Қортынды бөлім

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ БАСТАУЫ

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін большевиктер «Баспасөз – адамзаттың ең озық коммунизм идеясын таратушы. Оның күші осында» деген қағиданы бетке ұстады. 1917 жылы 28 қазанда (10 қараша) Әскери-революциялық комитет «Совет өкіметінің Декреттері» атты жарлығының бірінші бабымен «Жұмысшы және шаруа үкіметіне ашық қарсылық көрсетуге немесе бағынбауға шақыратын» елдегі барлық газет-журналдың жұмысы тоқтатты [1, с.379]. Баспасөз туралы Декрет бұрынғы патшалы Ресейдің түкпір-түкпірінде үлкен дүрлігу туғызды.