Қазақстан газеті №7 - 21.02.1912

Уральского местного управления российского общества Красного Креста.

Местным Управлением Общества Красного Креста заготовлены книжки для продажи лицам, желающим оказывать милостину нуждающимся путем получения бесплатных обедов в Николаевской чайной столовой.

Стоимость книжек:

В 50 билетов – обед из II-х блюд 3р, в 50 билетов обед из щей с хлебом 2 руб. 50коп., в 50 билетов порция из каши с маслом 1 руб. 50 коп., в 50 билетов порция черного хлеба 1р. 50к., в 50 билетов порция чая с сахаром и кипятком 1 руб. 50 коп.

ВОЗЗВАНИЕ

Свыше двадцати губерний и областей Империи постиг неурожай. Несмотря на принятые Правительством широкие меры по оказанию помощи бедствующему населению, для частной благотворительности остается еще обширное поле деятельности.

Российское Общество Красного Креста, в бедствиях народных всегда приходившее на помощь, поспешило и ныне, с соизволения АВГУСТЕЙШЕЙ Покровительницы Общества ГОСУДАРЫНИ ИМПЕРАТРИЦЫ МАРИИ ФЕДОРОВНЫ, в мере сил и имеющихся средств поддержать пострадавших.

Киргизский народный суд в связи с правовым положением иногородцев степного края. (Продолжение) (Соч. Барона Б.Н. Дельвига).

Правильная борьба с этими шайками невозможна по отсутствию в степи надлежащего организованного суда и русской полиции, а также благодаря систематическому укрывательству конокрадов киргизскими волостными управителями, извлекающими от этого для себя огромную непосредственную материальную выгоду и в тоже время гарантирующими такими путем целость своих многочисленных стад.

Сибириа

«Сибириа» есімлі Томскіде мұсылман газиті жақын жерде шығажақ.

Махруры – Уағыз әфәнді Наурузов.

Газитаның йыллық баһасы беш сом.

 

 

Швейные  машины

компании  Зингер

ПРОДАЮТСЯ

исключительно в собственных магазинах компании

 

Рассрочка платежа от 1 руб.                    Ручные машины от 25 руб.

Остерегайтесь подделок.                   Магазины во всех городах империи.

Байтоқ ақынның Жәңгір хан өлгенде айтқан бір-екі ауыз сөзі

Болып өткен хан Жәһәнгир,

Йалғызды көбке теңгерген.

Жарлы менен байды тең көрген

Жетімлерге жем берген,

Жесір үшін жер бөлген,

Тентек үшін тебіренген,

Тебіренгенде тентек жерге енген,

Астана жұртын меңгерген,

Байтақға падшаһ хан болған,

Қараңғы үйге шам болған,

Дүниеде қалған ісі таң болған,

Байтағы бақсыз ел болар,

Басына тарлық түскенсін

Көзінің жасы көл болар.

Аңдаб тұрған дұшпанға

Астана жұрты жем болар.

Алла үшін салған ақ мешіт

Шарбақ менен тең болар.

Харшауник керек

Шолақ Аңқатыда халық жиналыб, бір талай ел болыб тұр. Ішінде тарғоуой дом Өтеш һәм Жаһанша Досмұхамедовларның бір лафқасы бар. Һәм Оралскідегі Ғазімжан Ахметжановның бір лафқасы, 3-нші Фатихаддин Кашафалдиевнің бір лафқасы бар. 4-нші Жұмағазы Құлметновның бір лафқасы бар. Бұ Шолақда үш жылдан бері жаз күндерінде лауышниклернің саудалары бек жақсы болыб тұр. Аның үшін жаз күндерінде Шолақға татар үшін алыб келген жүк пішенлернің хисабы 60-70-80 арба пішен түседі күніне, аз болса 30-40 жүк түседі.

Айдынғалидың Хажығали ахунд арқылы анасына жазған хаты

Афсал аш-шбаб хабиб макрам ыстарши ахун Хажығали бин Ғайсин әфендім зат Ғалие негізі Зиаде ыхласу дұға айлан салам мүсәфір махбусте жатқан Айдынғалидан. Хұдай үшін анамызның жанаб сағадатларына бізің хал-жайымызны хатымызны оқыб, аңартмақлықныңызны шоқржа айтыб қалдым. Өткен жеді йұлдызының бас шамасында мемлекетге жүрерге жатқанда бір үйде шәй ішіб отыр едік, күн түс шамасы еді, біразырақ мұнар еді, көб адам келіб қалды дегенсін жүгіріб шықдым. Үй сыртынан махбур келгенден сүре атыс болды. Шүкір, ол уақыт жарахатым жоқ еді, бір тонаушы ма деб зын қылдым.

СҮР ҺӘМ МЫСЫҚ

Күбіде жатыб қазы, жаз шықған сүр,

Жоғары шаңырақда асулы тұр.

Бір аш мысық аузынан суы ағыб

Жегісі келіб оны телміріб жүр.

Тісдері шықылдайды байғұс мысық,

Ах, тәтділимсін дейді

                                азық есіне түсіб

Миаулаб әрлі-берлі ырғыб көрді

Қанат жоқ жеб келуге жоғары ұшыб.

Әрлі-берлі ырғыб жету нәсіб болмай,

Мысық айтды:

        Қой! Ол сасық болар, ойбай.

Қазір ауру боларсың оны жесең,

Жегенше оны, өлейін асқа тоймай.

Ишанғали Бисенұғлы Байшыраков

Ұмтыл

Қазағым, жиһад етіб ұмтыл алға,

Бұрынғы күн екен деб жатыб қалма.

Басқа ел өнер-ғылым білген шақда

Қалыб тұр бізің қазақ жүріб халға.

Бұл заман - өнер-ғылым заманасы,

Жалқаулық, надандықды

                                ойыңа алма.

Жүргізген жансыз затды

                                өнер-ғылым,

Қаламыз оны көріб бізлер таңға.

Керемет һеш бір түрлі жоқ хасиет,

Шығарған бұл нәрсені адамдарда.

Керемет хасиеті сол жерінде,

Үйреніб һәр бір фәнді кеткен алға.

Ұйықтаб, жалқауланыб біз сықылды

Страницы