"КИРГИЗСКАЯ ПРАВДА (ИЗВЕСТИЯ)". "ҚАЗАҚ ДҰРЫСТЫҒЫ" №1

Хабиболла ФАТИХИ

Бәрі де ісчиге

Бітті құт боржойлар да Таң таң атты ісчиле

Фабрик, зауыт, да урматлар Күшті ісчи мүлкіне

Бұ мықты чын лузунғы Алға чыққан күн бүгін Буржуазия халқы үшін Қап-қараңғы түн бүгін.

Бақытты тұрмыш, йұлдызы айле Бізнің дүния нұрлана

Келді өлім боржойларға Енді олар хорлана.

Шадылғамнан ғырт айла Қышқыр әм мин ісчи ге.

«Йашашын!» дим ішчи халық Бүтүн молла ісчи де.

Тек тұруға болмайды

Ескі патшалық заманында қалмақ бейнетқорларының тұрмысы өте қараңғы һәм аяныш еді. Ол жауыз заманда қалмақ халқына һеш бір жарық, шаттық күн тумады. Октябрь өзгерісі болды, бүтін бейнетқорлармен бірге қалмақтар да өздерінің мойындарына мініп отырған жауыздардан, қан ішкіш Николайдың төре һәм жандармаларының тырнағынан құтылды. Бірақ жарық күнді қайта тұман басты, қалмақ даласында талан-тараж, кісі өлтіріс, түрлі жауыздықтар жаңадан басталды. Қалмақ даласында күн сайын дерлік талау, қырылыс, әйелді күштеу, законнан тыс контрибуция салу секілді істер болып тұрды. Бұл