«Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл ғинуар 22 №13

Қазақтың оқыған жастары, қайдасыңдар?

Осы күні бізің Бөкейлікте, алаштың алғашқы қызыл атты полкі құрылып жатыр. Оған деген қару-құрал, харажат секілді керек-жарақтарының алдын 

көре де бастадық. Енді Құдай жеткізіп, топырақтан тыс болсақ, көп ұзақтамай- ақ омыраулары даладай, жас-арыстан жігіттеріміздің қызыл туды қолдарына ұстап, селкілдетіп атты ғаскер болғанын да көрерміз.

Бұлай болушылық, әрине, біле білген, осы болайын деп жатқан қызыл ғаскеріміздің мақсұд, ниетіне түсінген талапкер жас азаматтарымызға айтып бітіргесін жан сүйінетін, «ай-Аллай, қара халық қазағымның теңдікке жетер күні бар екен ғой» деп шүкір ететін зор-зор, мың-мың қуаныш болса керек.

Оқушылар ойлар: «Апырмай, қандай жақсы талап, орасан әдемі іс! Енді бұған жұмыла, оқыған, оқымаған азаматтарының барлығы да жазылып жатқан шығар» деп, оған жауап: жазылғандар, оқымаған, тек ержүректі, туғаннан табиғатпен алысқан, түгілшіл бейнетқор аламан оқығандар, ғмуми, жазылмаулы (бірен-сараны) турасында сөз де жоқ.

Бұлар, баяғыдан бері «Біз сатсиалист, ұлтшыл, халық дегенде жанымызды қиямыз, өлгенше қызметкер, қарақшылықтың басшысы шам-шырағы, тағы сондайларымыз» дейтіндер.

Осы күн жүрген жерлері белгілі, түк бітірмейтін көп камитеттердің төңірегінде, немесе тіпті жым-жырт «аман құлақ-сау бас, бәледен аулақ қаш» болып көбісі бұғып қашып жүр. Енді осы тақырыпта менің айтайын дегенім мынау:

Сол үміт еткен ескі хүкүметтердің замандарында мен пәлендей, түгендей іс етем дейтін, арқырап, үйірсіз айғыр болып жүрген азаматтарымыздың нағыз сыбанып жұмыс ететін кезі келді ғой.

Теңдік, құрдастық, азаттық та болды.

Тұрсын-дағы, аламанға адал ниет, ақ жүрек қызметкер екенін білдірсін- тағы.

Неге бұғады? Жасырынады. Шек келтіреді? Жасиды? Қойыңдар, енді!

Осы қалғығандарыңыз жетер , тұрыңдар, сілкініңдер!

Кеш тұрды деп адам да айыптамас, әйтпесе мыналарың масқаралық, ұят! Жоқ болмаса, бүлік болуына ерге мәслихат емес пе? Олай болса айтыңдар, фікірлеріңді естейік (ескерейік – М.Ж.). Әлде жазылсаңдар, өлеміз, тоқ, тыныш жүрген жерлеріміз дейсіңдер ме? Немесе қызметті, осы халықтың барлығы басшысыз, иесіз тозып кеткен соң істейсіздер ме? Олай болса міндеттеріңізге алатын болсын.

Тарих сендердің қандай қызметкер екендіктеріңді көрсетер, сынар.

Бұл сөздер тағы тыныштыққа жеткен соң айтылып жатыр, әйтпесе сендердің қара бойларыңды осы күнге шейін көре алмадық. Айтып-айтып келгенде, әйтеуір аламан-қараңғылықтың жақсылық, жамандықтары бәрі сендердің мойындарыңа борыш-міндет. Уақытында ойланыңдар, Лажына кірісіңдер.

Бүгінгі ревалутсиа уақытындағы һәр минут бір-бір жылға есеп болар. Жасасын қазақтың тұңғыш полкі!!!

Жасасын талапкер – қаһарман жастар!!!

