Алғы сөз

Алғысөз

Қадірлі ағайын! Қолдарыңыздағы кітап 1911-1913 жылдар аралығында әуелі Бөкей ордасында, кейіннен Орал қаласында шығып тұрған қазақтың тұңғыш басылымдарының бірі – «Қазақстан» газеті туралы.

«Қазақстан» қалай табылды?

Қазақ баспасөзінің тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. Сол кезеңдегі басылымдар қатарында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері де бар. «Орал өңірі» 1918 жылы 17 қарашада «Хабар» (Известия), 1919 жылы 1 қаңтардан «Қазақ дұрыстығы», 26 ақпаннан 10 шілдеге дейін «Дұрыстық жолы», кейін «Сахара таңы», 1920-1932 жылдары «Қызыл ту», 1932-1957 жылдары «Екпінді құрылыс», 1957-1963 жылдары «Октябрь туы», 1963 жылдан бүгінге дейін қазіргі атауымен шығып келеді.

Ғасырларға сөнбейтін жалынды сөз

...Тоқсаныншы жылдардың басында, журналистика факультетінің қабырғасында жүргенде ұстазымыз Қырықбай Алдаберген «Сен «оралдықпын» дейсің, 1911 жылы Орал қаласында «Қазақстан» атты газет шыққанын, оның редакторы Елеусін Бұйрин деген қазақ болғанын білесің бе?» деп сұрайтын.

1911-1913 жылдары шыққан «Қазақстан» газеті

Бұл бөлімде еліміздегі баспасөздің ізашары, ұлт зиялыларының ұйымдастыруымен 1911-1913 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақстан» газетінің Санкт-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы және Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханаларынан алып, жинақталған 16 нөмірінің түпнұсқасының көшірмесі.