"КИРГИЗСКАЯ ПРАВДА (ИЗВЕСТИЯ)". "ҚАЗАҚ ДҰРЫСТЫҒЫ" 1919

«Қазақ дұрыстығы» газетасы 12-йануар, 1919 жыл № 6.

Жарнама

12-13-інші йануарда, Орман школында

«Бірінші қазақ полкі» хұрметіне қазақ тілінде спектакл қойылашақ. Соңында музыка һәм әдебиет бөлімі де болажақ. Ойналады: «Тамырлар» пиесасы Ишанғали Меңдіханов асри (?!) билет, У. Мусағалиев һәм Г.Мурзалиевдерде сатылады. (Исполком һәм жер бөлімінде)

Ойыннан  түскен  бүтін  кірім,  қазақ  жастарының  халық  ағарту  ұйымы

«Жігер»ге берілешек. Билеттің саны шекті.

------------------------------------------------------

Қызметке уақыт

№5. «Қазақ дұрыстығы » газетасы. 1919жыл ғинуар 7

Қадірлі қонақ

Ескі патшалық хүкметі заманында қараңғылықта қалған халықты ағарту жолында мұғалімдер көп тырысты. Бірақ олардың қарсысына таудай бөгеттер қойылды. Халықтан йә хүкуметтен оларға тиісті жәрдем болмады. Сондықтан мұғалімдер халықты ағарту жолындағы ізгі тілектеріне, ізгі мақсаттарына жете алмады.

№4 «Қазақ дұрыстығы » газетасы 1919 жыл ғинуар 7

Жарнама

Красный армияларға жіберілген хаттардың адресінде армияның тұрған орнын көрсетіп жазбасқа тиіс. Осыныңмен жариялаймыз, красный армияның жатқан орнын көрсетіп жазған хаттар жіберілмейді.  Адресті  былай  жазу тиіс, мысалы: Сурмовский заводтың красный армиясы Жұмағали Құлбайұлы Дүйсенбаевқа.

Тағы бір мысал: Екінші Могиловский кавалерический полктың Красный армиясы Абдулрахман Фахреддинұғлы Зайнуллинға.

Хан ордасындағы пошта һәм телеграмм канторын басқарушы

№3 1919 інші жыл 5-йанвар

Бүтін дүния жарлылары бірігіңіз:

Жолдастар! Қазақ даласындағы россиский камунистический болшевик партияның районный комитеті 7-нші иануарда сағат бірде Ордадағы исполнителный камитет бинасының есік алдында сайлау ...үлкен жұмыскерлер жиылысы болады. Шешендер русия, қазақша һәм татарша сөз сөйлейді.

Партия камитетінің бастығы: Арсений Крачев

3-нші иануар 19-ншы жыл

 

№2 2 январь 1919 жыл

Русие каммунист (балшевик)лар партиесінің ... мұсылман ұйышмаларына (ұйымдарына – М.Ж.)

Мұсылман каммунистлары бірінші сиездің барша ағзаларынан (бешден бір) ұлушын (үлесін – М.Ж.) мобилизоват етіп фронтқа жіберу хақындағы қарарын ужудке (ужуд-бар мағынасы) шығару үшін пірказ берді. Ха...ге партие ағзаларының (ондан бір) ұлушын мобилизуват етерге қарар берді.

Шоңайға, Русие каммунист (балшевик)лар партиесінің мұсылман ұйышмалары һиш кешіктірмей, өз ағзаларының ондан бір ұлушын марказ ... жіберуге тиістілер.

№1 1919 жыл, ғинуардың 1-і

«Қазақ дұрыстығы» газетасына 1919-ншы жылға жазылушылар қабыл етіледі.

Жазылу хақы:

1 айға 8 сом, 3 айға 24 сом, 6 айға 45 сом.

Газетке жарты жылға (1919 жылдың бірінші июліне дейін) ғана жазылады, жарты жылдан артыққа жазылуға болмайды.

Жазылушылар Александр Неуский орамасындағы газеттің канторында қабыл етіледі. Кантор бүтін газетке жазылушыларға жариялайды, «Қазақ дұрыстығы» газеті тек ақшасын түгел жіберген кісіге ғана жіберіліп тұрады.

Страницы