«Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл, ғинуар 17 №10

Германиа уақиғалары

Берлин көшелерінде бостандық жолындағы күрес өте күшейді. Бір жақтан таба...з сотсиалистер Шейдеман жарлылар Һәжүм етеді. Хүкүмет һәм саветтердің кіндік камитеті олар қолынде олар политсиа, жандарма һәм ақ гвардиаларға арқа сүйейді. Екінші жақтан каммунистер – спартактар һәжүм етеді. Берлин завод, фабриктеріндегі жұмысшылардың көбі боларжақты.

Хүкүмет ағзалығынан табансыз сотсиалистердің қанаты каммунистер жағына ауысып, бейімделіп келеді. Бұлардың бір қатары (кенш) ғұрпын қоластында қолдарына мылтық алып каммунистерді жақтапды.

Табансыз сотсиалистердің бір қатары анда да жоқ,санда да жоқ құр сандалып жүр.

Бұлар бегіректе хүкүмет бен каммунистер арасында жеңгелік етеді. Екі араны келістіруге тырысады.

Хазіргі бұл тартыс күрестің қалайша айақталғандығы мәлім емес. Солай бола тұрса да безбеннің каммунистер жағы басым екендігі анық. Біз көп ұзамай-ақ Германиа каммунистерінің жеңгеліктерін есітіп, сөйтсек керек.

Қалай болса да біздегі секілді Германиада да октәбр күні туды иаки бірнеше сағаттан туажақ.

Соңғы хабарларға қарағанда Берлинде (бастандық) өте зор еді. Барлық банкалар қатты қорғау астында. Мехкемелер үйлерінің көбі каммунистер қолына көшкен. Мылтықтан, оқ шашардан атыстар басталды. Лигнехт өз әскерін дайарлаумен шұғылданады. Халықтың көбі Берлиннен қашып жатыр.

 

Үлкен атанның басымен тірі атанды қорқыту

Осы күнге дейін ел ішінде алдағашан сүйегі қурап қалған жарты бас Шорайақ Мырзағалиефті тірі деп өтірік хабар таратушы көп. Ілгергі уақытта Шорайақ болып жалған хаттар Жәнібек арқылы келіп тұрды. Сүнбіле ішінде құмға барып «Мен красни гвардиамын» деп ел тонап жүрген де жолдас Милутиннің ұстап Астрханға жөнелткен Берішбаев деген жігіт бұл күнде ісінен құтылып, Астрхандағы мұсылман полкіна жазылған екен. Жаңалықта Жәнібектен түсіп, аулына отпускамен келіп қайтып еді. Бұдан ел адамдары сұрағанда, Шорайақ Астрханда тірі, бұл күнде дірау әкім болды депті. Міне, осындай өтірік хабар ел ішінде көп, өлген атанның басымен тірі атанды қорқытып деген сиақты сүйегі қурап қалған Шорайақ Мырзағалиеф тірі екен деп бұл күнге дейін үмітіңіз өшіп жүрмес.

Мырзағалиеф жанындағы дөрт жолдасымен алдағашан атылды. Бұл турада Ордадағы кіндік камитет – «Ұран» газетасы һәм волыстар арқылы мәлім етті. Мырзағалиефтің дүниа-мүлкі алдеғашан Ордада атсинкі болды. Өлген Мырзағалиеф тіріліп келмейді. Бұл туралы «тірі» деп ел ішінде таралған хабардың бәрі де өтірік. Бұндай жалған хат, иаки өтірік хабар таратушылар Шөкең мен бірнеше адам таратысқан, иаки соның көлеңкесімен жүргендер болуға керек.

Ондағы мақсұды ертедегі ішкен жегенді қуып, халық басын көтеріп кетер 

деген әдіс.

Елдегілер Астрхан иаки Ордаға барып қайтқан кісіден «Шорайақтың атылуы рас па?» деп сұрайды.

Шорайақ қасындағы дөрт жолдасымен алдеқашан атылды десең «ай, сол рас болса екен, ид құрғырдың үйіне хат келіп жатыр ғой һәм Астрханнан келген кейбіреулер «Астрханда көкеңді көрдім, біреулер малдан бас болды деп жүр ғой» деп көңіл татпаған кісі сиақты езу тартады. Сөзімнің соңында қайта-қайта айтамын, Шөкең тірі деп жалған хат иаки өтірік хабар таратушы

«Өлген атанның басымен тірі атанды қорқыту» ниетімен айтады.

Х.Қадралиеф

 

 

Сайузниктер қалай қожалық етеді

Архангелскіден қашқан жұмыскерлер былайша хабар етеді:

Суыққа үйренбеген сайузник ғаскерлері арасында түрлі жұқпалы аурулар өте көбейді.