---------------------------------------------------------

«Асан Қайғы»

Саюзниктер һәм Германианың жауабы

Одан бұрын саюзниктер Германиадан талап етіп еді. Русиа, Украина һәм Қырымның кей жерінде тұрған неміс ғаскерлерін сол орында қалдыра тұруға, 

оларды кері алмасқа.

Бұл талаптарының үстіне саюзниктер неміс ғаскерлерінің өз үстеріне келген савет ғаскерлеріне қарсы тұрмауларын шарт етті.

Германиа хүкүметі бұған қарсы қайтарған жауабында: Германиа савет ғаскерімен соғысуға өзінің де тілемегендігін, савет ғаскерінің қажырына қарсы тең болмайтыны тұтқарлық көрсетілгендігі баян етті.

Хазір енді Германиа болшевиктерге қарсы һеш ғамал қолдануға мүмкін емес.

Оның себептері мынау: бірінші – шет жерлерде тұрған неміс ғаскерлерінің құралдарын хазір саюзниктер тонап алып жатыр.

Екінші – неміс ғаскерлерін хазір болшевиктерге қарсы соғыстыру өте қиын.

Шунки олардың өздеріне болшевик ауруы жұға бастаған.

Үшінші – Саюзниктер немістермен полактар арасында соғыс шығартты.

Сондықтан Германия хүкүметін хазір барлық күшін полактарға қарсы жасап тұр, болшевиктермен күресуге оның уақыты жоқ. Германия хүкүметі өзінің зор қателескендігін енді мойнына алады. Полшаның өзі де болшевизмнен құр емес. Немістер болшевиктерге қарсы жалпы күрестерімен болшевизмнің күшеюіне қызмет етті.

-------------------------------------------------------

 

Телеграмдар

 

Краснофтарға жақсы тимес

Балашоф, 10-ыншы йануар. Царицин төңірегінде қызыл ғаскерлердің жолдары болғандығы туралы хабар келді. Савет ғаскері Дубофкада Краснофтың атты дивизиясын тас-талқан қылып жеңді. Пулеметтер һәм басқа да көп соғыс құралдарын қолға түсірді.

------------------------------------------------------------

 

Үйлесе алмады - кетті

Велск, 14-інші йануар. Шинкурский жолындағы Англия һәм Америка ғаскерлерінің бөліктерінің арасында алауыздық шығып, түсіне алмай ахырында , екі жақ та фронтты тастап Архангелскіге қарай кетті. Фронтта тек орыс белогвардиалары ғана қалды.

--------------------------------------------------

Шегеді

Мирифа, 9-ыншы йануар. Диенско қоластындағы қызыл ғаскерлер Бургі, Тарановка һәм Безпалофка астаналарын алып, Лузувриға қарап жүрді. Мирифа төңірегінде бізге: көңілді атты қазақтармен іс етуге тура келді.

 

Вилна, 14-інші йануар. Кувна жолын немістер тазартып болды. Бізің ғаскердің бөлектері қаладан 20 шақырым шамалы жерде тұр. Кашидари савет ғаскерлері тарафынан алынды. 

Саюзниктер Станбулда

Франсуз ғаскерлері Станбул қаласының мұсылмандар тұратын бөлімін өз қолдарына алды. Қаланың басқа бөлімдеріне Италия ғаскерлері орналасты.

---------------------------------------------

 

Йапон ғаскері кері қайтпақ

Йапонианың соғыс министрі иғлан етеді: Йапонианың Сириядағы ғаскерінің жартысы жақын арада үйлеріне қайтарылады деп.

-------------------------------------------------

 

Саюзниктер Тифлис қаласында

Тифлис қаласына саюзник ғаскерлері келіп кірді.

--------------------------------------------------

 

Полйак-неміс соғысы

Вулинде һәм Калитсбаның күн-шығыс жағында полактар мен Украина арасында қатты соғыстар болып тұр. Соғыста ауыр құралдар, зеңбіректер, пойыздар һәм ұшқыштар жұмсалып тұр. Бұлардан тыныш тұрған халықтың көрген зияны шамадан тыс зор. Соғыстарда көбірек Украина жағы дендеп тұр.

