«Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл ғинуар 25 № 15

Орда қаласындағыларға һәм Астрхан крайындағы бүтін қазақ даласындағыларға

Қазақ даласының чрезвичайний камиссиасы осыныңмен Орда һәм бүтін қазақ даласындағы халықтарға қолдарындағы от құралдарын (һәртүрлі мылтықтар) һәм суық құралдарын (найза, қылыш, қанжар секілді) Ордадағылар 3 күннен қалдырмай чрезвичайний камиссиаға, даладағылар өздерінің қосым саветтеріне жарияланғаннан бастап, 7 күннің ішінде волусной саветтеріне тапсырулары тиіс. Волусной саветтер бүтін жинаған құралдарын чрезвичайний камиссияға тапсырады. Осы бұйрықты орнына келтірмегендер законның ең ауыр баптарымен жазаланады, атып өлтірілуге шейін.

Астрхан крайындағы қазақ даласының исполкомы қасындағы чрезвичайний камиссия

 

 

Жарнама

1919 жыл 20 йануардан бастап Қамыс-Самар, Нарын һәм Бірінші округтен сиыр һәм қой малдары Хан ордасы мен Чапчашида (Қарабайлының қасындағы теміржол бекеті, қазіргі Астрахань облысы – М.Ж.) қанша болса да қабыл етіледі. Тек  сатушының кім екендігі құжатта куәлік қағазы болуы керек.

Сиырдың тірілей хақы мынау: 8 пұттан 10 пұтқа шейін 15 сомнан. 10-нан 18-ге шейін 20. 18-ден 24-ке шейін 22. 24 пұттан бастап жоғары болса 26-дан.

Қойлар жалғыздап алынады: Қазақ қойының һәр қайсысы 75 сом. Орыс тоқтысы 55, будан қой 26, болмаса өлшеумен де алынады. Ол уақытта бұны тірілей 24 сомнан .

Қалай алғанда да мал тек ақшаға алынады.

Камиссия

 

 

Ішкі орда кіндік камитеті хұзырында, мал, ет әзірлеу тақырыпты құрылған камиссияның қаулысы:

Осыныңмен бүтін халықты хабарландырамыз:

Купонлы жер бөлімінің бастығы осы 19-ыншы жылдың 15-інші йануарынан бастап сиыр малды сату құрамындағы қысымшылықтарды уақытша тоқтатты. Сатылажақ сиыр малының бәрін де қазына алады. Ордада һәм Чапчашида пункттер ашылады.

Сиыр хақы мынау:

Тірілей 10 пұттан 18 пұтқа шейін – пұты 20 сом. Тірілей 18 пұттан 24 пұтқа шейін – пұты 23 сом. Тірілей 28 пұттан жоғары қарай – пұты 26 сом.

Бірінші берілгенде пұт басына бір қадақтан шегеріледі.

 

Қойдың хақы мынау:

Қазақ қойының басы – 75 сом. Орыс қойының басы – 55 сом.

Тақыр жүнді шоланның хақы – 35 сом.

Қойларды тірілей шеккімен алуға да болады.Ол уақыт пұтына – 24 сом беріледі.

Сауын,  буаз  сиырлар  алынбайды  һәм  тірілей  8  пұттан  кем  сиырлар алынбайды. Тоқтылар да алынбайды. Алынған малдарға ақша әзір беріледі. Франсия сотсиалист һәм бейнетқорларының жаңа бағыты

17-йануарда болған бүтін Русия кіндік камитетінің отырысында Мәскеу саветінің бастығы Каменов мынаны иғлан етті:

Бүтін Франсия өнершілерінің сиезі һәм Франсия сотсиалистерінің кіндік камитеті былайша қаулы шығарды:

Русия халқы өзінің тұрмысын жаңа бағытқа салып, бостандық, құрдастық секілді қымбатты мақсұдтарды майданға шығармақ болады. Саюзниктердің құрал күші Русияның ішкі істеріне қатысулары, оған қарсы соғыс ашулары зор жайт һәм үлкен жауыздық.  Франсия,  Англия,  Америка  халқының бұл секілді жауыздық істерге қатысулары мүмкін емес. Англия, Франсия, Америка бейнетқорлары өз хүкүметтерінің Русияға қарсы соғыс ашуларына бар күштерімен қарсы тұру керек һәммеде Русиямен бітім жарасын жасауға өз хүкүметтерін мәжбүр ету керек. Бұл телеграмға қарағанда Франсияның жалтақшыл сотсиалистері де енді өз хүкүметтерінің һәм саюзниктердің жауыздықтарын қуаттаудан тоқтаған болады.

Бұл телеграм бүтін Русия кіндік камитетінің отырыста алынғанмен бек жақсы тыңдалды һәм отырыста болғандардың көңілінде жақсы із қалдырды.

 

Ардақты мұғалімдер!