Олардың жазға шейін тұрған уақытта да оларда тірі кісі шамалы қалар. Ол жақтағы Англиа, Америка ғаскерлерінің саны 30 мыңнан артпайды. Бұлаң қысырып, франсуздардан құрылған атрәдтардың барлық саны 10-15 мыңнан артпайды. Соңғы күндері Италиа ғаскері, Франсианың қара ғаскері де көріне бастады:

Сайузник ғаскерлерінен басқа, афитсерлерден һәм жергілікті байлардан құрылған ақ гвардиа атрәдта: дайар болған менд...аулар да соғыс күні шамалы һәм сайузниктердің өздері де оларды көп іске таныстырмайды. Сайузниктер жергілікті абласной хүкуметке көп ілтифат етпейді,  онымен  санаспайды. Бізің Сибириада сайузниктер өз білдіктерімен іс етеді. Тілеген жерін соғысып алады, тілегенінше хүкім жүртеді. Біз халықты қорғау,сақтау үшін келдік деп қақсап тұрса да, олары құр мағынасыз сөз.

Сайузниктерге бегіректе қиындық келтірген нәрсе, биыл қыстың жылдағыға қарағанда ерте келіп, суықтың өте мықты болуы. Архангел порты һәм ақ деңіз бүтіндей мұз болып қатып қалды. Олар жалғыз-ақ Мурман арқылы хабарласып тұрады. Архангелдің өзінде һәм сайузник қолында тұрған жерлердің бәрінде де кісі өлтірісі хүкім сүреді: кез келгенді ұстайды, жабады һәм Архангелдің өзінде он шамалы адамның өлтірмей қалған күні өте сирек болады.

 

 

Берлинде құралды күрес На-оуин, 9 ыншы йануар

Берлинде Брандинбургский қақпаларын, үлкен вакзалдарды, бағзы бір казармаларды һәм политсиа үйлерін алу туралы түннің ортасына шейін мағынасыз, нәтижесіз соғыс болды.

Өзгеріс тасталғаннан бері, Берлин халқының тұрмысында мұндай уақиғалар сирек ұшыраған болар.

Көшедегі соғыстар бек күшті еді. 

Өлген кісілердің саны бек көп.

Темір жол һәм трамвай жолдары халы ретке салынған жоқ.

Студенттер, күштерін ...ерт, Шейдеман хүкүметіне қосып, соларға көмектесті.

Шейдеман хүкүметі халыққа спартактарды қысу-езуге өтініп қағаз таратды.

 

Берлинде халық соғысы Карнарвун, 10 ыншы йануар

Берлин хабарына қарағанда салдаттардың атриаты хүкүмет жағына шығыпты.

Көшедегі атыс әуелгі күнге қарағанда күштірек болыпты. Хазыр вакзал хүкүмет қолында. Пойыздың жүруі тәртіпке салынып жатыр. Су тұрбалары алынғандықтан Берлиннің бір бөлек халқы сусыз қалды.

 

 

Халық соғысының бірінші күні Гинегсбергі, 7 інші йануар

Берлинде болған халық соғысының бірінші күнінің анық хабары алынды.

Вилгелм плошадында һәм қаланың басқа бөлектерінде спартактар мен хүкүмет ғаскерінің арасында шарпысулар болды.

Кешке таман спартактар казармаларды хүкүмет ғаскерлерінен тазартты.

Бейтараптардың үйлерінің алдына хүкүмет ғаскерлері келіп, олардың үйлерін босатуларын талап етті.

Ғаскерлер іштеңе бітіре алмай кері кетті.

«Форубертс» газетасы бүгін шыққан жоқ.

«Қызыл ту» газетасы салдат һәм жұмысшыларды жеңгенше соғысуға шақырады. Сотсиалистер жұмысшылар арасына таратқан қағаздарында, оларды жүмһүриатты сақтаушы көңілділер партиасы түзу үшін рейхстагқа шақырады.

 

 

Хүкүмет үйін қамау Карнарвун, 11 інші йануар

Берлинде хүкүмет ғаскерлері хүкүмет үйлерін қамап алды. Соғыс тоқталған жоқ. Өлген, жараланғандар көп. Хүкүмет ғаскерлері спартактарға қарсы пулеметтер атты.

Сағат 11-де спартактар пулемет отын жаудырды. Соғыстар тоқтаусыз болып тұр.

 

Телеграмдар

20 мың бас көтеруші кристиандар

20 мыңнан артығырақ құралданған кристиандар Воронжски фронтындағы 

бізің қызыл ғаскерлерімізге келіп қосылды.

Саветті қорғаушылықта

Бұзаулық үйезінің соғыс астында тұрған дөрт волысының халқы өздері тілеп, 19 жастан 20 жасқа шейін мобализатсиа ығлан етті. Сонымен савет хүкүметіне жәрдем етпек.

 

Уфа маңайында

Уфа районында бізің ғаскерлеріміз Ураков, Тимаков, Степанов ауылдарын алды.

Соңғы соғыстарда бізің қолымызға 7 мың тұтқын, бір зеңбірік, екі жүз винтовка, 10 оқшашар, 11500 снариат, 50 мың патрон, 9 паравоз һәм басқа да көп нәрселер олжа түсті.