--------------------------------------------------

 

Русия хақында Америка сенаты

Америка сенатының басты мүшелері Америка хүкүметінің Русияның ісіне қатысуына қарсы. Олар Русиядағы Америка ғаскерінің кері қайтарылуын талап етеді.

------------------------------------------------------

Саюзниктердің талабы

Хабарларға қарағанда саюзниктер Германия хүкүметіне нота тапсырыпты:

«Германияда болшевизм күшейіп бара жатыр. Егер хүкүмет болшевиктер қолына көше қалса , біз сол сағаттан бастап бітім жарасуды һәм ол туралы сөзді бүтіндей тоқтатамыз» деп.

----------------------------------------------------------

2-інші толық мұғалімдер сиезі

  1. -інші мәжіліс 7-інші йануар, кешкі сағат 6-да Ғұмар Қарашеф тарафынан ашылды. Бұл мәжілісте бастап кезектен тыс мәселе (Мұхаммедиар мырзаны қарсылау) туралы түрлі кеңестер болғаннан кейін кезектегі мәселелердің біреуі ғана шешілді. Ол мынау:
  1. Мұғалімдердің жүріп-тұруын жеңілейту туралы. Жалпы қызметтермен жүріп тұрғанда, мұғалімдер де аткритый листымен файдалана алсын.

Осыныңмен 5-інші мәжіліс бітеді.

  1. -ыншы мәжіліс 9-ыншы йануар, кешкі сағат 5 жарымда күтілген қонақ Мұхаммедиар мырзаның келіп кіруімен басталды.

Бұл мәжілісте: 1-мұғалімдердің аяқ үсті тұрып, қол шапалап Мұхаммедиар мырзаны қарсы алуы һәм марселеза жырлауы.

  1. -Мұхаммедиар мырзаның доклады.
  2. -мұғалімдердің Мұхаммедиар мырзаға арнаулы хормен жырлауы, 5-Шафқат мырзаның натфи болуы.

Һәм сиез бастығы Ғ.Бегалиеф Мұхаммедиар мырзаны сиез программасымен таныстырып, өзара ұзақ сөйлескеннен кейін Мұхаммедиар мырза өзінің өзінің шұғыл қызметтері барлығын білдіріп, шығып кетті. Мұнан соң Ғ.Бегалиев өзінің Мұхаммедиар мырзамен сөйлесіп алған мағлұматына қарағанда, сиез программасына әлде де бірнеше мәселелер арттыру керектігін айтады. Сиез бірауыздан бұл жұмысты бұрынғы программаны түзген камиссиаға қайта міндет етеді.

Осыныңмен 6-мәжіліс бітеді.

 

7-мәжіліс 10-ыншы йануар, кешкі сағат 6-да Ғұмар Қарашеф тарафынан ашылды. Бастап, камиссианың түзіп әкелген бастауыш мектеп программасы оқылып шықты. Мұның хақында сиез біраз кекескеннен соң, программада жазылған фәндерді жеткілікті тауып, енді фән арттырылмасын деген қаулыға келді. Һәм программада жазылған фәндердің һәрбір жылға арналған сабақтарын айырып-айырып тексеру ұзаққа созылатын болғандықтан, келешек мәжіліске қалдырылды. Мұнан кейін обласной халық ағарту бөлімі бастығы С.Меңдешефтің жаңа бағыт оқыту туралы доклады тыңдалды.

  1. -мәжіліс осыныңмен бітеді.
  1. -інші мәжіліс 11-інші йануар күндізгі сағат 11-де Ғұмар Қарашеф тарафынан ашылды.
  1. Кім мұғалім бола алу туралы.

