"КИРГИЗСКАЯ ПРАВДА (ИЗВЕСТИЯ)". "ҚАЗАҚ ДҰРЫСТЫҒЫ" №13

Тонаушылар

1919 жыл 7-інші йануарда кешкі сағат алты шамасында Тарғын қисымының екінші волысының стражесін буып тастап, ақша салатын темір сандығын бұзып, жүз де дөрт мың тоғыз жүз елу жеті (104957) сом черезвичайный налогты тонап кетулі. (Келген пар ат жеккен шаналы дөрт орыс шанасының табаны темір, жеккен аттары тағалы, кетісіменен ізіне түсіп, тонаушыларды жетекке қуып бардық, аудара қарап, ақтара сұрағанда бұл төртеуі: Жидкоф, Буроф, (14 жасар бала) Кожаноф һәм Самсоноф болып шықты.

Қазақтың оқыған жастары, қайдасыңдар?

Осы күні бізің Бөкейлікте, алаштың алғашқы қызыл атты полкі құрылып жатыр. Оған деген қару-құрал, харажат секілді керек-жарақтарының алдын көре де бастадық. Енді Құдай жеткізіп, топырақтан тыс болсақ, көп ұзақтамай- ақ омыраулары даладай, жас-арыстан жігіттеріміздің қызыл туды қолдарына ұстап, селкілдетіп атты ғаскер болғанын да көрерміз.