"КИРГИЗСКАЯ ПРАВДА (ИЗВЕСТИЯ)". "ҚАЗАҚ ДҰРЫСТЫҒЫ" 1919

№20 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл фебраль 2

Міндетті қаулы

  1. 1919 жыл 27 йануардан бастап Ордада һәм оның айналасында (хсрс) часни кісілер (жеке адамдар – М.Ж.) малын һәм уақ хайуандарды сатып алуға тиым жасалады һәм сатуға да болмайды.

Ескерту: жоғарыда айтылған часни кісілерде сатып алуға мүмкін, егер өзінің мұқтаждығын айтып, жер бөлімінен қағаз алса.

  1. Бұл қаулыны тыңдамай бұзушыларға 2 мың сом штраф салынады. Сатып алған малы ақшасыз қазынаға түседі.

Орда қаласының камитет бастығы Вигдорчик

 

«Қазақ дұрыстығы» газетасы Ғинуар 30 №18

Астрхандағы губернский исполкомындағы ішкі істер бөлімінің мендетті қаулысы

Егінмен кәсіп ететін қазақ халқы көптен берлі егінге һәм пішенге зарар беретін саршұнақтармен күреседі, аулайды-өлтіреді.

Соныңмен бірге, халыққа жоғарыда айтылған дұшпандарын бітіруге жәрдемдескен күзен де жылда ең көп ауланады.

Соның үшін, қазақ даласында күзен аулауға осыныңмен қатты тиым саламыз.

«Қазақ дұрыстығы» газетасы Ғинуар 29 №17

Астрхандағы губернский исполкомындағы ішкі істер бөлімінің міндетті қаулысы

Егінмен кәсіп ететін қазақ халқы көптен берлі егінге һәм пішенге зарар беретін саршұнақтармен күреседі, аулайды-өлтіреді.

Соныңмен бірге, халыққа жоғарыда айтылған дұшпандарын бітіруге жәрдемдескен күзен де жылда да ең көп ауланады.

Соның үшін, қазақ даласында күзен аулауға осыныңмен қатты тиым саламыз.

«Қазақ дұрыстығы» газетасы Ғинуар 28 №16

Орда қаласындағыларға һәм Астрхан крайындағы бүтін қазақ даласындағыларға

Қазақ даласының чрезвичайний камиссиясы осыныңмен, Орда һәм бүтін қазақ даласындағы халықтарға, қолдарындағы от құралдарын (найза, қылыш, қынжал секілді) Ордадағылар 3 күннен қалдырмай черезвичайний камиссиаға, даладағылар өздерінің қисым саветтеріне жарияланған күннен бастап 7 күннің ішінде волусной саветтерге тапсырулары керек. Волусной саветтер бүтін жинаған құралдарын черезвичайний камиссияға тапсырады. Осы бұйрықты орындамағандар, законның ең ауыр баптарымен жазаланады

«Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл ғинуар 22 №13

Қазақтың оқыған жастары, қайдасыңдар?

Осы күні бізің Бөкейлікте, алаштың алғашқы қызыл атты полкі құрылып жатыр. Оған деген қару-құрал, харажат секілді керек-жарақтарының алдын 

көре де бастадық. Енді Құдай жеткізіп, топырақтан тыс болсақ, көп ұзақтамай- ақ омыраулары даладай, жас-арыстан жігіттеріміздің қызыл туды қолдарына ұстап, селкілдетіп атты ғаскер болғанын да көрерміз.

№11 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл ғинуар 19

Қорқынышты сандар

Империалистер соғысы хазірге айақталды. Соғыс хазірге тоқтады: Бірақ жауыздар бүгін бәлки ертең бір- біріне қарсы тағы да соғылуға тұр, қандар сасуы тағы да сасығалы тұр.

Осы соғыста төгілген қан да азшылық ететін емес. Соғыс басталған соң 1918-інші жылдың бірінші иануарына шейін о соғыста өлген адамның саны 7 миллионнан кем емес. Бұл сан өткен бір жүз жылдың ішіндегі соғыстарда өлген адамдардың санынан екі есе артық.

«Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919 жыл, ғинуар 17 №10

Германиа уақиғалары

Берлин көшелерінде бостандық жолындағы күрес өте күшейді. Бір жақтан таба...з сотсиалистер Шейдеман жарлылар Һәжүм етеді. Хүкүмет һәм саветтердің кіндік камитеті олар қолынде олар политсиа, жандарма һәм ақ гвардиаларға арқа сүйейді. Екінші жақтан каммунистер – спартактар һәжүм етеді. Берлин завод, фабриктеріндегі жұмысшылардың көбі боларжақты.

Хүкүмет ағзалығынан табансыз сотсиалистердің қанаты каммунистер жағына ауысып, бейімделіп келеді. Бұлардың бір қатары (кенш) ғұрпын қоластында қолдарына мылтық алып каммунистерді жақтапды.

№9 «Қазақ дұрыстығы» газетасы 1919жыл ғинуар 10

Обласной исполнителни камитеттің қаулысы

Обласной исполнителни камитет өзінің терме жиылысында (пленарни заседаниасында) мынадай қаулы шығарды:

Хазіргі болып тұрған савет хүкуметінің бұйрық һәм закондары басылып тұрғандықтан савет хүкуметінің һәр бір служащийі һәм мағбулары «Қазақ дұрыстығы»на жазылуға міндетті. Осы қаулының жеріне келтірілуі мехкемелердің бастықтарына міндет.

----------------------------------------------

Обласной исполком

Екі рет соққы жеу

Страницы