Қазақстан газеті №11 - 24.04.1912

Опытный учитель (с долголетней практикой)

Репетирует и готовит детей в первый, приготовительный классы Реального училища, гимназии, во все классы городского училища, на звания учителя, учительницы начальных училищ и уездного муллы.

Адрес: Сызранская улица, дом Трофимова.

 

Воззвание

Свыше двадцати губерний и областей Империи постиг неурожай. Несмотря на принятые Правительством широкие меры по оказанию помощи бедствующему населению, для частной благотворительности остается еще обширное поле деятельности.

Киргизский народный суд в связи с правовым положением инородцев степного края (продолжение) (Соч. Барона Б.Н. Дельвига)

Притом же само понятие преступления по русским законам совершенно не совпадает с понятиями такового по обычному праву киргиз. «Поэтому, – говорит в своей книге уже цитируемый мною Крафт, – народные судьи при назначении тюремного наказания блуждают в потемках.

Түрлі хабарлар

Ағана

Семи реченски облысынан Сейітбаттал қажы Маманов, Хұдайберген Тұрысбеков, Ишанғұл қажы Маманов, Ғайдмахмуд Тұрысбековтердің «Қазақстан» казитасының файдасын берген жәрдемі мағлұм Ғабдул-Ғазиз Мусин арқылы жетісді. Бұларға милет адамдары Алла риза болсын айтады.

Басқарушы

 

Жаңа газет

Аналлаһ уа әна-алиа раджғұн

Сикизінші сәуір (йакшанба күн) қазақ халқының мәшһүр ишаны Құрбанғали хазрет 88 йашында дүниадан өтіп, дүйшенбі күн өзінің мешіді қасына дафан еділді. Марқұм ахлақлы қазақ ишанларының ең ғалым уа ең тақуы уа ығтибарлысы еді. Алланың рахметінде болсын! Дін уа дүниасына тегіз қарар заманаша оқу уа оқытудан тартынмаз екен. Өзі Істерлі тамақда ғылым тақлил етіб, бірнеше иыл шунда мағлұм болыб тұрған еді. Балаларның аталары дәрежесіне уарс болып қала алмаулары шайат тасыфдыр.

Ишай БЕКБАУОВ

++++

Офат

     Орал облысында қазақ кердері ғалым Фазыл Ишан Құрбанғали бин Бажин бұ жыл 8-нші сәуір күн күндізгі сағат 3-де дар бақиға көшті. 9-нші сәуір сағат 11-де данән етілді. Марқұм 90 жасында еді. 19-нші ғасыырдың бас жағында Уфа ғубернасы Істерлі бас қариесінде мәшһүр Харас хазретлерден тағылым алған. Ғалым ғұрыбға бегірек ед ғылым ахлақ, ғылым фиқһаға маһүр өткен еді. Істерлі бас Фазыл Зинолла ишандан мәзун еді. Отыз жасларында жұртына қайтыб ғылым заһирді үйретді. Сол уақыттан бері алпыс жыл қазақ баласына ғылым керек екенін білгізді.

Жаз:

Жаз келді дүниаға нұрын шашыб,

Гүрілдеп һәр бір сайда сулар тасыб.

Жанданыб құрт-құмырсқа,

                                маса-шыбын,

Алланың әмірімен көзін ашыб.

Көлдерге көзің салсаң ерте тұрыб,

Отырар үйрек-қаздар сыңқылдасыб.

Бәйшешек, һәр бір гүлдер

                                басын жарыб,

Құбылыб жердің жүзін кетді басыб.

Қарасаң осыларға көз жіберіб,

Көңілің көтерілер жоғары асыб.

Осы күн бір Алладан кеңдік болды-ай,

Шаддықдан һәр бір жанның

Қазақ халқына

Ау, Алаш, бәріміз де қазақ халқы,

Хайуаннан надандықдың

                                бар ма фарқы?

Біз қашан бұ қорлықтан

                                құтылармыз,

Біз де жоқ шаруалық да, о да жарты.

Надандық бізге жаным

                                бермес файда

Білімді озыб кетті әлде қайда.

Тұрайық біз де,

                    ұйықтаб көб жатбайық,

Ғылымсыз жол табылмас

                                терең сайда.

Аданас алды артқа көз салайық,

Қолдан дәулет кетпес

Бөкейлікде Ноуый Казанқада оқушылар

Бөкейлікде Ноуый Казанқа (Жаңақалада) оқу бүгінде бек қызуланды. Өткен 1910-нші иыл қазақ байларындан халфе Нығметолла Ибраһимов есімді бір кіші екі қабат медресе салдырыб, үш мұғалем сайлаб, асыл жәдидеменен оқытыб еді. Бұ жыл дағда сол медресе Ибраһимиде екі ноғай, бір қазақ үш мұғалем сайланыб, асыл жәдидеменен оқытыб тұр. Бұ мұғалемлернің һар қайсыда оқымысды, халықға файдалы адамлар. Хасуса бұ мұғалемлерінің райсы қазақ Ғұбайдолла Ахмедов халфе һар түрлі фәнлерден хабардар бек ғалым кісі. Ноғайлардың біреуі Ғабдраһим Ғабдатов халфе Қазанда медресе Мұхаммадиада оқыған.

Ленада болған оқиға

Бұрын озған замандарда һәр кім өзіне керек нәрсені өзі жасаб, йәки шеберге жасатыб алатын еді. Бұ күндегідей сату үшін күні бұрын жасатыб қоймайтын еді. Сол себебді жалданыб істейтін хызметші жөнді жоқ еді. Бұ күнде үлкен байлар жүн, тері уа ғайри нәрселерді сатыб алыб, фабрикаларда, зауытдарда киім уа басқа керек затдарды сату үшін күн бұрын жасатыб қойады. Бұл іске байлардың өздері қол тигізбейді. Бәрін хызметшілер жасайды. Сондықтан бұ күнде хызметшілер көб. Бір-бір зауытда, фабрикада 40-50 мың кісі хызмет етеді. Бұ күнде халық екіге бөлінді: бір жағы байлар, екінші жағы хызметшілер.

Олай емес

      Дұрыс, «машақат болмай рахат болмайды» деген қазақдың да мақалы бар, «Мен жәд уа жәд» деген ғарабдың да мақалы бар. Бірақ бұл оңай затды қиын етіб, босқа машақаттан деген сөз емес. Ғылым сруетді (политическое экономие) оқыб қарасаңызшы, сонда айтады ғой: «уақыт – ақша, босқа өткізбеңіз, аз уақытның ішінде көб нәрсені хасыл (табу) етуге тырысыңыз» деб. Ғылым деген бір терек, оның бұтағы көб, біз тек бір бұтағын ұстаб аламыз да, басқа бұтағын керексіз көреміз. Сол біз керексіз деген бұтақдың бәрі жемісді болыб шығыб, бұ күнде бүтін халық қарық болыб жатыр, біз махрұм қалыб тұрмыз.

Страницы