Қазақстан

Қолдарыңыздағы жинақ ұлтымыздың тұңғыш басылымдарының бірі, 1911-1913 жылдары Астрахан және Орал қалаларынан шығып тұрған «Қазақстан» атты газетке арналған. Кітапта газеттің Ресей мұрағаттарында сақталған 16 нөмірінің түпнұсқасы және қазіргі әліпбиге көшірілген толық нұсқасы тұңғыш рет сол күйінде беріліп отыр. Сонымен қатар «Қазақстан» газетін шығарушы азаматтар туралы мәліметтер, «Қазақстан» газетінің шығарушылары туралы зерттеген Хайыржан Бекхожин, Мұстафа Ысмағұлов, Исатай Кенжәлиев, Мақсат Тәжімұрат секілді ғалымдардың еңбектері, басқа да авторлардың газет мақалалары, сондай-ақ дәл осы «Қазақстан» газетінің өз баспаханасынан 1912 жылы Орал қаласында басылып шыққан «Ызың» атты жыр жинағындағы шығармалар топтастырылды. Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Шығарушылар   Нөмірлер     Газет туралы