Басымызды қосып, халық қатарына кіріп, өзіміздің, мұң-мұқтаждығымызды сұрауға, алуға, қолымызға зор право берілуі жаңа ғана басталған, савет хүкүметінің арқасында екендігі һәрқайсымызға мәлім. Бұл хүкүметтің халық басқарып, билікті қолына алғанына көп болған жоқ: Екінші жылға жаңа ғана аяқ басты. Солай бола тұрса да бұл халқымыз файдасына көп істерді майданға шығарып, халық қайғысында қажымайтын қаһарман екенін білгізді. Білгізгені сол: Барлық бейнетқорлар, әсіресе біз, мұғалімдер бұдан алда, Николайдың сыбызғысы болғанымыз үстіне байлардың үйін беріп, жайын қоюшы қолы, екінші түрде айтқанда мұрындықты түйесі едік. Осы көбімізден азада...б, көптен ойға алған адал ниетіміздің нәтижесін жарыққа шығарып, осылар, бізге серік бола алатындар, осылар ғана халықпен екі арада ұмыташылар деп санға кіргізіп, екі бетімізді елге таяп, ала білсек бәрін аямай, алдымызға салып отырған хүкүметіміздің сыйлығын ала білу ғана керек болып қалады.

Ала білуден мақсұд, «Ал да, ашып жеп қара да отыр» екенімен. Берілетін орнына жұмсап, мойнымызға алған жұмысымызды жақсы, таза атқарсақ, сонда ғана ала білген боламыз. Қорытқанда айтатыным: Қолымызға берген жұмысты, арымай, талмай жақсы атқаруға тырысайық. Оның үстіне тұрмысымыз да көрмеген төңіректі алып бергені үшін қасық қанымыз қалғанша, жаңа аяққа 

бастап хүкүметімізге қызмет етейік. Сонда ғана бізің еліміз ел болып, кейінгі буындарымыз келешектің шын азаматтары бола алады. Сонда ғана өзіміздің кім екендігімізді танытамыз.

Жасасын теңдік!

Жасасын бейнетқорлар хүкүметі ! Жасасын ана тіліндегі мектептер!

Мұғалім Ғабдоллаһ Сүндетоф

 

Буржойларға қуаныш

Германия буржуазний газеттері Германия бейнетқорларының батыр жолбасшылары Карл Либкнехт һәм Роза Луксембургтардың бостаншылық дұшпандары тарафынан аянышты өлтірілулері туралы қуаныштарын ішке сақтап, жасыра алмады. Берлин хүкүметі осы газеттердің бағыттары бойынша, жоюға әзір болып жүрген Либкнехт һәм Луксембургдардың жауыздар тырнағының астында а...к болып, жер жүзінен жойылуына ашық қуаныштарын білдіріп хабар берді.

 

Мастерскойлар ашу

Қаңтардың 3-жаңасында, Ордалық обласной жер бөлімінде мүшелер жиылысы болды. Бұл жиылыста, шаруашылық бөлімін басқарушы аграном Иваноф Бөкейлікте, жаңадан шаруашылық құралдарын хәзірлеп, һәм сынғандары болса оңдап тұратын, мастерскойлар ашу туралы доклад жасады. Иваноф докладында, Астрхандағы көп земотделдің рұхсаты бойынша, бөкейліктер кіндік мастерской һәм 9 уақ мастерскойлар ашылажақ екендігін білдірді. Сонсын мүшелерден, ол кіндік мастерскойдың орындарын көрсетулерін өтінді. Мүшелер арасында бұл туралы көп қызу әңгімелер болды. Біреулері Хан ордасында болсын, екіншілері неқұрлым стансаларға жақын болсын, үшіншілері шаруашылық құралдарына мұқтаж егістік жерлеріне жақын елдердің орталықтарында болсын деді.

Ахырында, көп айтыстан, тартыстан соң сол кісілердің фікірлері көптікпен қабыл етілді. Сонымен кіндік мастерской Тарғын қисымының 5-інші волосында, шаруашылық учаскасының жанында ашылажақ болып, орын хазірлеу үшін уйезный техник жіберілді.

Уақ мастерскойлардың ашылатын уақыттары үшке бөлінді. Алдыңғы кезекте Хан ордасы мен Таловка қисымының 9-ыншы волысындағы «Бина» деген атдел да ашылажақ болды.

Екінші кезекте Тарғын қисымының 13-інші волысындағы «Қамысты» деген ауылда, Талофка қисымының 2-3 волыстарының кранындағы бір ауылда һәм Қалмақ қисымының шаруашылық учаскасының жанындағы бір ауылында ашылажақ болды.

Үшінші кезекте 2- округінде «...де» , Қамыс-Самарда «Жаңақалада», Талофка қисымында «Талофкада» һәм Сайқын стансиасында ашылатын болды.

Кіндік  мастерскойда,  шаруашылық  машиналарының  бөлімдері  жасалып 

тұрады һәм жаңадан уақ машиналар да жасалады. Уақ мастерскойлардың қызметі- сынық, бұзықты жөндеп тұру.

Ғ.М.