Сиезде ерсілі-қарсылы сөз болып, ұзақ кеңескеннен соң мынадай қаулы шығарылды:

     Бастауыш мектеп бірінші сыныфтағы сабақтарды жеңіл оқыта алатын кісі биылша мұғалім бола алсын. Һәм ана тілінен мағлұматы 5 жылдық бастауыш мектептер жасында болып, басқаша мағлұматы бастауыш мектептің 3-інші сыныфы дәрежесінде болған кісілер, жоғарыда айтқан бірінші сыныфтың сабақтарын жеңіл оқыта алады деп есептелсін. 8-інші мәжіліс осыныңмен бітеді.

------------------------------------------------------

Тонаушылар

1919 жыл 7-інші йануарда кешкі сағат алты шамасында Тарғын қисымының екінші волысының стражесін буып тастап, ақша салатын темір сандығын бұзып, жүз де дөрт мың тоғыз жүз елу жеті (104957) сом черезвичайный налогты тонап кетулі. (Келген пар ат жеккен шаналы дөрт орыс шанасының 

табаны темір, жеккен аттары тағалы, кетісіменен ізіне түсіп, тонаушыларды жетекке қуып бардық, аудара қарап, ақтара сұрағанда бұл төртеуі: Жидкоф, Буроф, (14 жасар бала) Кожаноф һәм Самсоноф болып шықты.

(барлығы да Жәнібек қаласынікі) Жидкоф пен Буроф Жәнібекте: Кожаноф Самсоноф Брешинге қашып баратқан жерінде, Жәнібектен 35 шақырым жерде ұсталды. Бұл ұсталғандардың бәрі де тонаған өздері екендігін мойындарына алды.

Тонауға барған үшеуінен һәм біле тұрып айтпас үшін ауызбастырыққа 1005 сом алған Карпофтан барлығы 73065 сом табылды. Тонаушының басшысы белгілі бұрынғы катржник (сибирге барған) Самсоноф екен, бұл қалған ақшаның қайда екендігін өліп кеткенше айтпады. Жәнібектің черезвичайний камиссиасының доклады бойынша каммунист партиясы  тонаушының үшеуін атып өлтіруге қаулы шығарды. Партияның бұл шығарған қаулысына Жәнібектің саветтер ісі де қосылды, сонымен 12-інші күнгі таңдағы сағат 4 жарымдағы тонаушының үш бастығы (Михаил Самсонов, Василий Кожанов һәм Александр Жидкоф) Жәнібектің екі шақырым сыртына шығарылып, атып өлтірілді.

Тонаушының бірі Кожанов – өзі каммунист, Жәнібекте біраз началник милитсия болған, сонан соғысқа алынып, онан қашып дезертир (қашқын) болып жүр екен, бұл савет хүкүметінің флагының астында жүріп, савет хүкүметіне зардап келтірді. Кожанофтарды дүние жүзіне қоймасқа керек. Кетсін бізден. Бізден аулақ! Самсоноф тонаушылардың бірінші бастығы. Бұрын кісі өлтірген катржник (Сибирге айдалған) залым екен: Жидкоф та савет хүкүметіне біраз қызмет еткен екен. Савет хүкүметінің шырын бұзып, жұмысын ілгері жібермей шырмау салатын Самсоноф, Кошанофтарды жоюға керек. Бұндай ел бұзушы халық мүлкін тонаушы жауыздарға нәлет қамытын кигізіп, дүние жүзін осындай арамдардан тазарту керек.

Тонаушыларды іздеп, ақшаны тауып бұл жұмыстың ахыры осындай болуына көп жәрдем еткен Жәнібектің черезвичайний камиссиясына көп-көп тәңір жарылқасын айтамын.

Тарғын қисымының 2-інші волысының председателімен бірге ізге түсіп, ақшаны тауып, тонаушыларды ұстаудың қызметінде Тарғын учасковой камитетінің председателі һәм началник милитсиясы болды.

Мұнан соң мұндай жауыз ғамалдар болмағай-тағы. Жасасын бейнетқорлардың жұмысшылар хүкүметі! Жасасын савет хүкүметінің адал соты!

------------------------------------------

 

Ғ.Ш.