 

 

Полйак жандармаларының жауыздығы

Варшава қасында тұрған Русиа красни кресінің өкілдері 20- декабрде ұсталды. Оларды ұстаушы полактардың өзін сотсиалист деп атаушы Белсудски хүкүметі. Өкілдердің бастығы Веселовски еді. Варшав жұмысшыларының күштеуімен бұл өкілдер жандармалардың қарауында Гудненскі губернианың шегіндегі бір вокзалға әкелінді. Мени деген ауыл жанынды өкілдер тағы да тоқтатылған. Оларды орманға апарып нәрселерін һәм ақшаларын алған соң қасындағы канвой оларды жалғыздап атып өлтірген.

Өлтіргендер: Веселовски, дәрігер Лудовик, Глутсман, Мариа Алтер һәм Айуазова.

Бұған қарсы савет хүкүметі Русиада тұрушы бұрынғы уақытша полак саветінің члендерін залок орнында ұстап жабуға бұйрық шығарды . Һәммәде істің шұғыл тексеріліп, айыпты адамдарға тиісті жаза берілуін полак хүкүметінен қатты талап етті.

------------------------------------------

 

Инструктрлық курсы керек

Қазақ халқының халы, жайы, тұрмысымен хабардар-таныс болған кісілерге мағлұм: бізде оқсамды, жетік, жан-жағынан да сайлы, іске асымды азамат жігіттеріміздің аздығы. Сонымен қайбір басталған істердің, ойланған мақсұд-фікірлердің негізіне жете алмай орта жолда, немесе тіпті болмай қалатындықтары бар. Бұл жайдың көп айтып тұратыны жоқ. Мысалы: Өткен жаздағы һәм оның ар жағындағы өткен күндерде де камитеттерімізге сайланған кісілеріміздің түк нәрсе де етуге алмай, тек жер-жерде құр орын алып, кеңсе түздіріп, қорқып жүргендіктері һәм соныңменен байғұс халықтың мұқтаждықпен айтқан сөздері кеңселердің босағасынан аспай, жылжымай қалулары, һәм тағы-тағы сондайлар көп оқа етпек керек!

«Мың қайғы бір борышты өтемес» дегендей, мойнымызға байағы айтып- айтып келгенде надандығымыз айыпты ғой. Енді бұған қайтсе де бір амал керек. Менің ойымша, ол амал мынау ма деп, ардақты басшы азаматтардың 

алдына ұсынамын.

Осы күнде азда болса (пәлендей ысылған азамат болмағанмен де) саңлауы барларымыз бар. Соларды осы заманға муафық, шұғыл айаққа бастырып мұқтаж болып тұрған орындарымызға тығын болғызып, бәріне бір тегіс рухта тәрбиелі өнеге беріп қызметке жегу үшін, тез заман «инструктрлық курсы» ашу һәм оқыту керек. Әйтпесе бізде қандай жақсы ой-фікір, план болғанмен де жеткілікті, оны орнына келтіретін ысылған азаматтарымыз жоқ себепті ісіміз алға баспайды. Һәм байағы таз телпектен құтыла алмаймыз деп сөзімді айақтаймын.

Жасасын халықтың өнері!!! Жасасын өнер, білім!!!

 

 

---------------------------------------------------

 

«Асан қайғы»

 

 

17-18-інші декабрлерде татар йашылары тарафындан «Нашар махарф жамағеты» файдесіне қойылған спектаклдің хисабы:

Приход (кіріс – М.Ж.):

Билетлер сатудан 1428 сом, праграммалар сатудан 120 Буфеттен 1040

Жамиғи (жалпы - М.Ж.) приход: 2588 сом. Расход!

Буфет расходтары һәм түрлі әрі уақ расходтар жамиғысы: 724 сом 10 тиын.

«Нашар махарф жамағетыне» саф файда қалды: 1865 сом 90 тиын,

Спектаклдің болуына түрлі жахтдан йардемлері тиген ибдешлерға һәм буфеттің астарын пісіріп оқсатып көрсеткен йардемлеры үшін тоташлармызға

«нашар махарф жамағеты» есімінден самем қалыбтан тәшкурмызны білдіреміз.

Правлениа

 

Мағмур...

Байға

(Зилейлук күйіне)

Ник иесің башны, не ойлайсың? Телле дүниаларың тар сенің?

Ианасың да, сарғайып кебесің, Нендей хұфиаларың бар сенің? Өткен ғұмыр, озған дәуіріңде, Капиталдың қызу хатасын,

О иарлыларды талап, зар иғлетіп, Соның күнаһларын тартасың?

Зақаршы алдыңда йарлы йасып тұра, Сөйлеп өткен аур халлерін.

Шуларны да көріп тәубе итмешек, Жәһәннамде қайнар тәнлерің.

Тыныш болмас сиңа қабрде де, 

Азабланур шубік башларың. Шығар көңіліңден шол капиталны! Қан болмасын ашаған ашларың.

 

Хабибуллаһ Фатхи

 

Бастырушы: Ішкі ордалық кіндік камитет

 

Шығарушы Милутин