сөздеріне қатысқан шет тілдерді аударып, саф қазақ тілінде жазуды камиссияға міндет етті. 9 мәжіліс осыныңмен бітеді.

 

  1. -мәжіліс 12-йануар, күндізгі сағат 10-да Ғұмар Қарашев тарафынан ашылды.
  1. Оқыту жолдары туралы сиез бір ауыздан мынадай қаулы шығарды: Ашылажақ бастауыш мектептерде, мүмкін қазір ашылған күнінен бастап, бейнет асулы (трудовой метод)мен оқыту ғылымға қойылады.
  2. Мектептердің басқарылу реттері туралы, һәрбір мектепте «мектеп саветі» құрылсын да мектептердің басқарылуы солардың қолында болсын.
  3. Мектеп құралдарын (парта һәм басқалар) шұғыл үлгерту туралы, обласной халық ағарту бөлімі тез арада Ордада ағаш шеберлер дүкені (столярный мастерской) ашып, мектеп құралдарын жасату шарасына кіріссін.

10- мәжіліс осыныңмен бітеді.

 

  1. -мәжіліс 13-йануар күндізгі сағат 10-да Ғұмар Қарашев тарафынан ашылды.
  1. мектептердің һәр жақтан жеткілікті болуы үшін не керектігі туралы сиез мынадай қаулылар шығарды: 1- һәрбір мектепте 20 балалық пансион ашылсын.
  1. балаларға ертеңгі ыссы асы (горячий завтрак) берілсін.
  2. Келіп оқушы балалардың келу-қайтуына көлік болсын. Бұл көлік расходы қазақ камиссариятынан берілсін.

4 - Мектептің қажетті құралдарын уақытында тоқталышсыз жеткізіп тұру туралы, обласной халық ағарту бөлімі, мұның кейбір тиісті шарасын тапсын.

12) Бастауыш мектеп балаларды қабыл етуде, қазақ тұрмысына муафық уақытша бір жас белгілеу туралы сиез мынадай қаулылар шығарды:

  1. Уақытша қазақ тұрмысқа қарап 9 бен 10 жастағы балалар да бастауыш 

    мектептің бірінші сыныфына қабыл алынсын.

  2. 11 мен 12-дегі балалар да қабыл алынып, бірінші сыныфтың екінші тобы (группасы) болып оқытылсын. Һәм бұл топ (группа) баланың саны 5-ке толғанда ашылып, 15 балаға қадір алынсын.
  3.  

  4. -мәжіліс 14-йануар кешкі сағат 6-да Ғұмар Қарашеф тарафынан ашылды.
  5. Қазақ тілінің емлесі туралы сиезде біраз кеңес болғаннан соң мынадай қаулы шығарды: Кітап, жазу камиссиясы қазақ емлесін бастан-аяқ тексеріп, тиіс тапқан жерлерін өзгертуге ерікті болсын.
  6. оқу құралдарын жетістіру, ғылыми фәни кітаптарды тәржіма ету һәм сол тағылым журналын шығару үшін камиссия сайлау туралы сөз болып, камиссия 7 кісілік болсын делінді. Камиссияға мына кісілер сайланды: Ғұмар Қарашеф, Ғабдолғазиз Мусағалиеф, Мұстафа Көкібаеф, Ғали Бегалиеф, Халилоллаһ Бисенбаеф, Ғабдол Бөкейханоф һәм Ғабдуллаһ Мұқашеф. (Нұғман Манаеф, өзі мында болмағандықтан, камиссиядан тыс сайланды.) Осы кісілердің мына орында тұрғандары шығып, тек қана кітап жазу қызметімен шұғылдансын делінді. Бұларға айына мың сом белгіленсін.
  7.  

    Офат

    Үстіміздегі йануардың 23-і күні Талофка қисымы 4-волыстың азаматы Ізбасар Камалоф (40-45 жасында) дүниадан қайтты. Марқұм жас уақытында ескі медреселерде алған ғана ғылымының үстіне соңғы кезде шыққан газет- журналдар һәм заманға муафық кітаптарды оқып, өзінің ыжтиһады арқасында жақсы білім алған һәм алдыңғы қатарлы кісілеріміздің бірінен саналатын еді. Өз волысында бірнеше жыл молда болып тұрса да, жігерлілігі, халықты бек сүйгендігі үшін бірер жылдан бері қарай молдалығын тастап, жалпы жұрт жұмыстарында жүретін еді.

    Талофканың потребительный лавкасында бірнеше  уақыт  председатель болып, жөнге салып, соңғы кезде оқу-оқыту ісіне көбірек көңіл беріп, Талофканың оқу ағарту бөлімінде председател еді.

    Николай заманындағы қара күштерден тырнағына қорқып, дегенінше қызмет ете алмай жүрген бұл қадірлі азаматымыз, бостаншылықтан бермен қарай кең адымдармен алға аттап, халық үшін арымай, талмай жұмыс істеп жүр еді.

    Бұл серігіміздің бостаншылықтың жемісін көре алмай, дүнианы жастай тастап кетуі бек қызғаныш.

    Аллаһ орнын ұжмақтан қылып, дүниадағы жақсы ғамалының есесін ол дүниада көрсін!

    Мархумның үй-ішіне, бегіректе бас болып қалған баласы құрбым Жұмағалиға сабырлық тілеп, қайғыларына ортақтасам.

    Х.Есенбаеф